Білімді жинақтау үшін берілетін тірек сөздер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Қосымбаева Қатира Жауынқызы. Пәні: Қазақ тілі. Сыныбы: 7.

Сабақтың тақырыбы

Салыстырмалы шырай және оның жасалу жолдары.

Жалпы мақсат

Оқушылардың сын есімнің шырайлары туралы түсінігін кеңейту; салыстырмалы шыраймен таныстыру және шырай түрлерін ажыратуға үйрету.

Сілтеме

Қазақ тілі. 7-сынып оқулығы: С. Исаев, Г. Қосымова. «Атамұра», 2012.

Күтілетін нәтиже

Сабақ оқушыларды оқуға жауапкершілікпен қарауға, қалыптан тыс ойлауға және тақырыпты түсінуге ынталандырады.

Түйінді идея

Оқушылардың бір нәрсені қалай түсіндіретінін және қалай бағалайтынын мұқият тыңдаңыз, араласпаңыз. Бұл сізге кейде ауыр тиуі мүмкін, бірақ ол — құнды ақпарат: оқушылардың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: «Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау» (1998).

Материалдар мен әдістер

Қолданылатын материалдар

  • A4 парақтары
  • Парақшалар
  • Тақырыптық презентациялық жазбалар
  • Үлестірме парақтар

Оқыту әдістері

  • Топтық жұмыс
  • Жеке жұмыс

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал (2 минут)

Парақшадағы сөздерді құрастыру арқылы оқушыларды топқа бөлу ұсынылады.

Ұйымдастыру кезеңі

I тапсырма — Ой шақыру (5 минут)

Бірнеше үлкенді-кішілі, түрлі түсті суреттер көрсетіледі. Түстерді бір-бірінен айырмашылығы бойынша топтастыру ұсынылады.

Жетелеуші сұрақтар

  • Не байқадыңыз?
  • Бір тектес сындардың әр түрлі дәрежеде болуы туралы не айта аласыздар?
  • Сын есімнің шырайы дегеніміз не?
Талдау және талқылау

II тапсырма — «ДЖИГСО» (топтық жұмыс)

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топ ұсынылған ақпаратпен танысып, қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алады. Кейін жинаған мәліметтерін тірек сөздер арқылы түсіндіреді.

I топ

  • Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық не кем екенін салыстыру арқылы білдіретін шырай түрі — салыстырмалы шырай.
  • Жұрнақтар: -рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу.

II топ

  • Жұрнақтар: -ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -қылтым, -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім.

III топ

  • Жұрнақтар: -ғыш, -ілдір, -аң, -қай, -ша, -ше.

Тірек сөздер

Салыстырмалы шырай, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар: -рақ, -ғыл, -ғыш, -шыл, -аң.

Ақпаратты құрастыру

III тапсырма — 50-жаттығу (қалыптастырушы бағалау)

«Айналмалы бекет» тәсілі қолданылады: оқушылар портрет сипаттамасындағы сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдырады. Сағат бағытымен ауысып, орындалған жұмыстарды өзара тексереді.

I топ — мәтін

Бораш бір аққұба ғана емес, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей. Мөлдір қара көзінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай.

II топ — мәтін

Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген тобылғы торы екен. Қақпақ жауырынды, қыздай қыпша бел. Кеудесі шалқақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала.

III топ — мәтін

Келте мұрын, аузы үлкенірек, қоңыр көздеу болғанымен, маған ол өте сымбатты көрінді. Табаны жалпақ та, тайпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай.

Нұсқау: Өздеріңізге берілген тапсырманы орындап болған соң, басқа топтың жұмысын да тексеріңіздер. Жұмыс қорытындысы бойынша бір-біріңізді жұлдызша арқылы бағалаңыздар.

Өзара бағалау

Қысқа қорытынды

Бұл сабақта оқушылар салыстырмалы шырайдың мәнін түсініп, оны жасайтын жұрнақтарды жүйелейді және мәтін ішіндегі сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдыру арқылы дағдыларын бекітеді.