Тәрбие сағаттар жиынтығы:Алматы - менің сүйікті қаламҰлы тұлға - ӘуезовМенің құқықтарымДені саудың - жаны сауБақытым да, байлығым да - денсаулықБіздің елбасыТәрбие сағатының тақырыбы

Тәрбие сағаттар жиынтығы

  • Алматы – менің сүйікті қалам
  • Ұлы тұлға – Әуезов
  • Менің құқықтарым
  • Дені саудың – жаны сау
  • Бақытым да, байлығым да – денсаулық
  • Біздің елбасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Біздің елбасы

Мақсаты

  • Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туған-өскен ортасы, білім алған және қызмет еткен орындары туралы мағлұмат беру.
  • Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын және халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру деректері

Түрі
Ауызша журнал
Әдісі
Сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекілігі
Слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа, шарлар, суреттер

Өтілу барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Қазақстан Республикасының Гимнін орындау.
  • Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.
  • Түгендеу.

II. Негізгі бөлім: Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшысы мығым елдің ырысы артып, халқының еңсесі биік болады.

Тәуелсіздік алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп, Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Елбасы ретінде ел тізгінін ұстады. Елбасының бастауымен Қазақстан әлемге танылып, елдігіміз айқын көрінді.

Егемендікке қол жеткізген сәтте «өз алдымызға ел бола аламыз ба?» деп күмәнданғандар да болды. Алайда ар-намысты ту еткен Елбасы мен ел үшін аянбай еңбек еткен азаматтардың қажырлы жұмысы бүгінгі жарқын күндерге жеткізді.

«Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп, уанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!»

Қ. Аманжолов

Оқушы 1

Балалық шағы мен білім алуы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келді.

Балалық шағы таршылық жағдайда өтті: үлкендерге мал бағуға, бау-бақша күтуге көмектесті, шөп шауып, отын жарды. Өз естеліктерінде айтқандай, үй ішіне қажетті зат алу үшін есек жеккен арбамен жақын теміржол стансасына барудың өзі үлкен мереке саналған.

Мектепте жақсы оқып, сапалы білім алды. Ата-анасын ерекше құрмет тұтты.

Оқушы 2

Еңбек жолының басталуы

Ол ерте есейді. Орта мектепті аяқтай сала Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанды.

Құрылыста еңбек еткеннен кейін қазақстандық жастар тобымен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді.

Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі сияқты жұмыстарды атқарып, кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Оқушы 3

Басшылық қасиеттері

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері айқын байқалды. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі басқару органдарында жауапты қызметтер атқарды.

Металлургиялық комбинатта партком хатшысы болып, кейін Теміртау қалалық және Қарағанды облыстық деңгейдегі қызметтерге көтерілді.

Дайындаған

Білім беру ұйымы
Алматы қаласы, №128 мектеп
Автор
Досполова Сауле Амангельдиновна