Слайд Тырнаның тапсырмасы
Сабақтың тақырыбы: дара және күрделі етістіктер
Бұл сабақта оқушылар етістіктің құрамына қарай бөлінуін түсініп, сөйлем ішінен дара және күрделі етістіктерді тауып, бір-бірінен ажыратуды үйренеді. Сабақ мазмұны оқушының сөздік қорын байытып, сауатты жазуға қалыптастыруға, шығармашылық ойлау мен есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталады. Сонымен қатар әр істі ұқыпты орындауға және құстарды қорғауға тәрбиелейді.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Түрі
Аралас сабақ
Әдістері
- Сұрақ-жауап
- Өзіндік жұмыс
- Ой ашар
- Ой толғаныс
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Тірек-сызба
- «Құстарға көмек» ойыны
- Сәйкестендіру тесті
Негізгі мақсат
Дара және күрделі етістіктер туралы түсінік қалыптастырып, оларды сөйлемнен таба білуге дағдыландыру.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық жүргізіліп, оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыруға жағдай жасалады.
2) Үй тапсырмасын тексеру
330-жаттығу: мәтінді ауызша оқытып, сөйлемнен етістіктерді тапқызу.
3) Жаңа сабаққа кіріспе: ертегімен жалғастыру
Ерте, ерте, ертеде Қазақ тілі деген елде Сөз табы деген ақсақал өмір сүріпті. Ақсақалдың тоғыз ұлы болыпты. Балалары бір-бірімен тату, ұйымшыл екен. Сендер оларды танисыңдар, ендеше еске түсірейік.
Алдыңғы сабақта ақсақалдың Етістік деген ұлымен таныстық.
Етістік
Қимылын, іс-әрекетін білдіреді.
Сұрақтары
Не қылды? Қайтті? Не істеді?
Тірек-сызба
Интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.
4) Жаңа сабақ: дара және күрделі етістік
Етістіктің егіз баласы болыпты. Бүгінгі тақырыбымыз — дара және күрделі етістіктер. Мақсат — олардың ерекшелігін түсініп, сөйлем ішінен таба білу.
Ой ашар: жұмбақ
Барлық жемін бітеудей асады,
Әйтсе де ұзақ жасайды.
Жауабы: құс
Сөйлем құрастыру
- Құс ұшты.
- Құс ұшып жүр.
- Құс қонды.
- Құс қонып отыр.
Ереже
Дара етістік — бір сөзден тұрады.
Күрделі етістік — екі немесе одан да көп сөзден тұрады.
Етістік (құрамына қарай)
Етістік құстарға жақын болыпты: жыл құстарын асыға күтіп жүреді екен. Енді «Құстарға көмек» ойынын ойнаймыз: жылы жақтан ұшып келе жатқан құстардың тапсырмаларын орындап, оларды ұяға қондыру керек.
5) Оқулықпен жұмыс: тырнаның тапсырмасы
Оқулықтың 116-беті, 331-жаттығу: берілген сөздерден төрт сөйлем құрап жазу.
- Түйе адамға өте пайдалы.
- Ол шөлге шыдамды.
- Ыстықта да, суықта да жүре береді.
- Шұбат — шипалы сусын.
Тақтамен жұмыс: әр сөйлемді бір оқушы орындап, етістікті тауып, оның дара не күрделі екенін айтады (құсты ұяға орналастыру).
6) Ұйқасын тап: қаздың тапсырмасы
Қарындашты қолға аламын,
Әдемі сурет ...
Жемістер де пісті,
Жерге үзіліп ...
Арба сықырлап жүреді,
Ит арсылдап ...
Тапсырма орындалған соң қаз ұяға қондырылады.
7) Үйректің тапсырмасы: 332-жаттығу
Оқушы тапсырманы оқиды. Жаңылтпашты жатқа жазу.
Өзіндік жұмыс
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Оқушылар бір-бірін тексеріп, бағалайды. «Түбіт» туралы ойлары тыңдалады.
Тілдік байқау
«Түбіт» сөзінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылық байқалады: айтылу кезінде үндестік заңы бойынша «і» дыбысы көрші дыбыстардың әсерінен көмескіленіп, естілмей қалуы мүмкін. Қосымша ретінде бейнежазбадан түбіт туралы қысқаша түсінік беріледі.
8) Шығармашылық жұмыс: сурет бойынша әңгіме құрау
- Тақырып қою.
- Әңгіме құрастыру.
Тапсырма аяқталған соң қарлығаш ұяға қондырылады.
9) Тест: сәйкестендіру (тоқылдақтың тапсырмасы)
Интерактивті тақтада берілген етістіктерді сәйкестендіру арқылы дара және күрделі түрлерін ажырату.
Оқушылар тақтаға шығып орындайды. Тоқылдақ ұяға қондырылады.
10) Сабақты бекіту: ой толғаныс
- Бүгінгі сабақта етістіктің қай түрімен таныстық?
- Дара етістік неше сөзден тұрады?
- Күрделі етістік неше сөзден тұрады?
11) Үй тапсырмасы
333-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
12) Бағалау
Оқушылардың жауап беру белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және өзіндік жұмыстағы дәлдігі ескеріле отырып бағаланады.