Сары түс

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Бағдаршам

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Балаларды жолда жүру ережелеріне сай бағдаршамның қызметімен таныстыру.
  • Жол ережесін мұқият сақтауға үйрету, жауапкершілік сезімін дамыту.
  • Зейінділік пен ептілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Бағдаршам макеті, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық сәт

Қуан, шаттан,

Қуан, шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.

II. Өткен сабақты пысықтау

Мұғалім: Балалар, өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?

Оқушылар: «Компьютер әлемінде».

Балалар жаттаған өлеңін айтып, бірге қайталайды.

III. Жаңа сабақ

Жұмбақ

Жасыл көзі «жүр» дейді,

Қызыл көзі «тұр» дейді,

Сары көзі «дайын бол» дейді.

Жауабы: Бағдаршам.

Бүгін «Айналамен таныстыру» сабағында «Бағдаршам әмірі» тақырыбын өтеміз, яғни жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережелерімен танысамыз.

Суретпен жұмыс

Мұғалім: Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Оқушылар: Үш түсті дөңгелек бар.

Бағдаршамның түстері: қызыл, сары, жасыл.

Бағдаршам не үшін керек?

  • Жол қиылыстарынан қауіпсіз өтуге көмектеседі.
  • Жаяу жүргіншілерді жол-көлік оқиғаларынан сақтайды.
  • Жолдан өткенде әрдайым мұқият болуға үйретеді: жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
  • Бағдаршам тұрған жерде жаяу жүргіншілер өтетін ақ жолақтар (зебра) болады.

Қызыл

Тоқта. Көліктер тоқтайды, жаяу жүргінші күтеді.

Сары

Дайындал. Қауіпсіздікке көз жеткіз.

Жасыл

Жүр. Жол ашық, бірақ сақтық керек.

Маңызды ереже

Көшеден тек ақ жолақтармен өт. Жол қиылысында аса абай бол. Көшеде және жолдың бойында доп ойнауға, шанамен сырғанауға болмайды.

Оқулықпен жұмыс

«Бағдаршам» өлеңін оқып, мағынасын түсіндіру.

IV. Сергіту сәті

Қызыл көзі жанғанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

V. Жаңа сабақты бекіту

Ойын: «Бағдаршам»

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Қызыл көрсетілсе — тыныш тұрады.

Сары көрсетілсе — алақандарын соғады.

Жасыл көрсетілсе — жүреді.

Суретпен жұмыс

Суреттегі балалардың қайсысы ойын орнын дұрыс таңдағанын анықтау.

Жаттауға арналған өлең

Тәртіп керек баршаға.

Бұзба көше тәртібін,

Ұрынасың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.

Шығармашылық жұмыс

«Бағдаршамды жапсыру» тапсырмасын орындау.

VI. Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап

Бүгінгі сабақта не туралы өттік?
Бағдаршам туралы.
Бағдаршамның неше көзі бар?
Үш көзі бар.
Жаяу жүргінші қай жерден өтеді?
Ақ жолақтармен (жаяу жүргінші өткелімен).

Қорытынды ой

Жол тәртібін білейік. Аман-есен жүрейік.

VII. Мадақтау

Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережелерін жақсы меңгердіңдер. Енді көшеден қауіпсіз өтіп, жолда өздеріңді дұрыс ұстай аласыңдар. Сабақ аяқталды.