Мектеп психологының даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс түрлері
КММ М. В. Ломоносов атындағы орта мектебі
Дайындаған: педагог-психолог
Ажахметова Гульфайрус Актаевна
Жұмыс тақырыбы
«Менің виртуалды әлемім»
Жобаның атауы
Мектеп психологының даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс түрлері
Қысқаша түсініктеме
Оқу мен тәрбиенің психологиялық мақсаты — даму мүмкіндігі шектеулі баланы қазіргі қоғам дамуының үрдістеріне сай, рухани өресі биік, парасатты тұлға ретінде қалыптастыру.
Міндеттері
-
Баланың виртуалды әлемге деген қызығушылығын ояту.
-
Мұғалімнің немесе ата-ананың көмегінсіз берілген тапсырманы өз бетінше орындауға үйрету.
-
Заманауи талаптарға сай ақпараттық сауаттылықты арттыру.
-
Оқу мен жазуды жүйелендіріп, балаға өзі туралы ақпарат алуға ынталандыру.
Мәселенің өзектілігі
Бүгінгі таңда даму мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесі өзекті бағыттардың бірі болып отыр. Дене кемістігінің түрі қандай болса да (көру, есту, туа біткен ақыл-ой кемістігі және т.б.), ол баланың өмірге көзқарасына әсер етіп қана қоймай, қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатуын да қиындатуы мүмкін. Мұндай ерекшеліктер әлеуметтік ортада мінез-құлық ауытқуларына әкелуі ықтимал.
Тарихи-әлеуметтік контекст
1919 жылдың 10 желтоқсанында ақыл-ой кемістігі бар балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі қаулы қабылданған. Бұл бағыттағы жұмыстардың қоғам үшін бұрыннан маңызды болғанын көрсетеді.
Ақыл-ой дамуы: ұғым және шарттары
Ақыл-ой тәрбиесі — тек ойдың дамуы ғана емес, сонымен қатар ойлау үдерісінің құрылымымен сипатталатын күрделі жүйе. Даму — баланың сандық және сапалық тұрғыдан жетілуі, психикасы мен ой-санасының өсуі.
Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз — оқушының жас ерекшеліктеріне байланысты білім мен тәрбиенің ықпалымен оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістердің жиынтығы.
Дамытудың негізгі шарттары
-
Іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру
Оқу әрекетінің құрылымы мен режимін баланың мүмкіндігіне сай құру.
-
Әлеуметтік орта мен қарым-қатынас
Отбасы, құрдастар, мұғалімдер ықпалы және қолдау мәдениеті.
-
Тілді меңгеру, қабылдау және түйсіну
Тілдік орта мен түсінудің дамытуға тікелей әсері.
-
Білім сапасы
Материалдың қолжетімділігі, жүйелілігі және практикалық байланысы.
Жас ұрпақтың ақыл-ойының дамуы еңбек, ғылым және білімнің өзара сабақтастығына байланысты.
Диагностика және оқытуды ұйымдастыру
Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды анықтауда дұрыс диагностика жүргізу, оларды табысты әрі нәтижелі оқытуға жағдай жасайтын арнайы сыныптар мен топтарға орналастыру — бүгінгі күннің маңызды әлеуметтік және педагогикалық міндеті.
Оқыту мен тәрбиелеуді қазіргі заман талаптарына сай стандарттарға енгізу оқушылармен жеке, дифференциалды жұмыс жүргізу арқылы іске асады. Сондықтан қажетті білім, білік және дағдылар көлемін қоғам сұранысымен үйлестіре ұсыну қажет.
Есте сақтау және қолдау жұмыстары
Тәжірибеде мұғалімдер балалардың есте сақтау, сондай-ақ жатталған материалды қайта жаңғырту кезінде жиі қиналатынын байқайды. Интеллектуалдық бұзылыстары бар және ақыл-ой кемістігі байқалатын оқушылардың есте сақтауын дамытуға ықпал ететін жаттығуларды жүйелеу және тұрақты қолдану маңызды.
