Мыстан бикеш, сен өзің үйіңе кет
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
№2 ЖОББМ шағын орталықтың тәрбиешісі: Ахметова Сулушаш Заркешқызы
Ертеңгілік сценарийі
«Нағыз ана, нағыз әже»
Тақырып
Аналар мен әжелерге арналған 8 Наурыз мерекелік ертеңгілігі
Кейіпкерлер
- Жүргізуші
- Сайқымазақ (Тили-Вили)
- Мыстан бикеш
Негізгі ой
Көктем мерекесі арқылы мейірім, алғыс, сыйластық және адалдық құндылықтарын дәріптеу
Ертеңгіліктің барысы
1) Кіріспе. Қонақтарды қарсы алу
Музыка ойнап тұрады. Ұлдар залға кіріп, жарты шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші:
Ұлдар, бүгін қыздардың да, аналардың да мерекесі! Бәрің келдіңдер ме? Мерекеде кімдер жоқ? Қыздарымыз сәнденіп, сәл кешігіп жатыр екен — тоса тұрайық. Ал бүгінгі мерекемізді ұлдардың орындауындағы «Анаға сәлем» әнімен бастайық. Қабыл алыңыздар!
Қыздар залға кіреді, ұлдар оларды қошеметпен қарсы алады.
Жүргізуші (қыздар кіргенде):
Қараңдаршы, біздің қыздарымыз қандай әдемі болып кетіпті!
Жүргізуші:
Сегізінші Наурыз — көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың өзі де бұл күні аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында еліміздің көп өңірінде әлі қар жатса да, жүрегімізді көктемнің жылуы жылытады. Өйткені көктем секілді әйел-ана да адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды.
2) Құттықтаулар. Аналарға арналған тақпақтар
Айназ:
Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар! Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Санжар:
Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған,
Сақтандырып күнде еккен, айтып бәрін үйреткен —
Анамызға мың алғыс!
Дильназ:
Сеніміңді ақтаймын — еркелеткен балаңмын.
Аман жүріп әрқашан, мұңаймашы, анашым!
Алмат:
Бір өзіңнен бастау алған өмір жолдарын
Жүрегіме жалғадым.
Өзің сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.
Абушахман:
Ерлік еткен біз үшін, еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді — анамызға мың алғыс!
Расул:
«Жаным» дейсің мені — жаратушым бір сен.
Жалғыз өзім, тегі, жанашырым білсең…
Айналайын, ана!
Данияр:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Дәулет:
Ананың біз гүліміз, ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып, ұзақ өмір сүріңіз!
Ералы:
Қандай бала болсақ та, анамызға балдаймыз.
Көтерейік көңілін, ән салайық бәріміз!
Ән:
«Айналайын, ақ мамам!»
3) Сюрприз-қонақ: Тили-Вили сайқымазағы
Жүргізуші:
Біздің ұлдарымыз қыздарға тосынсый дайындап келіпті. Бізге арнайы қонақ шақырған. Балалар, қонақты шақырамыз ба?
Балалар: Иә! (Шапалақ)
Сайқымазақ:
Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар! Менің атым — Тили-Вили. Сендерді сонау Америкадан құттықтауға келдім: Hello! Hello! Hello!
Бүгін мереке бойы сендерді күлдіріп, көңілдеріңді көтеремін. Ал қазір акробатикалық нөмір көрсетемін!
(Сайқымазақ басына тұруға тырысып, құлап қала береді. Балалар күледі.)
Жүргізуші:
Қой, Тили-Вили, мойныңды сындырып аласың. Оның орнына балаларымыздың биін қабыл ал!
Би:
«Қазақстан»
(Сайқымазақ қимылдарды қайталап, бірге билейді.)
4) Әжелерге арналған бөлім
Жүргізуші:
Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз құрметті әжелерге арналады.
Нұрсұлтан:
Әжемді мерекесімен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай, сені жақсы көремін», — деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Гүлзада:
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
Ернұр:
Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Данашым, ақ әжем.
Аяулым:
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті, бал әжем!
Ән:
«Әжетайым»
5) Тосын оқиға: Мыстан бикештің келуі
Әннен кейін сырттан көлік гуіліндей дыбыс естіледі. Залға Мыстан бикеш кіреді.
Мыстан бикеш:
Мұнда қандай мереке болып жатыр? Неге сонша мәз болып отырсыңдар?
Жүргізуші:
Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың?
Мыстан бикеш:
Мен — Мыстан бикешпін. Сендер мені танымайсыңдар ма? Мыстан кемпірді білесіңдер ғой — мен оның жалғыз сүйікті немересімін. Ол қазір зейнетте, енді мен оның орнын басамын. Енді барлық мерекені бұзамын. Сендердің ертеңгіліктерің де болмайды. Үйлеріңе қайтыңдар!
Жүргізуші:
Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз. Біз ешқайда кетпейміз!
Сайқымазақ:
Мыстан бикеш, өзің үйіңе қайт!
(Оған үрлейді, итереді.)
Мыстан бикеш:
Солай ма? Онда мен саған қазір көрсетемін! Менің шляпам сиқырлы. Қазір сені бақаға айналдырамын! Қане, сайқымазақ, бақаға айнал!
(Шляпасымен тербетеді. Сайқымазақ бақа болып «бақылдап», секіріп шығып кетеді.)
Мыстан бикеш:
Енді сендерді ешкім күлдірмейді! Көңіл-күйлеріңді ешкім көтермейді!
Жүргізуші:
Мыстан бикеш, сен не істедің? Балалардың мерекесін бұздың ғой!
