Компьютер тобына
Фурманов орта мектебі: «Ең үздік информатик» интеллектуалды ойыны
Дайындаған: Естайлакова А. А.
Жүргізуші: —
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ең үздік информатик» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналатын бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілейміз.
Мақсаты
- Оқушылардың алған білімдерін нығайту.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
- Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Ойын шарты
Сайысқа 12 оқушы қатысады. Олар екі топқа бөлінеді.
Ойын 8 сайыстан тұрады.
Сайыс кезеңдері
1-сайыс. Таныстыру
5 минутКомандалар өз атауын, ұранын және 5 минут ішінде жасаған эмблемасын таныстырады.
2-сайыс. Капитандар жарысы
Шифрды шешуКапитандар мәтіндегі шифрларды шешіп, қолданылған кодтау тәсілін түсіндіреді.
Берілгені
- Пүкін мектепке партым.
- Коляманлядаля
- Акитамрофни.
Жауабы
- Бүгін мектепке бардым.
- Команда.
- Информатика.
3-сайыс. «Кім жылдам?»
СөзжұмбақТоркөздердегі әріптерден сөзжұмбақта жасырылған сөздерді табу.
Әріптер алаңы
М Т П Л О Т Т Н О М И Ы П Р Р Т Е И Д Е К Ш Н И Е Е Р О М М Р Қ А Н Т Р Н Н И Т О Н Т С Ө З Е Т Р О П А И Б А Й Т Т Е З Р М В П И К М Е Р Е О Ә И А Р С О Ұ А Ф Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л Е І У В Ж Л И Я И Ц С Н С Д А Ь Ф И К А С О Р А Б О Н Е Н Т
Жауабы: жасырылған сөздер
Ескерту: «байт» сөзi бастапқы нұсқада екі рет кездеседі.
4-сайыс. «Кім білімді?»
Сұрақ-жауапСұрақтарға жауап беріңіз.
| Сұрақ | Жауап |
|---|---|
| 1. Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы. | Дискета |
| 2. Ақпарат енгізуге арналған негізгі құрылғы. | Пернетақта |
| 3. Бас әріппен жазу батырмасы. | Caps Lock |
| 4. Ақпараттық үдерістерді жүзеге асыратын құрал. | Компьютер |
| 5. ЭЕМ-нің ең аз конфигурациясы. | Жүйелік блок, пернетақта, монитор |
| 6. Ақпаратты қағазға шығаратын басты құрылғы. | Принтер |
| 7. Бүтін тип. | Integer |
| 8. ДК-ні қайта жүктеу пернелер комбинациясы. | Ctrl + Alt + Del |
| 9. Дискета қандай жадқа жатады? | Сыртқы жад |
| 10. Программаның негізгі бөлігі қалай аталады? | Операторлық бөлім |
5-сайыс. «Орындайық»
Графикалық тапсырмаСуретті қолды алмай (үздіксіз сызықпен) салу.
Компьютер тобына
Тапсырма суреті мұнда орналастырылады.
Информатика тобына
Тапсырма суреті мұнда орналастырылады.
6-сайыс. «Кім шапшаң?»
Кеңістіктік ойлауКомпьютер тобына
Егер үш торкөздегі суреттерді бір торкөзге қабаттастырсақ, неше торкөз бос қалады?
Информатика тобына
Егер жоғарыдағы үш торкөзді бір торкөзге қабаттастырсақ, төмендегі торкөздің қайсысы шығады?
7-сайыс. «Кім көп біледі?»
Жылдам сұрақтар1) Caps Lock пернесі қандай пернелер тобына жатады? Жауабын көрсету
Регистр ауыстыру пернесі.
2) «Компьютер көмегімен ақпаратты өңдеу үдерісімен байланысты адам қызметі» анықтамасы қай ұғымға жатады? Жауабын көрсету
Информатика.
3) Көбейту кестесінде ақпарат қандай түрде берілген? Жауабын көрсету
Сандық түрде.
4) Сіз кітап оқығанда қандай үдеріс жүреді? Жауабын көрсету
Беру.
5) Қандай құрылғы «компьютердің миы» деп аталады? Жауабын көрсету
Процессор.
6) Компьютерде ақпарат сақтау үшін қандай құрылғы қолданылады? Жауабын көрсету
Жад.
7) Мәтіндік ақпаратты өңдеуге арналған бағдарлама қалай аталады? Жауабын көрсету
Мәтіндік редактор.
8) 1 бит неше байт? Жауабын көрсету
1 байт = 8 бит (яғни 1 бит = 1/8 байт).
9) Микросхемаларды біріктіретін, металл жолақтары бар пластина қалай аталады? Жауабын көрсету
Тақша (плата).
10) Сыртқы құрылғыларды басқаратын арнайы бағдарлама қалай аталады? Жауабын көрсету
Драйвер.
8-сайыс. Тест тапсырмалары
Көп таңдаулыДұрыс жауаптар белгіленген.
-
1) Компьютер — бұл...
- a) Сандық ақпаратты автоматты өңдеуге арналған құрылғы.
- b) Ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.
- c) Ақпаратты іздестіруге, жинауға, сақтауға, түрлендіруге және пайдалануға арналған құрылғы.
-
2) ... мультимедиялық компьютер деп аталады.
- a) Интернет желісінде жұмыс істеуге қабілетті.
- b) Мультфильмдерді көрсетуге қабілетті.
- c) Сандармен, мәтіндермен, графикамен, дыбыспен және бейнемен жұмыс істеуге қабілетті.
-
3) Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең аз қажетті құрылғылар жинағына ... жатады:
- a) Басып шығарғыш, жүйелік қорап, пернетақта.
- b) Жүйелік қорап, монитор, пернетақта.
- c) Процессор, тінтуір, монитор.
-
4) Жүйелік қорап — бұл...
- a) Компьютердің негізгі қызметтік элементтері орналасқан қорап.
- b) Мәтіндік және сызбалық ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.
- c) Аналық тақшасы мен дыбыстық, желілік карталары бар қорап.
-
5) Монитор (дисплей) ... үшін арналған:
- a) Компьютерде жұмыс істеу кезінде жиі пайдаланылатын ақпаратты ұдайы сақтау.
- b) Шеткері құрылғыларды кең арнаға қосу.
- c) Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеу.
-
6) Сызбалық ақпаратты шығару құрылғыларына ... жатады:
- a) Мәтіналғы.
- b) Басып шығарғыш.
- c) Пернетақта.
-
7) Ақпаратты енгізу құрылғыларына ... жатады:
- a) Дисплей, пернетақта, тышқан.
- b) Басып шығарғыш, дисплей, модем.
- c) Мәтіналғы, пернетақта, тышқан.
-
8) Мәтіналғы — бұл...
- a) Қатты тасымалдаушыға (әдетте қағазға) басып шығару құрылғысы.
- b) Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы.
- c) Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы.
-
9) Ақпаратты экранға шығаруға арналған құрылғы — бұл...
- a) Мәтіналғы.
- b) Басып шығарғыш.
- c) Монитор.
-
10) Кернеудің бірден төмендеуі және электр қуатының ажыратылуы кезінде компьютерді қорғауды ... қамтамасыз етеді:
- a) Аналық тақша.
- b) Қоректену қорабы.
- c) Үздіксіз қоректендіру көзі (UPS).
Қорытынды
Бұл ойын оқушылардың информатика бойынша білімін бекітіп, командалық жұмыс мәдениетін дамытады. Әр кезең логикалық ойлау, жылдамдық және дәлдікті талап етеді.