Топтастыру арқылы мәтінді бекіту
Сабақ туралы мәлімет
- Пәні
- Әліппе
- Сабақтың тақырыбы
- Ө дыбысы мен әрпі
- Сабақтың түрі
- Ойын сабақ
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді игерту
Әдістер мен көрнекіліктер
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Көрнекілік әдісі
- Сұрақ-жауап
- Ой толғау
Көрнекілігі
- Электронды оқулық
- Суреттер
Сабақтың мақсаты
Оқушыға бағытталған мақсаттар үш қырынан нақтыланады.
1) Білімділік
- Оқушыларды ө дыбысы мен әрпімен таныстыру.
- Берілген сөздер мен сөйлемдерді оқуға және жазуға үйрету.
- Оқу дағдысын арттыру, талдау жасай білуге қалыптастыру.
2) Дамытушылық
- Тілді дамыту.
- Ой-өрісті кеңейту.
- Оқуға төселдіру.
3) Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Тазалықты сақтауға баулу.
Сабақтың барысы
Сабақ құрылымы ойын элементтері арқылы ұйымдастырылып, жаңа дыбысты таныту, бекіту және қолдану кезеңдерімен өрбиді.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Жоғалған әріпті тап» ойыны
Мұ□, тұ□, қобы□, та□ы, қымы□, қо□ы, жа□.
Сұрақтар:
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- З қандай дыбыс?
- З дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сөздің басында, ортасында, соңында кездесетініне мысал келтір.
2) Мәтінді тізбектей оқу
«Мұз айдыны»
3) Топтастыру арқылы бекіту
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
«Кім тапқыр?» ойыны
Шөлде бар, суда жоқ.
Көлде бар, нуда жоқ.
Ө дыбысы туралы
- Ө әрпі — жіңішке дауысты дыбыс.
- Дыбысты хормен қайталау.
- Ө дыбысы бар сөздер ойлату.
- Ө дыбысының сөздің қай бөлігінде келетінін анықтау (басында, ортасында, соңында).
Дауыстылар: а у о ы ұ е і ә и ө
О — жуан, Ө — жіңішке дауысты.
IV. Оқулықпен жұмыс
Дыбыстық талдау
«Өрмекші» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Бағандағы сөздер
- Сөздерді оқыту.
- Мағынасын суреттер арқылы түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс
- «Өркеш» (электронды оқулық) мәтінін тізбектей оқыту.
- Ойын: «Жоғалған буындар».
- Сергіту сәті: «Көңілді күн».
- Ойын: «Адасқан сандар».
- Шығармашылық жұмыстар.
V. Дәптермен жұмыс
- Ө дыбысының әріп таңбасын жазу (бас және кіші әріптері).
- Ө дыбысы бар сөздерді жазу.
VI. Сабақты бекіту
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Ө дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
VII. Үй тапсырмасы
«Өркеш» мәтінін оқып, мазмұндау.
VIII. Қорытынды
Оқушыларды мадақтау, белсенді қатысқандарды атап өту.