Бейнелі сөздердің астарын табу

Тақырыбы: «Сөз — мерген»
Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы — мақал-мәтелдерді орынды қолдануға үйрету, тұрақты тіркестер мен көнерген сөздердің мағынасын ашып айтуға баулу, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, интерактивті тақтадағы бейнелі сөздер.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Сөз — мерген» тіл білгірі сайысына қош келдіңіздер!

(Сайысқа қатысушы оқушылармен таныстыру)

Өтілу барысы

Сайыс бірнеше айналымнан тұрады. Әр айналым тіл байлығын, ой ұшқырлығын және мақал-мәтел мен тұрақты тіркестерді орынды қолдану дағдыларын тексеруге бағытталған.

1-айналым. Берілген сөздер бойынша мақал-мәтел айту

Төмендегі сөздерге байланысты мақал-мәтелдер айтылады:

  • Кітап
  • Сөз
  • Білім
  • Тіл
  • Еңбек
  • Дос
  • Қыз
  • Қой
  • Ақыл
  • Денсаулық
  • Тазалық
  • Батыр

Мысал: «Кітап — білім бұлағы», «Денсаулық — зор байлық», т.б.

2-айналым. Бейнелі сөздердің астарын табу

Қатысушылар тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіреді.

Тіркес Мағынасы
Ит арқасы қиянда Алыс
Жер тепсінді Қатты ұрысты
Тайға таңба басқандай Анық
Тас бауыр Мейірімсіз
Су жүрек Қорқақ
Қыздың жиған жүгіндей Әсем, көрікті
Ит терісін басына қаптады Ұрысты (қатты сөкті)
Көз ілмеді Ұйықтамады
Бетінен оты шықты Ұялды
Жүрегінің түгі бар Батыл

3-айналым. Тақырыптар бойынша мақал-мәтел айту

Қатысушылар төмендегі тақырыптарға сай мақал-мәтелдер келтіреді:

  1. 1) Ынтымақ, бірлік туралы
  2. 2) Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы
  3. 3) Ата-ана туралы
  4. 4) Төрт түлік мал туралы

4-айналым. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Берілген нұсқалардың ішінен мақал-мәтелдің дұрыс жалғасын табу.

1-сұрақ

  • 1) Халық
  • 2) Жұрт — Бесік
  • 3) Туған жер
  • 4) Ел

2-сұрақ

  • 1) Атамекен
  • 2) Отан — Бұлбұл
  • 3) Жер
  • 4) Су

3-сұрақ

  • 1) Алып
  • 2) Қорқақ — Ана
  • 3) Палуан
  • 4) Батыр

4-сұрақ

  • 1) Ағаш
  • 2) Орман — Күймес
  • 3) Көсеу
  • 4) Қалақ

5-сұрақ

  • 1) Ауыз
  • 2) Таңдай — Құлақ
  • 3) Ерін
  • 4) Мұрын

6-сұрақ

  • 1) Ана
  • 2) Әке — Ас
  • 3) Бала
  • 4) Немере

7-сұрақ

  • 1) Жаңбыр
  • 2) Өзен — Ел
  • 3) Көл
  • 4) Орман

8-сұрақ

  • 1) Ұл
  • 2) Ана — Жұрт
  • 3) Қыз
  • 4) Бала

Дұрыс жауаптар (мақал-мәтелдер)

  1. Ел іші — алтын бесік.
  2. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  3. Алып анадан туады.
  4. Көсеу ұзын болса, қолың күймес.
  5. Аузың біреу, құлақ екеу.
  6. Анасын көріп, қызын ал; аяғын көріп, асын іш.
  7. Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер.
  8. Қыз — жат жұрттық.

5-айналым. Көнерген сөздер

Қатысушылар көнерген сөздерді атап, олардың мағынасын түсіндіреді.

6-айналым. «Кім тапқыр?»

Құрамында жаңа сөздер кездесетін мақал-мәтел немесе жұмбақ құрастырылады.

7-айналым. «Озық болсаң, озып көр»

Жаңылтпаштарды мәнерлеп оқып, жатқа айту.

8-айналым. Ой-толғау

Берілген тақырыптар бойынша қысқаша сөйлеу, өз ойын жүйелі жеткізу.