Мыстан бикеш:
Иә. Ал сендер маған не істей аласыңдар? Ештеңе істей алмайсыңдар!
6) Шешім: Гүл жинау ойыны және тәрбиелік әңгіме
Жүргізуші:
Мыстан бикеш, Тили-Вилиді қайтаршы. Өтінеміз!
Мыстан бикеш:
Ал ол үшін маған не бересіңдер?
Жүргізуші:
Біз саған гүл жинап береміз.
Ойын: «Гүлді жина» эстафетасы
- Балалар 2 топқа бөлінеді.
- Орындық үстінде 5 гүл жатады.
- Әр бала гүлді кезекпен бір-бірден алып, қыздарға сыйлайды.
- Ойын соңында қыздар гүлдерді Мыстан бикешке ұсынады.
Мыстан бикеш:
Гүлдерің өте аз екен. Онда мен сайқымазақты қайтармаймын!
Жүргізуші:
Мыстан бикеш, сен бізді алдадың. Балалар, айтыңдаршы: адамдарды алдауға бола ма?
Балалар: Жоқ.
Жаман қылық жасауға болмайды. Қазір балаларымыз өмірде қандай болу керек және қандай болмау керек екенін айтады.
Көрініс:
Екі бала Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқиды.
7) Татуласу: Би және кейіпкердің өзгеруі
Мыстан бикеш:
Ой, балалар… енді түсіндім. Менің істегенімнің бәрі жаман екен. Жақсы болу үшін, аздап билеп, көңіл көтеру керек!
Жүргізуші:
Мыстан бикеш, саған арнайы қыздарымыз әкелерімен бірге би билеп береді.
Би:
«Сүйікті әкем»
Мыстан бикеш:
Рахмет, балалар. Енді мен ешқашан жаманшылық жасамаймын. Қазір сайқымазақты қайтарамын.
Сайқымазақ:
Алақай! Рахмет, балалар! Сендер мені құтқардыңдар. Болмаса мен бақа болып жүре берер едім!
Мыстан бикеш:
Енді мен Мыстан кемпір апамды мерекемен құттықтауға барамын.
Жүргізуші:
Мына гүлдерді апаңа сыйла.
Мыстан бикеш қоштасып шығып кетеді.
Би:
«Алақай, балақай» (шарлармен)
8) Аналарға арналған қорытынды құттықтаулар
Жүргізуші:
Келесі құттықтау тақпақтарымыз құрметті аналарға арналады. Қабыл алыңыздар!
Мансұр:
Анам менің сүйіктім, тек өзіне табынам.
Қасымда болсаң — жарығым, алыстасаң — сағынам.
Науан:
Бүгінгі көктем күнінде барша адам қуанар.
Аналарды мейраммен құттықтайды балалар.
Бексұлтан:
Шаттық сезім ой келді — қуанышты күн енді.
Құттықтаймыз сіздерді, жанымызды жайнатқан — сіздер ғой, аналар!
Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз біз, аналар!
Алтынбек:
Достықты біз ойлаймыз, күнде күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап, мерекесін тойлаймыз.
Асылхан:
Таппадым сенен артық жанды,
Байлығым екенсің қасымдағы.
Мәңгілік борыш боп өте тұғын
Бақытым — ана, өзің қасымдағы.
Нұрсая:
Әлпештеген баласын — ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өз анасын, мақтан етер анасын.
Диас:
Анашым менің — жан анам, мейірімнен жаралған.
Тәрбие алып өзіңнен, ақ сүтіңнен нәр алған.
Жаннұр:
Бал бөбегін баптаған мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді — көп жасасын жақсы адам!
Малика:
Анашым менің — жан анам, мейірімнен жаралған.
Тәрбие алып өзіңнен, ақ сүтіңнен нәр алған.
9) Ағылшын тіліндегі бөлім және шығармашылық ойындар
Жүргізуші:
Тили-Вили, біздің балалар ағылшын тілінде де тақпақ айтып, ән орындай алады.
Жалықпастан үйреніп, бірнеше тіл білеміз.
Шет тілінде сызылтып, сүйікті ана туралы ән салуды сүйеміз.
Ән (Альбина, Алина):
My dear, dear mammy!
Сергіту сәті: ағылшын тілінде
Сайқымазақ:
Қандай әдемі ән! Енді сурет арқылы аналарыңды қаншалық жақсы көретіндеріңді көрсетіңдер.
Ойын: «Ананың суретін салу»
Балалар аналарының портретін салып, өз жұмыстарын қысқаша таныстырады.
Ән (Асылжан және Гүлзада):
«Қошақаным қайда екен»
10) Қимылды ойындар және фокус
Ойын: «Күндерді жина»
- 10 бала шығып, 2 командаға бөлінеді.
- Әр командаға күннің бөліктері беріледі: шеңбер және 10 шуағы.
- Кім бірінші күнді құрастырса — сол жеңімпаз.
Ойын: «Балық аулау»
Сайқымазақ екі шелек пен «балықтарды» әкеледі. 4 бала шығып, балық аулау ойынын ойнайды.
Фокус: «Орамалдар»
Бір сайқымазақ орамалды қалтасына салады, ал екіншісі өз қалтасынан дәл сондай орамалды шығарады.
11) Қорытынды. Алғыс және сыйлықтар
Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор жан — осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын! Әрқашан аман болайық!
Балаларымыз сіздерге сыйлықтарын тарту етеді. Қабыл алыңыздар! Ұлдарымыз қыздарға сыйлықтарын сыйлайды.