Психикалық дамуды жетілдірудің 3 бағыты
-
1) Диагностикалық тексеру және кеңес беру
Балаларға жан-жақты диагностикалық тексерулер жүргізіп, мамандардың консультативтік кеңестерін ұйымдастыру, негізгі зақымданулардың деңгейін нақтылау.
-
2) Емдеу, сауықтыру және әлеуметтік бейімдеу
Денсаулықты қолдау, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және қоғамға бейімдеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру.
-
3) Түзету-дамыту әдістемелері
Түзету және дамыту бағыттарына арналған арнайы әдістемелерді құрастырып, оларды тәжірибеде мақсатты қолдану.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері
I. Әңгіме әдісі
Әңгіме әдісі баламен байланыс орнатудың тиімді құралы болып табылады. Баланың ақыл-ой қабілеттерін анықтауда әңгіме барысында төмендегілерге назар аудару қажет:
-
Өзі, ата-анасы, жақын туыстары, достары туралы түсініктерінің нақтылығы (аты-жөні, тегі, жасы), сондай-ақ «көрші», «туыс» сияқты ұғымдарды талдау қабілеті.
-
Уақыт туралы түсінігінің сипаты (сағат бойынша уақытты анықтау іскерлігі, уақыттың созылуын түсінуі).
-
Табиғат құбылыстары туралы түсінігі (жыл мезгілдерін белгілері арқылы ажыратуы, қар, найзағай және т.б.).
-
Кеңістікте бағдарлау іскерлігі (оң-сол, жоғары-төмен, жақын-алыс ұғымдарын практикада қолдануы).
II. Бақылау әдісі
Бақылау — балаларды зерттеудегі негізгі әдістердің бірі. Ол бала кеңес алуға келген сәттен бастап, тексеру үдерісі барысында үздіксіз жалғасады. Бақылау міндетті түрде мақсатты және жүйелі жүргізілуі керек.
III. Сурет (бейнелеу) әдісі
Сурет — балаларды зерттеуде маңызды дифференциалды диагностикалық көрсеткіш. Кейбір психикалық ерекшеліктері бар балалардың суреттерінде бейненің түсініксіздігі, мағынасыздық, түстерді ретсіз қолдану, пропорцияның сақталмауы сияқты белгілер байқалуы мүмкін.
Ауылдық жерлердегі қолжетімділік мәселесі
Көру, есту, сөйлеу және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде қолдау алады. Алайда ауылдық жерлерде түзеу кабинеттерімен қамту деңгейі төмен болуы мүмкін. Бұл көбіне бала санының аздығымен және орталықтардан шалғай орналасумен түсіндіріледі.
Осы себептен түзету жұмыстарының негізгі жүктемесі дефектология бойынша даярлығы бар мектептегі педагог-психологқа түседі. Сонымен қатар, отбасында даму мүмкіндігі шектеулі баласы бар жанұялардың әлеуметтік мәселелерін зерттеу және шешу жолдарын анықтау — мамандар үшін өзекті бағыт.
Негізгі ұстаным
Ең бастысы — даму мүмкіндігі шектеулі балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасау. Әр баланың қабілет-қарымын айқындап, дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың жасық болып өсуіне жол бермеу қажет.
Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, ақыл-ой кемістігінің диагнозына сай жұмыс жүргізілсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіне тән дарындылығы айқынырақ көрінеді.
Оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың қабілеттерін ашуға, өмірдегі өз орнын және болашақ мамандығын табуға едәуір көмек береді.
Жобаны жүргізу барысы
-
Жоба бағдарламасын құрастыру.
-
Мүмкіндігі шектеулі балаға жеке бағыт-бағдар беру.
-
Кітапхана мен интернет көздері арқылы ақпарат жинақтау.
-
Теориялық көзқарастарға сүйеніп, тәжірибемен ұштастыру.
-
Баланың қызығушылығын оятатын тапсырмалар мен жаттығуларды енгізу.
-
Заманауи технологиялар арқылы баланың ақпараттануын және цифрлық дағдыларын дамыту.