Ахмет Йасауи тобы
Қысқа мерзімді жоспар
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Еңбекші орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Нұрсәуле Шәкірт
- Пәні
- Қазақ әдебиеті
- Сыныбы
- 9
- Сабақтың тақырыбы
- Ахмет Йасауи
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты
Ахмет Йасауи еңбектері арқылы оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетін арттыру, өз ойын сауатты әрі дәл жеткізе білуіне жағдай жасау.
Сабақтың міндеттері
- Оқушыларды Ахмет Йасауи шығармашылығымен таныстыру.
- Йасауи еңбектерімен жұмыс арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
- Ахмет Йасауи туралы өз ойын еркін жеткізе алады.
- Өмірі мен шығармашылығының негізгі тақырыптарын ашып, түйінді ой айтады.
- «Хикметтерге» қатысты пікір білдіреді.
Табыс критерийлері
- Ахмет Йасауи туралы мазмұн желісін көркем фильм арқылы түсінеді.
- Ахмет Йасауи кесенесін бейнематериал арқылы сипаттай алады.
- Қосымша дерек іздеу және оқу арқылы білімін тереңдетеді.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Сабақтың әдіс-тәсілдері
«Мінсіз адам келбеті» әдісі, «Миға шабуыл», «Серпілген сауал» стратегиясы, «Бір, екіге бөліну» стратегиясы, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясының элементтері, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, жеке, жұптық және топтық жұмыс.
Көрнекілік пен құралдар
- Тақырыпқа қатысты суреттер, флипчарт, маркер.
- Интербелсенді тақта, компьютер, слайдтар.
- Бейнематериал: «Қасиетті мекен: Түркістан» фильмінен үзінді.
Пәнаралық байланыс
Тарих, музыка.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Т. Ақшолақов, Т. Жұмажанов, С. Қалиев, С. Дүйсебаев. Өңделген, толықтырылған 3-басылым. Алматы: Мектеп, 2013. 408 б.
- Қазақ әдебиеті. Оқыту қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептің 5–9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2014. 114 б.
Сабақ барысы
Сабақ құрылымы оқушының қызығушылығын оятудан бастап, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалауға дейінгі кезеңдерді қамтиды.
Ұйымдастыру кезеңі
1) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
- Сәлемдесу, сыныпты ұйымдастыру, сабаққа бейімдеу.
- Тренинг: «Шаттық шеңбері», жылы лебіз, тілек айту.
2) Топқа бөлу
«Мінсіз адам келбеті» әдісі арқылы оқушыларға геометриялық фигуралар (тік төртбұрыш, үшбұрыш) ұсынылады. Оқушылар таңдаған фигурасына қарай топтарға бөлінеді.
I. Білу
«Инсерт» әдісі мен «Серпілген сауал» стратегиясы сабақтың басында, ортасында және соңында ауызша түрде қолданылады.
Білетінім
Ахмет Йасауи туралы мәлімет алады; Йасауи кесенесі мен «хикметтері» туралы бастапқы түсінік қалыптастырады.
Нені білгім келеді?
- «Хикметтері» туралы тереңірек білгім келеді.
- Киелі жерлер туралы көбірек білгім келеді.
Бейнематериал және «Миға шабуыл»
Ахмет Йасауи туралы слайд көрсетіледі. Сонымен қатар Ахмет Йасауи кесенесіне қатысты бейнеүзінді ұсынылады («Қасиетті мекен: Түркістан» фильмінен).
Зерттеушілік диалогқа арналған жоғары деңгейлі сұрақтар
- Бейнефильмнің басты кейіпкері кім?
- Бейнефильмде көтерілген негізгі мәселелер қандай?
- Бейнефильмнің тәрбиелік мәні неде? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.
II. Түсіну
1-тапсырма: «Мозайка (ЖИГСО)»
Оқушылар мәтінді оқып, түсініп, топ ішінде талқылайды. Кейін басқа топқа барып өз бөлігін түсіндіреді, соңында өз тобына қайта оралады. Түйінді ойларды «Түртіп алу» кестесіне түсіреді.
1-топ
Ахмет Йасауи
2-топ
«Диуани хикмет»
Интербелсенді тақтадағы материалдар
- Ахмет Йасауи туралы мәлімет.
- Ахмет Йасауи кесенесі туралы деректер.
- Ахмет Йасауи шығармаларымен танысу.
III. Қолдану
1-тапсырма: Сұрақ-жауап арқылы диалог құрастыру
Оқушылар берілген сұрақтарды негізге алып, жұппен немесе топпен диалог дайындайды.
I топ: «Ахмет Йасауи»
- Хикметтердің өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?
- Ақынға тән қасиеттер қандай?
- Ахмет Йасауи қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
- Әкесінің аты кім?
- Ахмет Йасауи қай жылы қайтыс болды?
II топ: «Диуани хикмет»
- Ахмет Йасауидің өмірлік мақсат-мұраты қандай?
- Ахмет Йасауи нені жырлады?
- Ахмет Йасауидің имандылық туралы ойлары қазіргі тәрбие үдерісіне сай келе ме?
- Анасының аты кім?
- Ахмет Йасауи кесенесі қай жерде орналасқан?
2-тапсырма: Кесене туралы бейнефильм
Ахмет Йасауи кесенесіне қатысты бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар өз әсері мен ой-толғамын ортаға салып, тұжырым жасайды.
IV. Талдау (анализ)
Оқушылар Ахмет Йасауи тұлғасының ерекшелігін, «хикметтердің» идеялық мазмұнын және бейнематериалдағы негізгі ойды талдап, дәлелдер келтіреді.
V. Жинақтау (синтез)
Талқылау нәтижесінде топтар негізгі тұжырымдарды жинақтап, Ахмет Йасауи мұрасының тәрбиелік мәні туралы ортақ қорытынды ұсынады.
VI. Бағалау
Оқушылардың жұмысы табыс критерийлері негізінде бағаланады: жауаптардың дәлдігі, диалог сапасы, топтық жұмыстағы белсенділік және пікірдің негізділігі ескеріледі.