Неше буын, неше дауысты дыбыс
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Ж ж дыбысы мен әрпі
Сабақ түрі
Ойын сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекіліктер
Ж ж дыбысы мен әрпіне арналған кестелер, суреттер
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың мақсаты
-
Оқушыларды Ж ж дыбысы мен әрпімен таныстыру, дыбыстың сөздегі орны туралы түсінік беру, берілген сөздерді дұрыс оқуға және жазуға үйрету.
-
Ж дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлату, сөйлем құрату; танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрісін және тілін дамыту.
-
Оқушыларды сауаттылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
II. Психологиялық дайындық
Бақытты балғын баламыз,
Өседі ой-санамыз.
Білімнің нәрін сусындап,
Биікке самғап барамыз.
Сұрақ-жауап
- Мұғалім: Қазір қай сабақ?
- Оқушылар: Әліппе сабағы.
- Мұғалім: Әліппе сабағында не үйрендіңдер?
- Оқушылар: Әріптерді, дыбыстарды жазып және айтып үйрендік.
III. Миға шабуыл
Негізгі ұғымдар
- 1) Дыбыс деген не?
- Дыбысты естиміз және айтамыз.
- 2) Әріп дегеніміз не?
- Әріпті көреміз, жазамыз және айтамыз.
- 3) Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз.
- 4) Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Созылып айтылады.
- 5) Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Қысқа айтылады.
Бұрын өткен әріптер
А, Р, О, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н
Ойын: «Жанды әріптер»
Оқушылар әріптерді танып, дыбыстап, сөз құрауға жаттығады.
IV. Жаңа сабақ
1) Жұмбақ шешу: «Жолбарыс»
Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар.
Жауабы: Жолбарыс
Жолбарыс қандай аң?
Жолбарыс туралы не білеміз?
Тағы қандай аңдарды білесіңдер?
Бүгінгі сабаққа жолбарыс қонаққа келді. Ол өзіне дос іздеп жүр екен. Біз оған көмектесеміз бе?
Дыбыстық бақылау
- «Жолбарыс» сөзі қандай дыбыстан басталады?
- Ж дыбысын хормен: ж-ж-ж деп дыбыстату.
- Бұл қандай дыбыс? (дауыссыз)
- Сөздің қай жерінде тұрады? (басында)
- Буынға бөлу, дауысты дыбыстарды анықтау.
Бүгінгі тақырып: Ж ж дыбысы мен әрпі. Баспа және жазба түрімен танысамыз.
Ж дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер? Жаңа сөздермен танысу үшін экранға назар аударамыз.
(Ж дыбысынан басталатын сөздерді қайталату.)
2) Жұмбақ: «Аю» — жолбарысқа дос табу тапсырмасы
Үстінен тоны түспеген,
Сонда да аяз қыс боп тұр.
Жауабы: Аю
Оқулықпен жұмыс
- «Жіп» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
- 48-беттегі буындарды оқу.
Диалогты оқыту (мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу).
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
3) Жұмбақ: «Тиін» — суретпен жұмыс
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.
Жауабы: Тиін
Тапсырма
- Суретке ат қою.
- Сурет бойынша сөйлем құрастыру.
4) Жұмбақ: «Қоян» — дәптермен жұмыс
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
Жауабы: Қоян
Тапсырма
- Ж дыбысын ауада жазып көрсету.
- Әріп элементтерімен танысу: жарты ай, имек жоғары, таяқша, имек жоғары, тағы да жарты ай.
5) Жұмбақ: «Түйе» — ойынды жалғастыру
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,
Бұл не, өзің тауып ал?
Жауабы: Түйе
Ойын: «Орнын тап»
Қарсы мәндес сөздерді орнына қойып, сөз тіркестерін оқу.
Сөздер
жуан, тау, тар, ағаш, жаңа, жол, аласа, орамал
Мақсат
Мағынасы қарама-қарсы жұптарды тауып, дұрыс тіркес жасау.
Қорытындылау
Ойын: «Заттарды жина»
Өткенді бекітуге арналған қысқа тапсырмалар арқылы оқушылардың назарын шоғырландыру.
Нені үйрендік?
- Ж дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
- Ж дыбысына мысал келтіру.
- Ж әрпінің баспа және жазба түрлерін ажырату.
Рефлексия
- Жолбарыс пен оның достары қайда мекендейді?
- Оларды не қорғайды?
- Мына ағаш оларды қорғай ала ма? Не жетіспейді?
Қорытынды әрекет: ағашқа жапырақтармен безендіру арқылы «қорғау» идеясын бекіту.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- Дәптермен жұмыс (тапсырмаларды аяқтау).
- Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру.
Мадақтау
Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, ынталандыру және қорытынды баға беру.