Оқушыларды қазақ халқының ұлттық киім түрлерінің суреттері арқылы топқа бөлу

Технология пәні · 7-сынып

Қазақ халқының ұлттық киім түрлері

Бұл сабақта ұлттық киімнің мәні мен мағынасы, оның салт-дәстүрмен байланысы және қолданылу ерекшеліктері қарастырылады. Материал оқушылардың ұлттық сана-сезімін нығайтып, эстетикалық талғамын дамытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы түсінік қалыптастыру; ұлттық киімдердің мәні, мағынасы және үйлесімділігі жайлы әңгімелей отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту. Ұлттық киімдердің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну мәдениеті туралы мәлімет беру.

Дамытушылық

Эстетикалық талғамды арттыру, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылықты күшейту; ойлау, қиял және тілдік дағдыларды дамыту.

Тәрбиелік

Өз халқының салт-дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге және мақтан етуге тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

  • Оқушылар қазақ халқының ұлттық киім түрлерін оқып меңгереді.

  • Бас киім түрлерін жасауды үйренеді.

Кіріспе

Психологиялық дайындық

«Шаттық шеңбері»: оқушылармен амандасу, хал-жағдайын сұрау, көңіл-күйін көтеру.

Топқа бөлу

Ұлттық киім суреттері арқылы топтарға бөлу. Таңдалған суреттердің артқы бетінде үй тапсырмасына арналған сұрақтар беріледі.

Таныстырылым

Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы бейнежазба көрсетіледі. Оқушылар топ ережесін еске түсіріп, тапсырмаларды бірлесіп орындайды.

1-топ

Ер адамның ұлттық киімдері (постер дайындау және қорғау)

2-топ

Әйел адамның ұлттық киімдері (постер дайындау және қорғау)

Негізгі бөлім: Қазақы киім — көненің көзі

Қазақ халқы ұлттық киімді тіккенде климаттық жағдайларды ескеріп, ежелгі дәстүрлерге сай сәндеп, үйлесімді етіп жасаған. Киім түрлері қызметіне қарай ішкі, сыртқы, бір киер және салтанат киімдері болып бөлінеді.

Бір киер киім

Қымбат матадан тігіліп, той-думанға барғанда немесе жат елге сапарға шыққанда киілетін сәнді киім саналған.

Салтанатты киім

Көбіне барқыт пен жібектен тігілген; әсемдеуде құндыз және кәмшат терілері қолданылған.

Киімнің негізгі түрлері

Ішкі киімдер

Көйлек, желет, кәзекей.

Сыртқы киімдер

Шапан, кеудеше, тон.

Бас киімдер

  • Үкілі тақия

  • Сәукеле

  • Бөрік

  • Тымақ

Қазақ әйелінің ұлттық киімі

Әйел адамның ұлттық киімдеріне көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі жатады. Әйел киімдері ел салтына сай әшекейі мен сәніне қарай бірнеше топқа бөлініп тігілген.

Әшекей бұйымдары

Білезік, алқа, сырға, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар тағылған. Әжелер көбіне басына кимешек киген.

Ерлердің ұлттық киімі

Ерлер киімдерінің ең қымбат түрлерінің бірі — аң терісінен тігілген ішік. Шапан көбіне жүн тартылып, бидайланып тысталған. Мұндай шапан сырмалы шапан деп аталған.

Тон

Тон көбіне иленген күздік қой терісінен тігілген.