Үлгі жаңбыр суреті
Оқу қызметі туралы қысқаша мәлімет
Білім саласы
Шығармашылық
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Сурет салу (дәстүрден тыс тәсіл)
Лексикалық тақырып
Жыл мезгілі. Көктем келбеті
Тақырып
«Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр»
Мақсаттар
Жаңбырдың жаууын саусақпен сурет салу тәсілі арқылы бейнелеуге үйрету.
Көктем мезгіліне тән құбылыстарға қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Есте сақтау қабілетін, сөздік қорын және ұсақ қол моторикасын дамыту.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс
- Кітаптар мен көрнекі иллюстрациялық материалдардан жаңбыр бейнесін тамашалау.
- Жаңбыр туралы әңгімелесу, дыбыстарды және музыкалық шығармаларды тыңдату.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекі құралдар
Сурет құралдары
- Су бояулар
- Қылқалам
- Бұлт бейнеленген альбом парақтары
- Үлгі жаңбыр суреті
Көрнекі/аудио материалдар
- «Жаңбырлы күн» суреттері
- Дыбыстық слайд (жаңбыр дыбысы)
- Қолшатыр
- «Жаңбыр биі» видеоролигі
Сөздік жұмыс
Іс-әрекет кезеңдері
1) Мотивациялық-ынталандырушылық кезең
Балалар «Күн мен жаңбыр» қимылды ойынын ойнайды: «Күн шықты!» дегенде серуендейді, ал «Жаңбыр жауды!» дегенде қолшатырдың астына жиналады. Бұл кезеңнің мақсаты — балалардың көру-есту арқылы қабылдауын жетілдіру, жылдамдыққа, жүгіруге және ереже бойынша әрекет етуге үйрету, іс-әрекетке қызығушылығын арттыру.
Сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемнің ерекшеліктері қандай?
- Көктемде қандай мерекені тойлаймыз?
Күтілетін жауап үлгілері
- Көктем мезгілі: күн жылынады, жаңбыр жауады.
- Ағаштар бүршік жарады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, жасыл шөп шығады.
- Наурыз мерекесі.
Өлең
Жаңбыр — тырс! тырс! жаңбыр кеп жауады,
Терезені қағады.
Тырс! тырс! жылғалар ағады,
Сылдырап, әуенге салады.
Өлеңнен кейін балалармен қысқаша әңгіме жүргізіледі: тақпақта не туралы айтылды, жаңбыр қайда жауады, кім жаңбырдың астында жүріп көрді.
Бақылау және тыңдау
Балалар жаңбыр суреттерін қарайды, «Жаңбыр биі» видеоролигін көреді және жаңбыр дыбысын тыңдайды. Кейін педагог сұрайды: жаңбырды немен көрдік, дыбысын немен естідік.
2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең
Саусақ пен қол жаттығулары
«Жаңбыр жауды» жаттығуы: алдымен жаңбыр жай жауады — балалар саусақ ұшымен үстелді жеңіл тырсылдатады. Содан кейін жаңбыр қатты жауады — үстелді қаттырақ соғады.
Ырғақ
Тырс! (бір рет)
Тырс! Тырс! (екі рет)
Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! (бір орында секіру)
Сурет салуға дайындық (сұрақ-жауап)
- Суреттен нені көріп тұрсыңдар? (бұлт)
- Бұлттан не жауып тұр? (жаңбыр)
- Көк түсті бояу нені еске түсіреді? (су, өзен, теңіз)
- Тамшының пішіні қандай? (сопақша)
Негізгі тапсырма: саусақпен жаңбыр тамшыларын салу
Балалар бүгін жаңбырдың суретін дәстүрден тыс тәсілмен — саусақпен салады. Педагог көк түсті бояумен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіреді және көрсетеді: саусақты суға малып, бояуды аздап сумен езіп, парақ бетіне бастырамыз.
Педагог тамшыларды түсірген сайын «Тырс! Тырс!» деп ырғақ беріп отырады. Балалар бояуға батырмас бұрын, қимылды ауада қайталап жаттығады.
Жеке жұмыс және қолдау
Балалар өз бетінше жұмыс жасайды. Педагог әр балаға қажет кезінде көмектеседі, бағыттайтын сұрақтар қояды, жұмысты бақылап, мадақтайды. Жаңбыр дыбысын сәтті келтіріп, ырғақпен жұмыс жасаған балалар ерекше атап өтіледі.
Жұмыстарды көрсету
Дайын суреттер тақтаға ілініп, балалар назарына ұсынылады. Жақсы орындалған жұмыстар мақталып, көтермеленеді.
Тілдік-қимылды ойын
Балалар «Жаңбыр жауады» ойынын қайталайды: «Тырс!» — бір рет шапалақ, «Тырс! Тырс!» — екі рет шапалақ, ал жаңбыр күшейгенде — бір орында секіреді.
3) Рефлексиялық-түзетушілік кезең
Рефлексия сұрақтары
- Бүгін қандай іс-әрекетпен айналыстық?
- Ненің суретін салдық?
- Жаңбыр тамшысының түсі мен пішіні қандай?
- Жаңбырдың дыбысы қандай?
- Қандай тәсілмен салдық?
Жауап үлгілері
- Сурет салу іс-әрекетімен айналыстық.
- Жаңбыр тамшысының суретін салдық.
- Түсі көк, пішіні сопақша.
- «Тырс! Тырс!» деп естіледі.
- Саусақпен салдық.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек
Көктем мезгілінің негізгі ерекшеліктерін; жаңбырды бейнелеуде қолданылатын түсін, дыбысын, пішінін және бейнелеу тәсілін.
Түсінігі
Жыл мезгілінің басты ерекшеліктерін бейнелеу туралы бастапқы түсінігі қалыптасады.
Дағдысы
Дәстүрден тыс тәсілмен сурет салуға, атап айтқанда саусақпен сурет салуға дағдыланады.