Ғажайып геометриялық пішіндер әлеміне саяхатқа бару

Автор туралы қысқаша мәлімет

Өңір
Орал қаласы
Мекеме
Тасқала аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
Лауазым
ІІ санатты ерте түзеу педагогы
Педагог
Кушанов Дамир Зайдуллович

Сабақтың тақырыбы

«Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі» — ойын арқылы балалардың пішіндер туралы түсінігін кеңейтіп, ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған ерте түзете-дамыту сабағы.

Мақсаттары

  • Ойын арқылы балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
  • М. Монтессори әдісі бойынша қол мен саусақ моторикасын дамыту; геометриялық пішіндер туралы түсінігін кеңейту.
  • Ұйымшылдыққа, зеректікке, ойын шартын сақтауға тәрбиелеу; көпшіл, шыдамды, сабырлы әрі шапшаң болуға баулу.

Алдын ала жұмыс және тәсілдер

Алдын ала жүргізілетін жұмыс

Математикалық ұғымдар туралы әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Қажетті көрнекіліктер

Перне тақта, үлестірмелі материалдар, дидактикалық ойындар, Сеген тақтасы, М. Монтессори құралдары.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі: «Шаттық шеңбері»

Қане, қане күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйіп не керек,

Ойнап-күліп жүрейік!

Үлкенге де — «Сіз»,

Кішіге де — «Сіз».

Баршаңызға құрметпен бас иеміз біз!

II. «Ғажайып сәт»: геометриялық пішіндер еліне саяхат

Балаларға «геометриялық пішіндер әлеміне» саяхат ұсынылады: бәрі ортаға жиналып, «сиқыр» арқылы жаңа ортаға көшкендей әсер беріледі.

Сиқырлы сөздер:

«Сим-салабим, сим-салабим…»

Балалар «ғажайып пішіндер әлеміне» тап болғандарын байқайды және жайғасады.

III. Қонақ: Үшбұрыш және тапсырма

Үшбұрыш таныстыруы

«Мен — үшбұрышпын. Менің үш бұрышым, үш қабырғам, үш төбем бар».

Ойын

«Бір түсті пішіндерді топтастыр»

Мақсаты: балаларды бір түсті пішіндерді ажыратып, топтастыра білуге үйрету. Балалар ойын шарты бойынша бір түсті пішіндерді жинақтап орналастырады.

IV. Қонақ: Төртбұрыш және шығармашылық жұмыс

Төртбұрыш таныстыруы

«Мен — төртбұрышпын. Менің төрт бұрышым бар».

Тапсырма мазмұны

Қызыл түсті төртбұрыштың тапсырмасы: саусақ жаттығуын және тұзды бояумен жұмыс түрін орындау.

V. Саусақ жаттығуы

  1. 1 Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды).
  2. 2 Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп, кеуде тұсында жоғары-төмен қозғайды).
  3. 3 Қанттай сеуіп дәмдейміз (саусақ ұшымен қант сепкендей қимыл жасайды).
  4. 4 Қаймақ құйып сәндейміз (жұдырықты түйген күйі білекті жоғары-төмен қозғайды).
  5. 5 Міне, дайын нәрлі тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді).
  6. 6 Дәруменге байыдық (алақанымен ішін сипап, тойғанын білдіреді).

VI. Құммен сурет салу: геометриялық пішіндер

Мақсаты: ұсақ моториканы және ойлау қабілетін дамыту. Балалар құм үстіне пішіндерді түсіреді: шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш және олардың элементтерін ажыратады.

VII. Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға қарап — үшбұрыш,

Солға қарап — төртбұрыш,

Ауада сызып алайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Дөңгелекпен жұмыс: сызықтарды біріктіру және «Күн» құрастыру

Қонақ: Дөңгелек

«Мен — дөңгелекпін. Менің бұрышым жоқ».

Тапсырма

Үлгіге мұқият қарап, сызықтарды біріктіру.

Қарындаш және қыстырғышпен жұмыс

  • Таза ақ параққа балалар өз бетімен дөңгелек сызады.
  • Дөңгелектің шеңбер екенін, түсін анықтайды және күнге ұқсайтынын салыстырады.
  • Сары түсті қыстырғыштарды пайдаланып, күннің сәулелерін құрастырады.

Нәтижесінде балалар қыстырғыштар арқылы күн бейнесін жасап, жұмысты қуанышты көңіл күймен аяқтайды.

VIII. Қорытынды: кері байланыс және қоштасу

  • Балалар пішіндермен қоштасып, «сиқыр» арқылы өз тобына қайта оралады.
  • Сұрақтар арқылы бекіту жүргізіледі: қайда саяхаттадық, қандай пішіндермен таныстық, қандай ойындар ойнадық?
  • Балалардан сабақ ұнаған-ұнамағаны сұралады, соңында қонақтармен сыпайы қоштасады.

Қоштасу сөзі:

«Қош сау болыңыздар!»