Қосымшаның түрлерін ата

Ұран

«Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар, қалан». — Абай

Мақсаты

Оқушылардың ойлау, есте сақтау және қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі

  • Сахнада түрлі түсті шарлар
  • Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар
  • Интерактивті тақта

Сайыстың барысы

I. Ұйымдастыру

Топқа бөлу, қатысушыларды дайындау.

II. Негізгі бөлім

Бес бөлімнен тұратын сайыс кезеңдері.

III. Қорытынды

Қазылар бағасы, жеңімпаздарды марапаттау.

Кіріспе сөз

Білім — теңіз, мектеп — кеме, жүзіп келем,
Дүниенің төрт бұрышын сүзіп келем.
Шалқытып, шарықтатып, асқақтатып,
Ой тербелей, тоқтамас алып кемем.

Құрметті ұстаздар! Қадірлі егеменді елдің жастары! 6 «А» және 6 «Б» сынып оқушылары арасында өтетін сайысымызға қош келдіңіздер. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

  1. 1. Таныстыру — әр топтың аты, ұраны және төл белгісі болуы керек.
  2. 2. Ойлан, тап! — әдебиет пәні бойынша.
  3. 3. Сен білесің бе? — қазақ тілі пәні бойынша.
  4. 4. Кім жылдам?
  5. 5. Қолқа салу — өнер сайысы.

«Елімнің болашағы зор деп білем,
Сол үшін қайрат етер ерлер кілең.
2030 — менің болашағым,
Жақындап жаңа өмір, саған кірем»,
— демекші, болашақ сендердің қолдарыңда.

Топқа бөлу

  • I топ: Арман
  • II топ: Жас қыран
  • III топ: Жасұлан
  • IV топ: Болашақ

Қазылар алқасы

Қазылар алқасымен таныстыру және бағалау талаптарын түсіндіру.

II тур: «Ойлан, тап!» (Әдебиет)

5–6-сынып бағдарламасындағы шығармалар бойынша кейіпкердің аты айтылады. Оқушылар сол шығарманың авторын және тақырыбын дұрыс табуы керек.

Кейіпкер(лер) Шығарма / Автор
1 Жаман, 40 уәзір «Аяз би» ертегісі
2 Барлас ақын, Ұлжан, жас Абай М. Әуезов — «Ақын қонақтар»
3 Кенжекей «Ер Төстік» ертегісі
4 Мергенбай батыр, Тасқара бай «Керқұла атты Кендебай»
5 Шеген, Қайрош, Бораш Ғ. Мүсірепов — «Жаңа достар»
Қ. Сарталиев — Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ солдаты (дерек)
6 Тоқтарбай, Тайбурыл, Құртқа «Қобыланды батыр» жыры
7 Құлтай, Ұлтан, Гүлбаршын, Шұбар ат «Алпамыс батыр» жыры
8 Жетім бала Ақтан Д. Бабатайұлы — «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

III тур: «Сен білесің бе?» (Қазақ тілі)

Бұл кезеңде оқушылар лексика, фонетика, сөзжасам және морфология бойынша сұрақтарға жауап береді.

Лексика

  1. 1) Омоним дегеніміз не?

  2. 2) Мына сөйлемнен синоним болатын сөзді тап:

    «Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды».

  3. 3) Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не? Мысал келтір.

    Эвфемизм — ойды сыпайы, әдепті, жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер.

    Дисфемизм — адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер.

Фонетика

  1. 1) Фонетика дегеніміз не?

    Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.

  2. 2) Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін қанша әріп бар?

    9 әріп: ә, і, ғ, қ, ұ, ү, ө, һ, ң.

  3. 3) Буын дегеніміз не? Түрлерін ата. Мысал келтір.

    Буын — сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Түрлері: ашық, тұйық, бітеу. Мысалдар: қала, ат, қант.

Сөзжасам

  1. 1) Түбір дегеніміз не? Қосымшаның түрлерін ата.

    Түбір — сөздің мағына беретін, бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі. Қосымшаның түрлері: жұрнақ, жалғау.

  2. 2) Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді? Мысал келтір.

    Дара және күрделі. Дара сөз — бір ғана сөзден тұрады (мысалы: әке, даналық). Күрделі сөз — екі немесе одан да көп түбірден құралады (мысалы: әкелі-балалы).

  3. 3) Қос сөз дегеніміз не? Түрлерін ата. Мысал келтір.

    Қос сөз — екі сөздің қосарлануы немесе қайталануы арқылы жасалған сөз. Түрлері: қайталама, қосарлама.

Морфология

  1. 1) Атауыш сөз дегеніміз не?

    Белгілі бір ұғымның атауы болып, жеке тұрғанда нақты лексикалық мағына білдіретін сөздер атауыш сөздер деп аталады.

  2. 2) Одағай не себепті оқшау сөз болып табылады?

    Одағайдың дербес лексикалық мағынасы болмайды; адамның көңіл күйін білдіреді және сөйлем мүшесі бола алмайды.

  3. 3) Сөз таптары дегеніміз не? Оларды ата. Мысал келтір.

    Сөздердің мағынасына, тұлғасына және сөйлемдегі қызметіне қарай топтасуын сөз таптары дейміз.

IV тур: «Кім жылдам?»

Берілген әріптерден сөздер құрастыру.

А Т П С У Е Н Ж С І Л Р

V тур: «Қолқа салу» (Өнер сайысы)

Әр топ өз өнерін ортаға салады.

«Білімділіктің ең басты факторы — туған тілінде сөйлеу және оны құрметтеуден басталады».
Г. Гегель

Қорытынды

Қорытынды жасау үшін сөз кезегі қазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Бағалау

Қазылар ұпайларды жариялайды.

Нәтиже

Жеңімпаз топ анықталады.

Марапаттау

Оқушыларға алғыс хат, сыйлықтар табысталады.