Сабақ мақсатын хабарлау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру ұйымы

Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектеп

Пән / сынып

Дүниетану (4-сынып)

Мұғалім

Есенбаева А. К., бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы

Өзен және көл. Суды қорғау.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Мақсаттар мен міндеттер

Оқыту мақсаты

  • Су туралы алған ұғымдарды нақтылау және тереңдету.
  • Судың қасиеттері мен маңызын меңгерту.
  • Судың табиғаттағы тіршілік көзі екенін түсіндіру.

Тәрбиелік мақсат

  • Қоршаған ортаны қорғауға баулу арқылы экологиялық тәрбие беру.
  • Ұлттық тәрбие: тыйым сөздер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдерді білуін нығайту.

Дамытушылық міндет

  • Тәжірибелер арқылы оқушының танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту.
  • Өз ойын білдіруге, пікір айтуға және тұжырым жасауға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Көрнекілік (кестелер)
  • Проблемалық сұрақ-жауап
  • Деңгейлік тапсырмалар

Көрнекі құралдар

  • Түрлі-түсті суретті кестелер мен парақшалар
  • Үнтаспа материалдары
  • Қазақстанның физикалық картасы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабақтың мақсатын хабарлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге: «Су айналымы», «Жер асты сулары» мәтіндерін оқып келу және тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалу берілген. Тексеру «Гүлдерді аялайық» ойыны арқылы жүргізіледі: гүл күлтелерінің артында жазылған сұрақтарға жауап беріледі.

Қайталау сұрақтары

  1. 1.«Сусыз тіршілік жоқ» дейміз. Неліктен?
  2. 2.Су неше күйде болады? Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
  3. 3.Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?
  4. 4.Жер асты сулары қалай пайда болады?
  5. 5.Құдық суы қандай болады және қандай мақсатта пайдаланылады?
  6. 6.Минералды сулар қалай пайда болады?
  7. 7.Шипалы су дегеніміз не?
  8. 8.Қазақстанда минералды сулар қалай аталады?
  9. 9.Қазақстандағы белгілі су курорты қалай аталады? Ол қай жылы ашылған?

Топтық өлең жолдары

I топ

Табиғаттың өзіндей,
Ерке, нәзік сезімдей.
Үлбіреген гүл-ару —
Күзетейік көз ілмей.

II топ

Нәзік гүлдер — әніміз,
Жайнап өссін бауымыз.
Еңсесі биіктеп барады,
Гүлдерге оранған тауымыз.

III топ

Гүлдер деген — жыр-аңыз,
Қолға ұстап шығамыз.
Сол гүлдерден сұлулық,
Тазалықты ұғамыз.

III. Жаңа сабақ: өзен, көл және суды қорғау

1) Кіріспе әңгіме (сұрақ-жауап)

  • Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің маңызы қандай?
  • Ластанған су деп қандай суды айтамыз?

Оқушылар өз білгенін айтып, ортақ қорытынды жасайды.

2) Картамен жұмыс

Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, өзендер мен көлдер туралы мәліметтерді жүйелей отырып түсіндіру жүргізіледі.

3) Тірек-сызба: суды ластаушылар

Тұрмыстық қалдықтар

Тағам қалдықтары, жуындылар

Өнеркәсіп

Зауыттар мен түрлі өндіріс орындары

Мұнай саласы

Мұнай өнеркәсібі қалдықтары

Көлік инфрақұрылымы

Теміржол маңы ластануы

Тау-кен өндірісі

Шахталардан шығатын ағындылар

4) Мақал-мәтелдер: суға құрмет

«Суды таза ұстау — оны қорғау» деген ойды бекіту үшін су туралы мақал-мәтелдер айтылады.

  • Су ішкен құдыққа түкірме.
  • Судың да сұрауы бар.
  • Сусыз жер — нусыз жер.
  • Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішер.
  • Сыйлап берген су да тәтті.
  • Қайғысыз ішсең, қара су да тәтті.
  • Су қадірін шөлдеген білер.

5) Тыйым сөздер: суды құрметтеу мәдениеті

  1. 1.Суға түкірме.
  2. 2.Ағынды суға кір жумайсың.
  3. 3.Суды бекер ағызба.
  4. 4.Суға дәрет сындырма.

IV. Пысықтау: 1 минуттық жылдам сұрақтар

Теориялық білімнің жетекші рөл атқаруы принципі бойынша оқушылар 1 минут ішінде сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап береді.

  1. 1.Жердің қанша бөлігін су алып жатыр? (3/4)
  2. 2.Тұз бен газ ерітіндісі бар су қалай аталады? (минералды су)
  3. 3.Өзен ағатын жердегі терең шұңқыр қалай аталады? (арна)
  4. 4.Шағын өзендердің құрғап қалмауы үшін не істеу керек?
  5. 5.Өзеннің көлге құятын жері қалай аталады? (саға, құйылыс)
  6. 6.Тұщы судың негізгі қайнар көздері нелер? (өзендер)
  7. 7.Жер бетіндегі табиғи тереңдікте орналасқан табиғи су қоймалары қалай аталады? (көлдер)
  8. 8.Қазақстанның ірі көлдері мен теңіздерін ата. (Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл)
  9. 9.Көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкен көл қайсы? (Балқаш)
  10. 10.Тау атымен аталатын қай өзен? (Орал)

V. Қорытындылау

Сабақ соңында оқушылар судың тұрмыста және табиғатта алатын орны туралы ой қорытып, жеке жауап береді.

  • Біздің елімізде суды қалай пайдаланады?
  • Біз суды краннан ағызып іше аламыз ба?
  • «Суды қорғау» дегенді қалай түсінесіңдер?

VI. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Реферат жазу.
  • Басқа оқулықтардан қосымша ақпарат жинау.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, жауаптарының нақтылығы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.