Балалар қиялын дамыту
Сабақ туралы мәлімет
- Өткізген педагог
- Каримжанова Т. К.
- Топтың жас ерекшелігі
- Ортаңғы топ
- Білім беру саласы
- Шығармашылық
- Бөлімі
- Сурет салу
- Тақырыбы
- Бозторғай
Мақсаты мен міндеттері
- Құстар туралы білімдерін жетілдіру.
- Балаларды өз мүмкіндіктері деңгейінде құстың пішіні мен құрылымын көркем түрде бейнелеуге ынталандыру.
- Балалардың қиялын дамыту.
- Құстарға қамқорлық пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Негізгі құндылық: қамқорлық.
Қажетті материалдар
Көрнекіліктер
- Бозторғайдың суреті.
Құрал-жабдықтар
- Ақ қағаз
- Жай қарындаш
- Гуашь бояу
- Қылқалам
Сөздік жұмыс және қостілділік компонент
Сөздік жұмыс
Қамқорлық
Қостілділік компонент
- снегирь бозторғай
- мамықтар перья
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы
I. Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Педагог Е. Елубаевтың «Қыста құстар қадірлі» тақпағын оқиды.
Балалар мұқият тыңдайды.
II. Іздену-ұйымдастырушылық кезең
Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы әңгімелесу жүргізіледі.
Сұрақ
Қыста қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?
Балалар қыста өз өлкесінде қалатын құстардың түрлерін атап, олардың түсі мен ерекшеліктерін еске түсіреді. Құстардың қарны ашпау үшін жем шашу керектігін айтады және осы тақырыпқа байланысты сурет салады.
Сурет салу ретін түсіндіру
- Алдымен қағаздың ортаңғы бөлігіне қарындашпен сопақша пішінді қиғаштап саламыз.
- Сопақшаның жоғарғы бөлігі сол жаққа қарай, ал төменгі бөлігі қағаздың оң жағына қарай төмен бұрыла орналасады.
- Дайын сопақшаның оң және сол жағына құстың қанатын саламыз.
- Сопақшаның жоғарғы жағына құстың басы үшін кішкентай домалақ пішін саламыз.
- Төменгі бөлікке құйрығын қосамыз.
- Сурет дайын болған соң, қылқаламмен бояуды біркелкі жаға отырып, құсты түрлі түспен бояп, көрік береміз.
Балалар нұсқаулық бойынша бозторғайдың суретін салады. Жұмыс барысында педагог кейбір балаларға жеке нұсқау беріп, жалпы бақылау арқылы бағыт-бағдар береді.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықтап,
Оңға, солға иіліп,
Денемізді бұрайық.
III. Рефлексивті-коррекциялық кезең
Педагог балалардың салған суреттеріне жылы ықыласпен қарап, олардың құстарға деген қамқорлығын атап өтеді.
Балалар өз әсерлерін еркін түрде айтады.
Күтілетін нәтиже
Біледі
Табиғат құбылыстарын бақылау нәтижесін әңгімелеп айта алады; құстарды сүйіп, оларға қамқорлық жасап, қорғау қажеттігін түсінеді.
Игереді
Бозторғайдың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу іскерлігін меңгереді.
Меңгереді
Жұмыс барысында икемділік, дағды және қызығушылық қалыптасады.