Ауызша сұрақтарға жауап алу

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының ауданын есептеудің жалпы тәсілін меңгерту.

Дамытушылық

Есептер шығарту арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын және белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлеуге, ұжым намысын қорғауға, салт-дәстүрге сүйіспеншілікті арттыруға, дәлдікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ форматы және құралдар

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес ойын-сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • көрнекілік
  • сұрақ-жауап
  • өзіндік жұмыс

Көрнекіліктер

Ойын түрлері, кестелер, топтамалар, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: бүгінгі сабаққа қонақтар қатысады. Демек, бұл — ерекше сабақ. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» дегендей, ұятқа қалмай, белсенді қатысуға тырысайық.

Бүгінгі сабақ — дәстүрлі емес ойын-сабақ.

II. Мерекелік байланыс және мотивация

Сұрақ: Алдымызда қандай айтулы мереке келе жатыр?

Жауап: Тәуелсіздік күні.

Биыл еліміздің егемендік алғанына 20 жыл толады. Қазақстан аз уақыт ішінде бүкіл әлемге танылды. Мемлекетіміздің рәміздері — Елтаңба, Әнұран, Ту — әрдайым биік тұғырда.

Сұрақ: Еліміздің Туының түсі қандай? Жауап: Көк.

Туды кез келген адам ұстамайды. Мысалы, мектеп Туын сыныптың үздік оқушылары ұстайды.

Сабақ соңында ұлттық ойындар бойынша жеңімпаздар анықталып, үздік топқа құрмет ретінде Ту көтеріледі.

III. Ойын-сабақ кезеңдері

1

Ойын: «Бәйге»

Үй тапсырмасын орындаған оқушылардың жұмыстарын тексеру: 2–3 оқушының жауабы тыңдалып, дұрыстығы бағаланады. Дұрыс орындаған оқушыларға фишкалар беріледі.

Ауызша сұрақтар

Сұрақ: Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

Мысал

Ені: 2 см

Ұзындығы: 5 см

S = 2 × 5 = 10 см²

Ереже

Тік төртбұрыштың ауданы: S = a × b.

Күн ретін, тақырыпты жазу

Желтоқсанның 8-і

Сыныпта жұмыс: Шаршының ауданы

Шаршы ұғымы

Проектор арқылы шаршының суреті көрсетіледі. «Шаршы дегеніміз не?» деген сұраққа ойтолғау жасалады. Қорытынды: шаршы — төрт қабырғасы тең фигура.

Ақ парақтан шаршы қиып алып, сынып бөлмесіндегі оған ұқсас пішіндерді табамыз. Осы арқылы шаршы — барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш екенін нақтылаймыз.

Мысал: a = 3 см

S = 3 × 3 = 9 см²

Формула: S = a × a = a²

Дәптерге қабырғасы 3 см болатын шаршы сызып, ауданын табыңдар.

2

Ойын: «Теңге ілу» (топтық жұмыс)

Топтарға тапсырмалар беріледі. Мақсат — есептеулерді жылдам әрі дұрыс орындау.

Тапсырмалар үлгісі

  • 200 : 40 = 5
  • 5 × 40 = 200
  • 50 × 7 = 350

Түсіндірме

Тапсырмалар ауызша және жазбаша орындалады, өзара тексеру жүргізіледі.

Ойын: «Қазақша күрес»

Ойын шарты түсіндіріледі: екі палуан арнайы киіммен күреседі. Бұл ойын шапшаңдықты, ептілікті және ержүректілікті талап етеді.

Топтар: «Алғырлар» және «Тапқырлар».

Ойын: «Қыз қуу»

Қозғалысқа негізделген шағын кезең: сұрақтарға дұрыс әрі жедел жауап беру арқылы ұпай жинау.

IV. Сабақты қорытындылау және бағалау

Қорытынды сұрақтарға жауап беріледі. Әр топтың жинаған фишкалары саналып, жеңімпаз анықталады.

Нәтиже

Жеңімпаз топтың оқушылары бағаланып, құрмет ретінде Ту көтеру құқығына ие болады.