Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды субъективтітексеру әдістері
ОҚО, Түркістан қаласы
«Түркістан» көпсалалы медицина колледжі
Терапия және пропедевтика пәнінің оқытушысы: Нарметова Насиба Құдайбергеновна
Сабақтың түрі
Тәжірибелік
Сабақтың әдістері
Көрсетіп-түсіндіру, СӨЖ, мәселелік оқыту, фронтальді сұрау, тест бақылау, клиникалық ойындар (фельдшер–науқас) және т.б.
Жүрек–қан тамыр жүйесі аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әдістері
Бұл материал жүрек–қан тамыр жүйесі аурулары бар науқастарды субъективті тексерудің негізгі қадамдарын қамтиды: сұрастыру және қарау. Мақсат — анамнезді жүйелі жинауды, негізгі шағымдарды нақтылауды және қараудың клиникалық мәні бар белгілерін бағалауды үйрету.
Сабақтың мақсаттары
Білімдік (оқыту)
Жүрек–қан тамыр жүйесі аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әдістерін меңгерту: анамнез жинау, негізгі шағымдарды анықтау және қарау тәсілдерін үйрету.
Тәрбиелік
Мейірімділікке, адамгершілікке және мамандыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Студенттің аналитикалық ойлауын, өздігінен шешім қабылдау қабілетін дамыту.
Пәнішілік байланыс: субъективті тексеру құрылымы
Науқасты сұрастыру арқылы ресми мәліметтер, негізгі шағымдар, ауру тарихы және өмір тарихы туралы ақпарат алынады. Бұл деректер диагностика мен әрі қарайғы тексеру жоспарын нақтылауға негіз болады.
Негізгі шағымдар (ЖҚТА бар науқастарда)
-
Ентікпе (ауа жетіспеудің ауыр сезімі): сипаты және пайда болу уақыты анықталады.
-
Тұншығу ұстамалары (жүрек демікпесі): көбіне кенеттен, тыныштықта, түнгі ұйқы кезінде пайда болуы мүмкін; ауаның күрт жетіспеуі, «қайнап жатқан су» тәрізді тыныс, ауыздан қан аралас көбіктің бөлінуі сипатталады.
-
Жүрек соғуы (тахикардия): миокардитте, миокард инфарктісінде, жүрек ақауларында, тиреотоксикозда, қаназдықта және т.б. кездесуі мүмкін.
-
Жүрек ырғағының бұзылысы (аритмия): жүрек соғысының тұрақсыздығы, «үзіліп соғу» сезімі және т.б.
-
Жүрек тұсы мен төс артындағы ауырсыну: сипаты, ұзақтығы және таралуы (иррадиациясы) нақтыланады.
-
Жөтел (кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісіне байланысты) және қан қақыру (митральды ақауларда).
-
Ісіну және іркіліс белгілері: аяқтардың ісінуі, бауырдың ұлғаюы, олигурия, асцит, анасарка.
Ауру тарихы (anamnesis morbi)
- Белгілердің пайда болған уақыты;
- Белгілердің сипаты және динамикасы;
- Белгілердің ықтимал себепші факторлармен байланысы;
- Бұрын жүргізілген тексерулер мен нәтижелері;
- Алынған ем және оның әсері.
Өмір тарихы (anamnesis vitae)
Жүрек ауруларына бейімдеуші факторлар анықталады:
- Ревматизм
- Баспа (ангина)
- Стресс
- Кәсіби зияндылықтар
- Климакс кезеңі
- Зиянды әдеттер
- Тұқым қуалаушылық
Физикалық тексеру: қарау
Жалпы қарау
- Жалпы жағдайын бағалау;
- Мәжбүр қалып (ортопноэ);
- Цианоз, акроцианоз;
- Аяқтардағы ісіну;
- Асцит, гидроторакс, анасарка белгілері.
Мойынды қарау
- Мойын веналарының ісінуі;
- Каротидтердің «биі» (патологиялық пульсация).
Жүрек аймағы және шеткі тамырлар
- «Жүрек өркеші»;
- Жүрек аймағындағы патопульсация (аневризмаға күдік);
- Жүрек ұшы соққысы және оның қасиеттері;
- Патологиялық жүрек соққысы;
- Мюссе белгісі (қолқа ақауларында бас пен дененің тербелуі);
- Капиллярлық пульс;
- Толған, кеңейген веналар.
Қысқаша қорытынды
Субъективті тексеру (сұрастыру) — негізгі шағымдарды, аурудың және өмірдің анамнезін жүйелі жинауға мүмкіндік береді. Қарау — жүрек жеткіліксіздігі мен тамырлық өзгерістердің сыртқы белгілерін уақытында байқап, диагнозды нақтылауға бағыт береді.
Есте сақтаңыз
- Шағымды сипаттағанда: қашан, қалай, немен байланысты екенін нақтылаңыз.
- Ауырсынуда: сипаты, ұзақтығы, иррадиациясы маңызды.
- Қарауда: ортопноэ, цианоз, ісіну — жетекші нысаналы белгілер.