Оқушыларды марапаттау
Сыныптан тыс шараның мақсат-міндеттері
Білімділік
Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау, негізгі тақырыптарды жүйелі түрде қайталау.
Дамытушылық
Өз ойын ашық айтуға, шапшаң ойлауға, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Тарих пәніне қызығушылықты арттыру, өз тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Сызбалар
- Түрлі тапсырмалар
Түрі
Сайыс.
Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ–жауап
- Сызбаларды толтыру
- Тест тапсырмаларын орындау
Шараның ұйымдастыру кезеңі
Командалар
- 5 «А» «Батырлар» тобы
- 5 «Ә» «Хандар» тобы
Сайыс кезеңдері
- I «Білсең тап!»
- II «Кім жылдам?»
- III «Сөйлеме, бірақ түсіндір!»
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 5-сыныптар арасында өтетін «Алтын қақпа» ойын-сайысына қош келдіңіздер. Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасы тағайындалады. Ендеше, сайысымызды бастайық.
I кезең: «Білсең тап!»
Бұл айналымда оқушыларға суреттер көрсетіліп, «Мына суретте не бейнеленген? Тарихын айтыңыз» деген тапсырма беріледі.
Александрия шамшырағы
ЖауабыАлександрия шамшырағы (Фарос маягы) Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында, Фарос аралының шығыс бөлігінде орналасқан. Ол біздің заманымыздың III ғасырында салынған. Тұтастай мәрмәр тастан қашалып, аса шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі шамамен 150 метр болған — сол дәуірде бұдан биік құрылыс болмаған.
Құрылыстың авторы Книдтен шыққан Сострат деп айтылады. Ол маяктың бір қабырғасына теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнау сөзін ойып жазған. Кейінірек сылақ қабаты түсіп, автордың есімі айқын көрінген деген дерек бар.
120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі бөлігі төрт қырлы, екінші қабаты сегіз қырлы болып жасалып, жел бағытына бейімделген. Үшінші қабатта Посейдон мүсіні мен шырақ орналасып, металл айналардың жүйесі жарықты күшейтіп, теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берген.
Артемида ғибадатханасы
ЖауабыАртемида ғибадатханасы аңшылық құдайы Артемида құрметіне б.з.д. VII–VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Сәулетші Херсифрон оны ионика ордері стилімен тұрғызған. Ғибадатхананың ықпалы соншалық, Грекияның әр өңірінде осы стильге ұқсас құрылыстар салынды.
Алайда б.з.д. 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа құмар Герострат түн ішінде өрт қойып, ғибадатхананы жойған. Аңыз бойынша, дәл сол түні Ескендір Зұлқарнайын дүниеге келген.
25 жылдан кейін Ескендір ғибадатхананы қайта тұрғызуға бұйрық береді. Дейнократ басқарған жаңа құрылыс бұрынғы жобаны сақтағанымен, сәл биіктеу болған: ауданы 110×55 м, бағандары (барлығы 127) 18 м. 263 жылы гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кеткен. 1869 жылы археолог Дж. Т. Вуд қазба жұмыстарында бірқатар қалдықтарды тапқан.
Семирамиданың аспалы бағы
ЖауабыМесопотамияның қос өзен аңғары — Тигр мен Евфрат бойы — талай ғажайыптың куәсі. Сол кереметтердің бірі ретінде Вавилон патшасы Навуходоносор (б.з.д. 605–562) сүйікті жары Шамурматқа (грекше Семирамида) арнап салдырған аспалы бақ аталады.
Аңызға сай, мидиялық ханша жат елдің аптап ыстығына үйренісе алмай, туған өлкесінің көк шалғыны мен хош иісін сағынады. Патша соны жұбату үшін сарай ауласында террасалар жасатып, үстіне құнарлы топырақ төктіріп, сан алуан өсімдік отырғызады. Мыңдаған құл күн сайын суды жоғары айдап, бақты суландырып отырған.
Галикарнас кесенесі
ЖауабыКіші Азиядағы Галикарнас қаласының әкімі, Кария патшасы Мавсол б.з.д. 351 жылы қайтыс болған соң, оның мұрагерлері әйгілі шеберлерді жинап, патшаға арнап кесене тұрғызады. Құрылыста шығыстық көпқырлы пирамида элементтері мен гректің ионикалық стилі үйлестірілген.
Кесене екі қабатты, биіктігі шамамен 40–45 м. Ол тек көлемімен емес, Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді мүсіншілер жасаған туындыларымен де танылған. Мавзолей шамамен 1800 жыл сақталып, XV ғасырда крестшілер оны бұзып, құрылыс материалдарын Бодрумдағы Әулие Петр қамалын салуға пайдаланған. Мавсол мен Артемисияға қатысты көптеген жәдігер бүгін Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдағы археологиялық мұражайда сақтаулы.
Зевс мүсіні
ЖауабыӘлемнің жеті кереметінің бірі — Олимпия қаласының орталығындағы Зевс ғибадатханасында тұрған Зевс мүсіні. Оны әйгілі мүсінші Фидий піл сүйегі мен алтынды ұштастыра отырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 м.
Бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, екінші қолында қасиетті қыран бейнеленген ұзын балдақ болған. Тақтың әшекейлері піл сүйегінен ойылып, алтынмен безендірілген. Піл сүйегін құрғап кетуден сақтау үшін зәйтүн майы құйылған арнайы су алабы жасалған. Кей деректерге қарағанда, мүсін IV ғасыр шамасында Константинопольге көшіріліп, ірі өрт кезінде жойылған.
Мысыр пирамидалары
ЖауабыЖеті кереметтің ең көне әрі бүгінге жеткен жалғыз нұсқасы — Мысыр пирамидалары. Олар Нілдің солтүстік-батыс жағалауындағы «өлілер қаласы» аймағына салынған. Ең көнесі — шамамен 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Оның сәулетшісі — Имхотеп.
Джосер пирамидасы — көп сатылы құрылыс. Идеясы — перғауын билігінің асқақтығын көрсету. Кейін бұл дәстүр Хеопс, Хефрен, Микрен пирамидаларымен жалғасты. Ең ірісі — Хеопс пирамидасы: биіктігі 147 м, әр қыры 232 м. Құрылыста салмағы 2,5–3 тонна болатын 2 300 000 тас блок қолданылғаны айтылады.
Родос алыбы
ЖауабыКүн құдайы Гелиостың алып мүсіні — Родос алыбы — мүсінші Харес жасаған еңселі ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа ерекше табынған: аңызда күн құдайы аралды теңіз түбінен өз қолымен көтерген делінеді.
Биіктігі 35 м мүсін аралға кіреберіс маңына орнатылып, құрылысы 12 жыл жүрген. Негізі балшық пен металлдан, сырты қоладан жасалған. Шамамен 13 тонна қола және 8 тонна темір пайдаланылғаны айтылады. Мүсін б.з.д. 220 жылы күшті жер сілкінісі кезінде қираған. 977 жылы арабтар қирандыларын көпеске сатып жіберген.
II кезең: «Кім жылдам?»
Бұл айналымда сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру талап етіледі. Төменде «Батырлар» тобына арналған сұрақтар мен жауаптар берілген.
І топ: «Батырлар» тобының сұрақтары
-
1) Әйгілі қазақ билері қатысқан заң
Жауабы: «Жеті жарғы»
-
2) Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты?
Жауабы: Б.з.б. II ғасырдың соңы
-
3) Әлемнің екінші ұстазы кім?
Жауабы: Әл‑Фараби
-
4) Қаланың қолөнершілері мен егіншілері тұратын бөлігі қалай аталды?
Жауабы: Рабат
-
5) Қытай тарихының атасы деп кімді атаймыз?
Жауабы: Сыма Цянь
-
6) «Тарих-и Рашиди» кімнің еңбегі?
Жауабы: Мұхаммед Хайдар Дулати
-
7) Халықтардың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым
Жауабы: Этнография
-
8) Абылай «Дарабозым» деп атаған батыр кім?
Жауабы: Қабанбай
-
9) Қола қандай металдардың қосындысынан дайындалды?
Жауабы: Мыс пен қалайы
-
10) Б.з.б. 530 жылғы шайқаста парсы билеушісі Кирді жеңген сақ патшайымы кім?
Жауабы: Томирис
-
11) «Алтын адам» мәдени мұрасы қай тайпаға тиесілі?
Жауабы: Сақтарға
-
12) Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы кім?
Жауабы: Мөде
-
13) Түркістан қаласының ежелгі атауы
Жауабы: Йасы
-
14) Сайрам қаласының бұрынғы атауы
Жауабы: Испиджаб
-
15) Шыңғысханның шын аты
Жауабы: Темүжин
-
16) Отырар моңғол шапқыншылығы кезінде қанша ай қорғанды?
Жауабы: 6 ай
-
17) Қазақ хандығын құрған кімдер?
Жауабы: Керей мен Жәнібек
-
18) «Қазақ» атауы көне түркі тілінен аударғанда қандай мағына береді?
Жауабы: Еркін адамдар
-
19) Батый 1243 жылы Шығыс Еуропаға дейінгі жерде қандай мемлекет құрды?
Жауабы: Алтын Орда
-
20) Алтын Орда ыдырағаннан кейін қанша хандық құрылды?
Жауабы: 7 хандық: Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Өзбек хандығы, Сібір хандығы, Қазан хандығы, Қырым хандығы, Астрахан хандығы.
III кезең: «Сөйлеме, бірақ түсіндір!»
Ереже
Интерактивті тақтада суреттер көрсетіледі. Бірінші топтың оқушысы суретті қарап, екінші топтың оқушысына сөйлемей (ым-ишара арқылы) түсіндіреді. Ал қарсы топ оқушысы суреттегі нысанды табуы керек.
Нәтиже
Ойын соңында оқушылар марапатталады.
Автор туралы
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің тарих пәні мұғалімі — Ахметкереева Анаргүл Қайыровна.