Қуыршақтарды салыстыру
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы
Қуыршақтар қонаққа келді
Мақсаты
- «Көп», «аз», «теңдей», «сонша» сөздерін қолдана отырып, екі заттар тобының арасында теңдік пен теңсіздікті орната білуді үйретуді жалғастыру.
- Кеңістікте бағдарлау (оң, сол) дағдыларын дамыту.
- Заттың түсі, пішіні және көлемін ажыратуды «Дәл соны тап та, себетке сал» жаттығу ойыны арқылы бекіту.
- Тәулік бөліктерін ажырата білуді нығайту.
Қажетті ресурстар
Көрнекіліктер
Қуыршақтар, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс
«Теңдей», «сонша».
Сабақ барысы
I. Кіріспе
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы таң, балалар!
Өткен сабақты еске түсіру
Балалардан өздерінің алдында және артында кімдер немесе нелер тұрғанын анықтатамыз. Бұл тапсырма кеңістікте бағдарлауға дайындық жасайды.
II. Негізгі бөлім
Ғажайып сәт
Қонаққа Айгерім мен Динара атты қуыршақтар келеді. Балалар қуыршақтарды салыстырады: киімдерінің түсін, шашын, бойын.
Талқылау сұрағы
«Қонақтар келгенде біз оларды қалай күтеміз?»
Күтілетін жауап: дастархан жаю, тәтті тағам ұсыну.
Теңдік пен теңсіздік
Қуыршақтарға кәмпит ұсынамыз. Балалардан Айгерімнің кәмпиттері Динараның кәмпиттерінен аз ба, көп пе екенін сұраймыз.
Негізгі ой
Егер біреуіне аз, біреуіне көп кәмпит берсек, қонақтар ренжуі мүмкін. Сондықтан кәмпиттерді теңдей, яғни сонша етіп бөліп беруді үйренеміз.
Балаларға бірнеше затты екі топқа бірдей етіп бөлудің жолын көрсетіп, түсіндіреміз.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс
Балалар алдарындағы кәмпиттерді екі қуыршаққа теңдей етіп бөліп орналастырады.
Тірек сөздер
көп • аз • теңдей • сонша
Бағалау белгісі
Екі қуыршақта кәмпит саны бірдей болса — тапсырма орындалды.
Кеңістікті бағдарлау
Қуыршақтар серуендеуді жақсы көреді. Балабақша ауласына «серуенге шығару» арқылы бағыттарды қайталаймыз.
Сұрақтар
- Айгерімнің сол жағында нелер бар?
- Динараның оң жағында нелер бар?
- Өздеріңнің оң жақтарыңда не бар? Ал сол жақтарыңда ше?
Геометриялық пішіндер
Серуеннен қайтып келе жатып, қуыршақтар кішкентай күшікті тауып алады. Оның үйшігі жоқ, тоңып жүр екен. Қуыршақтар күшіктің үйшігін жасап беруді сұрайды.
Балалар геометриялық пішіндерден үйшік құрастырады.
Сергіту сәті
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым,
Алдыға қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Тәулік бөліктері
Қуыршақтардың үйлеріне қайтатын уақыты келген сияқты. Суреттерге қарап тәулік бөліктерін атаймыз:
III. Қорытынды
Рефлексия сұрақтары
- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
- Қандай ұғымдармен таныстық?
- «Теңдей» және «сонша» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сабақты аяқтау
Заттың түсін, пішінін және көлемін ажыратуға арналған «Дәл соны тап та, себетке сал» жаттығу ойынымен қорытындылаймыз.