Саяхатымыздың алғашқы бағыты 1991 жыл

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Азаттықтың ақ таңы!»

Ашық тәрбие сағатының мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктерімен таныстыру, білімін тереңдету.
  • Отанды сүюге баулу, Қазақстанды өркендетуге білімді әрі білікті азаматтардың қажет екенін ұғындыру.
  • Елге сүйіспеншілікті арттыру, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді сақтау және жалғастыру.
  • Тәуелсіздіктің 22 жылындағы негізгі жетістіктерді таныстыру.
  • Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, ана тіліне құрметпен қарауға, Отанды қадірлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік

Өз елінің тарихын құрметтеуге, патриот болуға, адамгершілікпен елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • ҚР Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • А «Астана — бас қала» тақырыбындағы материалдар (2010)
  • ЕҚ «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы» тақырыбындағы бүктемелер
  • К Кітап көрмесі
  • С Слайдтар
  • IT Интерактивті тақта және ақпараттық технологиялар

Сабақтың түрі

Саяхат сабағы. Тәрбие сағаты кезең-кезеңімен тарихи оқиғалар мен маңызды белестерге «саяхат» жасау арқылы өтеді.

Кіріспе

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Азаттықтың ақ таңы!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі кездесуіміз саяхат үлгісінде өтеді.

Елбасының сөзі

«Біз бәріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу — ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар — ол тәуелсіз Қазақстан».

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәуелсіздікке апарған жол

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Ол — ежелгі ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі. Өткенге көз салсақ, халқымыз тарихтың талай сындарынан өтті.

  • 1723

    Жоңғар шапқыншылығы

    Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.

  • 1929–1933

    Ұжымдастыру және ашаршылық

    Ұжымдастыру салдарынан халық жаппай аштан қырылды: 2,2 млн қазақ қаза тапты, 1,5 млн адам Қазақстаннан көшіп кетті.

  • 1936–1938

    Саяси қуғын-сүргін

    Ел зиялылары мен талай азаматтар жазықсыз жапа шекті.

  • 1941–1945

    Ұлы Отан соғысы

    Миллиондаған адам майданға аттанып, ел тылда еңбек етті.

  • 1986

    Желтоқсан оқиғасы

    Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы шешуші белестерінің бірі болды.

Еске алу

Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Тарих толқынында талайды бастан кешірген қазақ елі тәуелсіздік алған тұста дұрыс таңдау жасағанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бүгінге дейінгі алуан түрлі өзгерістер Президент бастамаларымен жүзеге асып келеді. Бейбітшілік, келісім және тұрақтылық жағдайында Қазақстан әлемдегі жетекші елдердің қатарына қосылуға нық қадам басуда.

Жасампаздық жылнамасына саяхат: 1991 жыл

Алғашқы бағытымыз — 1991 жыл. Бұл бөлімде Елбасы туралы мәліметтер ұсынылады (оқушылар презентациясы).

Айбардың баяндамасы

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Сол күні Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Назарбаевтар шаңырағында сәби өмірге келді.

Қызмет жолы: 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушысы қызметіне дейін көтерілді.