Тапсырманы топтарға тастау

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Мұғалім

Гульмира Есимбекова

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырып

Дихан Әбілев: «Астанаға ақ бата»

Саяхат сабағы, жаңа материалды меңгерту

Мақсат, міндет және тәрбиелік бағыт

Негізгі мақсат

Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ұғындыру және «Астана» ұғымын түсіндіру.

Оқу міндеттері

  • Әңгімені оқып таныстыру, мазмұнын ашу.
  • Өлеңдегі тіркестерді меңгерту арқылы тіл дамыту.
  • Ойлау мен сөйлеу әрекеттерін жетілдіру.

Сыни ойлау және топтық жұмыс міндеттері

  • Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту.
  • Қиялды шарықтату, сезімді ояту.
  • Түсініксіз тұстарды анықтау.
  • Пікір алмасып, ортақ қорытынды шығару.
  • Топтастардың сұрақтарына жауап беру.
  • Өз пікірін дәлелдеу, қорытынды жасау.
  • Өзара құрмет қалыптастыру: сөз бөлмеу, пікірді сыйлау.

Тәрбиелік мәні

Оқушылардың Астана қаласына қызығушылығын арттыру, таңдану мен мақтаныш сезімін ояту, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы: «Саяхат» форматы

I. Қызығушылықты ояту

  • Ұйымдастыру жұмысы, сәлемдесу.
  • Саяхат сабағын бастау.
  • Ойын: «Астанаға саяхат».
  • Оқушыларды 2 топқа бөлу: 1-топ — қонақтар, 2-топ — қарсы алушылар.

II. Ой шақыру және топтастыру

Топ атаулары

  • Астана тобы
  • Алматы тобы
  • Қаратал тобы

Үй тапсырмасы

Стратегия: «Әлемді шарлау» — ата-аналардың көмегімен Астана туралы деректер жинау.

  • Топтар тапсырмаларын қабырғаға іледі.
  • Өзара пікір алмасады, бір-бірінің жұмыстарын оқиды.
  • Әр топтың спикері қорғайды.

III. Жаңа сабақ

Мақсат қою

Берілген сөздер арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Кілт сөздер

  • Дихан Әбілев
  • Ақын, жазушы
  • Астана, ақ бата

Мәтінмен жұмыс

  • Мұғалімнің оқуы
  • Оқушының оқуы

Мағынаны ажырату: «Ақ бата»

«Ақ бата» сөзінің мағынасын ашу және мәтін бойынша топтық тапсырмалар орындау.

Астананы сипаттайтын тіркестер

ақ қала жаңа қала жас қала соққан жүрек баспана еліміздің түндігі

Астанаға тілек (мәтіннен)

  • еркін де, жасқама
  • нұр жаусын
  • аппақ күнің лауласын
  • дос-туысың көп болсын
  • жақындассын жауласың
  • еңсең өссін, елің өссін

Бейнематериал

Бейнефильмнен үзінді: «Астана — әсем қала».

IV. Бекіту: ой толғаныс

«Астанаға арнау» тақырыбында шығармашылық тапсырмалар:

  • 1 1-топ — шағын эссе
  • 2 2-топ — 4 жол өлең
  • 3 3-топ — сурет салу

V. Қорытындылау

  • Бағалау.
  • Үй тапсырмасы:
    • Өлеңді мәнерлеп оқу.
    • Астана туралы деректер іздеу.
    • «Астана — әсем қала» тақырыбында әңгіме жазу.
  • Сабақты «Қазақстан — қыран далам» әнімен аяқтау.