Біз сіздерге мәңгі борыштармыз

Көктем келді — көңілге нұр, жүрекке жылу

Көктем — табиғаттың ғана емес, адам жанының да жаңаратын шағы. Нұрлы шуақ әрбір жанды қуанышқа бөлеп, көңілді көтереді. Бүгінгі мерекелік кештің сарыны да — дәл осы: көктемнің нәзік лебі, үміттің ұшқыны, жүректегі мейірімнің артуы.

1-жүргізуші

Көктем келді! Нұр шуаққа бөлейді, әрбір жанды қуанышқа кенелейді. Бүгін құлындай құйғытып, көк аспанға құстай ұшқың келеді.

2-жүргізуші

Көктем — думан! Бар қызыққа бөлейді. Айдын көлде жүзгің келіп, көңіл сергиді. Нұр көктемді дария суға теңесең, сәукелелі құрақтай құлпырағың келеді.

Неткен жылы, неткен ғажап мезгіл! Қуаныш құшағыңа еніп, көктем шуағын мейірлене аймалағың келеді.

8 Наурыз: аналарға арнау, ұстаздарға тағзым

Ақ жаулықты аналар! Мейірімі мол, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы болған аяулы ұстаздар! Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар, қызғалдақтай жайнаған құрбы-қыздар, қарындастар! Сіздерді көктемнің мейірімді де әсем, салтанатты да сезімге толы 8 Наурыз — Аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ана — ең жақын жан

Ана — әр адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялап, жанын да аямайтын ардақты тұлға.

Ана — құдірет

Ана — жүрек. Ана — тірек. Тіректі құрметте. Ана — шыңың, шыңына сағынып жет. Ана — күнің, күніңе табынып өт. Бар игі жақсының бастауы — Ғазиз Ана.

Өлең жолдары: ананың мейірімі — өмірдің өзегі

Арнау

Ана маған күн сыйлап, ғұмыр берген,

Қасиетті анамның тілін берген.

Шарласаң да шар дала, күн-түн мейлі,

Артық жанды таппадым жұмыр жерден.

Табыстырған мені ана жан әкеммен,

Мейірімін сондықтан дар көрем.

Маған ыстық жандардың бәрін-бәрін,

Барлығын да өмірге ана әкелген.

Ән:

«Асыл ана» — орындаушы: Тынымбай Айбану

Ұстазға тағзым

Тағдырыңа талайдың алаңдайсың,

Сәуле болып әлемге таралғайсың.

Білім нәрін аямаған асыл ұстаз,

Сен менің ең аяулы — анамдайсың.

Аяулы ұстаз — сан сүрлеу, соқпақ жолда,

Жөн сілтер Темірқазық.

Ұстаз еңбегі — шәкірт жетістігімен өлшенеді

Ұстаз мерейі — ең алдымен шәкірт жетістігі. Бойдағы бар күш-жігерін аямай, зерделі де зейінді шәкірт тәрбиелеу үшін бар білімі мен ілімін сарп еткен ұстаздарға алғысымыз шексіз. Біз сіздерге мәңгі борыштармыз. Бүгінгі ақ тілектер мен жүректі жылытар лебіздер — тек сіздерге арналады.

Құттықтау сөзі

Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің басшысы Исаев Қорғанбек Рамазанұлына беріледі.

Өнер — мерекенің айнасы

Әсем би — әр елдің рәсімі, әр ұлттың рухани көркі. Өнер қуаныш үстінде тіпті жараса түседі. Бүгінгі кеште де өнер шашуы ұсынылады.

Би нөмірі

Сіздердің алдарыңызда — «Салтанат» би тобы.

Ән нөмірі

«Ана туралы жыр» — аналарға арналған жүрекжарды ән.

Ана туралы толғаныс: алтын қазық

Өмірдің бәйтерегі

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген — бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Қадірін білу — парыз

Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана десең — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Мейірім болса — тыныштық орнар еді

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Әр үйдің жұлдызы

Ана десем — шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Шуақты көктем гүлін ала келді. Бұл — көктемнің мерекесі ғана емес, өмірдің көктемі мен гүлі болған аналарға көрсетілер құрметтің айқын күні. Ана деп бас иеді күллі халық.

Ұстаз — Ана: ақ тілектер

Ұстаз — Ана! Өмірің шын гүлденсін,

Қыраттағы қызыл гүлдей түрге енсін.

Бақ пен баян, абырой мен қуаныш,

Алдарыңа жүз оралып, мың келсін.

Орындалсын арман-тілек ойдағы,

Тағат-төзім таусылмасын бойдағы.

Шағаладай шәкірт үшін шарқ ұрып,

Аман болған күндеріңнің тойы — бәрі.

Келесі ән

Келесі әсем әнді қабыл алыңыздар.

Мерекелік лебіздер және сөз кезегі

Анаға арнау

Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,

Жыр жаздым тұңғыш саған.

Анашым, айтарым көп — тіл жетпейді,

Бір сендей асыл жанды таба алмадым.

Теңдесі жоқ жақсы адам

Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілей тұғын сырттай жүріп бақ саған.

Тіршіліктің тынысы мен ажары —

Ана деген — теңдесі жоқ жақсы адам.

Көңілдеріңізде мұң мен наз болмасын. Қыс-жаздарыңыз шаттыққа толсын. Мереке құтты болсын, ең аяулы асыл ұстаздар!

Келесі кезекті мектеп бітіруші түлектерге сөз береміз.

Ананың махаббаты — қанат, күш, рух

Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан — Ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, ана оған жұмсақ алақанын, жылы жүзін, ыстық құшағын, мейірімі мен махаббатын арнайды. Ана махаббаты адамға қанат бітіріп, күш беріп, рухтандырады.

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам — қуанады ол бірге,

Мен қиналсам — табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші —

Ана алдында борышты ғой бар адам.

Ән:

Мерекелік ән нөмірі ұсынылады.

Қорытынды: жылылық сарқылмасын

Ақ тілеген жат-жақын жуығына, өмірдің ыстық-суығына төзген, берекенің бастауы болған ақ жүректі аналар — сіздер біздің шаңырағымыздың шырағы, уығысыздар.

Құтты болсын көктемгі мерекелеріңіз! Көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін!

Мерекелік жиын жабық деп жарияланады

«Сарқылмайтын жылылық, Ана аты — ұлылық» атты мерекелік кешті жабық деп жариялаймыз. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!