Одағай сөзінің орысша баламасы қалай

Жастар – біздің болашағымыз

Бұл сабақ жоспары жастардың қоғамдағы орны мен болашағы туралы ой қозғап, сонымен бірге грамматикалық тақырып ретінде қаратпа сөздерді меңгертуге бағытталған.

Грамматикалық тақырып

Қаратпа сөздер және олардың тыныс белгілері.

Сабақтың ұраны

«Не ексең, соны орасың».

Ұйымдастыру

Топқа бөлу: 2 түсті қағаз арқылы.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Оқшау сөздер және олардың түрлерін қайталау, қаратпа сөздердің ерекшелігін таныстыру.
  • Қаратпа сөздерге үтірдің қойылу ережелерін меңгерту.
  • Тыныс белгілерін дұрыс қою арқылы сауатты жазуға үйрету.

Тәрбиелік

  • Жұппен және топпен жұмыс істеу арқылы бірін-бірі тыңдауға дағдыландыру.
  • Өзгенің пікірімен санаса білуге, сөйлеу мәдениетін сақтауға баулу.

Дамытушылық

  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Өз ойын дәлелдеп айту дағдысын жетілдіру.
  • Грамматикалық сауаттылықты арттыру.

Сабақ барысы

Психологиялық дайындық

Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Үй жұмысын тексеру

Одағай сөздерді қолданып сөйлем құрау.

Өткенге шолу (сұрақтар)

  • Қыстырма сөздің орысша баламасы қандай?
  • Одағай сөзінің орысша баламасы қандай?
  • Одағай сөзінің неше түрі бар?

«Сәйкесін тап» ойыны

Төрт түлікке айтылатын шақыру сөздерін сәйкестендіріңіз:

Қой: «шөре-шөре»

Жылқы: «әукім-әукім»

Түйе: «құрау-құрау»

Ешкі: «көс-көс»

Сиыр: «пұшайт-пұшайт»

Жаңа сабаққа кіріспе

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар!

Қаратпа сөздер және тыныс белгілері

Нені білеміз?

Қаратпа сөз сөйлемдегі тыңдаушының назарын аудару үшін айтылады және көбіне үтір арқылы бөлінеді.

Мысалдар

Балам-ау, күні бойы қайда жүрсің?

Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, үтірмен бөлінген.

Бері жүр, Аян, мына жақта жидек бар.

Қаратпа сөз сөйлем ортасында келіп, екі жағынан үтір қойылған.

Ана кітапты әперші, Айдын.

Қаратпа сөз сөйлем соңында келіп, үтір арқылы ажыратылған.

Лексикалық тақырып: «Мен жастарға сенемін!»

Жаңа тақырып

«Жастар – біздің болашағымыз!» тақырыбы аясында мәтінмен жұмыс жүргізіліп, негізгі ойды анықтау және пікір білдіру тапсырмалары орындалады.

Сөздікпен жұмыс

Тапқыр

находчивый

Білімді

образованный

Жастар

молодежь

Шығармашыл

творческий

Болашақ

будущее

Жаңашыл

новатор

Еңбекқор

трудолюбивый

Үштұғырлы

трехъязычный

Алдына мақсат қоя білуші

целеустремленный

Топтық жұмыс: постер құру

1-тақырып

«Мәңгілік ел» жастары қандай болуы керек?

2-тақырып

Қазіргі жастар қандай?

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен жұмысының сапасына қарай бағалау.

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»: әр оқушы екі ұнаған тұсын және бір ұсынысын айтады.

Автор туралы

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Покровка мектебінің қазақ тілі мұғалімі — Еділбаев Алмас Сәрсенбайұлы.