Армысыздар көпшілік өнер сүйер
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
Алтын күз
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
- Тыңдау
Оқу іс-әрекетінің мақсаты
- Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру, күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.
- Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.
- Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы
- сары алтындай жайқалған
- жиын-терін
- берекелі күз
- жомарт күз
Көрнекіліктер
- Күз мезгілінің суреттері
- Бақшадағы көкөністердің суреттері
- Баудағы жемістердің суреттері
Ертеңгілік барысы
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
1-жүргізуші
Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Күз — жыл мезгілінің бірі, мерекелі де берекелі ай. Бүлдіршіндеріміз дәл осы мезгілде алғаш рет білім ордасына қадам басады. Әр шаңырақта той тойланып, көңіл қуанышқа толады. Олай болса, күздеріңіз мерекелі де берекелі болсын!
2-жүргізуші
Армысыздар, өнер сүйер қауым! Тамашаға тоярлық болар бір кеш. Біздің топтың балалары көрерменге құрметпен сәлем беріп, бас иеді. Алтын күзді қарсы алып, би билеп, ән саламыз. Ұлы тойдай ұлы есім, жаралған ел жыр үшін — деп, кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына береміз.
Ән
1-жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар. Әнді сүйсең, менше сүй!»
«Көкөністер айтысы»
2-жүргізуші: «Ал кімнің өнері бар қаншалықты? Бірі би билеп, бірі ән салады. Бүгінгі “Алтын күз” мерекесіне бүлдіршіндер аянбай атсалысты!» Кезекті көкөністер айтысына береміз.
Қызылша
Көкөністің ішінде
Менің атым — қызылша.
Денсаулықты нығайтып,
Қызмет етем адамға.
Қызанақ
Қызара піскен бақшада
Қызанақты білерсің.
Шырыныммен, етімен
Тояттап-ақ жүрерсің.
Сәбіз
Қызыл-сары сәбізбін,
Жер бетінде бұрымым.
Көзге берер күш-қуат —
Дәруменнің бірімін.
Қияр
Бақшада көп өсетін
Мен кәдімгі қиярмын.
Жұлып алып жесеңіз,
Қырт-қырт етіп тұрамын.
Хор
1-жүргізуші: «Жоғары шық, кел, төрлет! Абыройың, бағың бұл. Көңілдерді ән тербеп, арнадық саған бұл кешті!»
Ойындар мен тапсырмалар
Жұмбақтар
2-жүргізуші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар. Оның сырын ашқанға жұрт қызығар. Бүлдіршіндер жауаптарын таба ма екен? Сондықтан жұмбақтар қоямыз.
Ойын: «Шар жару» — шар ішіндегі жұмбақтарды шешу.
Сөзді аяқта
1-жүргізуші: «Қазір “Күз мезгілі неде?” ойынын ойнаймыз. Мен күзге қатысты сөйлем бастаймын, сіздер аяқтайсыздар.»
- Күзде жапырақтар (сарғаяды).
- Күзде күн (суытып, жаңбыр жауады).
- Күзде құстар (жылы жаққа ұшып кетеді).
- Күзде көкөністер мен жемістер (піседі).
Би нөмірлері
2-жүргізуші: «Баршаға өнер сүйер жар саламыз, би билейтін бүлдіршіндерді қарсы аламыз. Күйге енейік баршамыз ерекше бір — сіздер үшін би билеп, ән саламыз.»
2-жүргізуші: «Жандары жақсылыққа тұнып дәйім, жол берсін қақ жарылып қырық қайың. Құрметпен ортаға шақырайық бір топ өнерлі бишілерді.»
1-жүргізуші:
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір — таң шуағы,
Біздің өмір — көңілді.
2-жүргізуші:
Табиғат — әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
Хор
Ата-аналарға тапсырма
Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар.
Қорытынды
Табиғат — алтын күнім, асыл айым,
Шашылған жұлдыз — меруерт жастайынан.
Үңілем таңнан тұрып терезеге,
Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.
Егемендік нышаны — жарқын жастық,
Болашаққа сеніммен қадам бастық.
Көркейтейік туған жер табиғатын,
Кең даламда жайқалсын алтын астық.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары — ол сәніміз.
Туған жер табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Осымен бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Мереке құтты болсын! Күз молшылық алып келсін. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Сау болыңыздар!
Дайындаған: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Манашы орта мектебінің дайындық тобы мұғалімі — Джанабергенова Слушаш.