Тұрсын ханмен
Сабақ тақырыбы
Есім хан кезіндегі Қазақ хандығы
Жалпы мақсат
- Есім хан кезеңіндегі Қазақ хандығы туралы білімді кеңейту.
- Есім ханның қазақ тарихындағы орнын айқындау.
Оқу нәтижесі
- Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты туралы мағлұмат алып, дәлелді жауап береді.
- Өзіндік ой түйіндеу дағдысы қалыптасады.
- Топта тиімді жұмыс істей алады.
Негізгі идеялар
Саяси жағдайды түсіну
Есім хан дәуіріндегі ішкі тұрақтылық, билік құрылымы және сыртқы қатынастардың сипатын саралау.
Қабілетті ашу
Әртүрлі стратегиялар арқылы талдау, салыстыру, дәлелдеу және рефлексия жасау дағдыларын дамыту.
Сілтемелер мен дереккөздер
Сілтемелер
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық — 50–56 б., 104–106 б.
- Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі — 114–145 б.
- 7-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы (С. Жолдасбаев, Алматы: Атамұра, 2012)
Дереккөздер
- Жұмыс дәптері.
- Оқушы анықтамалығы (мәтін).
- «Есім хан кезіндегі Қазақ хандығы» тақырыбы бойынша қосымша материалдар.
Ескерту
Сабақ барысында дереккөздерден алынған мәліметтер міндетті түрде дәлел ретінде қолданылып, қорытынды пікірлер нақты тұжырымдалуы тиіс.
Сабақта қолданылатын құралдар мен әдістер
Материалдар
- Интерактивті тақта
- Флипчарт
- Стикерлер
- Маркерлер
Оқыту әдістері
- Жеке, жұптық, топтық жұмыс
- Талқылау және дәлелдеу
- Рефлексия жазу
Стратегиялар
- Салыстыру кестесі
- Кубизм стратегиясы
- Екі жақты күнделік
- «Ақылдың алты қалпағы»
Сабақ барысы: кезеңдер мен әрекеттер
I. Ұйымдастыру және психологиялық ахуал
3 минутМұғалімнің әрекеті
Сабақты көтеріңкі көңіл күймен бастайды: «Күндей жадырап, жұлдыздай жарқырап, таңдай арайлап, судай мөлдір таза көңілмен сабағымызды бастаймыз».
Оқушыларды қазақ хандарының есімдерімен 6 топқа бөледі. «Ортадағы қалам» әдісі арқылы топ басшысын тағайындап, бағалау парағын таратады.
Оқушының әрекеті
- Топтарға бөлінеді.
- Топ басшысын сайлайды.
- Бағалау парағын алады.
II. «Миға шабуыл»
3 минутМұғалімнің әрекеті
Ой қозғау сұрақтарын қояды:
- 1. Қазақ хандарын ата.
- 2. Тәуекел хан қай жылдары билік етті?
- 3. Қазақ хандығының жерін картадан көрсет.
- 4. Тәуекелден кейін хан болған кім?
Оқушының әрекеті
Сұрақтарға жауап береді және картадан Қазақ хандығының аумағын көрсетеді.
III. Жаңа тақырыпты меңгеру
13 минутПирамида тәсілі: тақырыптарды бөліп беру
1-топ
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі саясаты
2-топ
Қазақ–Бұхар соғысы
3-топ
Тұрсын ханның бүлігі
4-топ
Тұрсын ханның қаза болуы
5-топ
Есім ханның Шығыс Түркістанға қатысты саясаты
6-топ
«Есім ханның ескі жолы»
Жұмыс тәртібі
- Әр оқушы мәтінді мұқият оқиды.
- Жұппен талқылап, түсінгенін баяндайды.
- Шағын топта қорғайды.
- Бүкіл сынып болып талқылайды.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар бір-бірін тыңдап, негізгі ойларды нақтылап, деректерді есте сақтайды және қорытынды пікірді дәлелмен ұсынады.
Топтастыру арқылы салыстыру
Әр топ белгілі тұлғамен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды.
1-топ
Қасым ханмен салыстыру
2-топ
Тәуекел ханмен салыстыру
3-топ
Хақназар ханмен салыстыру
4-топ
Тұрсын ханмен салыстыру
5-топ
Әбілқайыр ханмен салыстыру
6-топ
Елбасымен салыстыру
Тапсырма: Әр топ өз жобасын дайындап, қорғап, салыстырып, талдау жасайды.
Кубизм стратегиясы және ойтолғау
Сұрақ
«Егер сен Есім ханның орнында болсаң, қандай шешім қабылдар едің?»
Жауап форматы
Оқушылар ойтолғау жазады және сұрақтарға жауап береді.
IV. Қорытындылау
4 минутӘдіс: «Екі жақты күнделік»
- Сабақтан алған әсерім
- Пікірім
Оқушының әрекеті
Оқушылар өз көзқарасын қысқа әрі нақты жеткізеді.
V. Үй тапсырмасы
1 минутТапсырма: «Есім хан кезіндегі Қазақ хандығы» тақырыбын оқу және жалпы ақпаратты жинақтау.
VI. Бағалау
4 минутӘдіс: «Ақылдың алты қалпағы»
Сұрақ: «Есім ханның тарихи бейнесіне қандай баға берер едің?»
Оқушылар ойды жинақы жеткізіп, пікірін дәлелмен бекітеді.
Формативті бағалау
- Мадақтау: қол шапалақтау арқылы қолдау көрсету.
- Өлшемді бағалау: оқушылар бірін-бірі бағалайды.
- Топ басшылары топ жұмысының нәтижесін бағалау парағына түсіреді.
VII. Сергіту сәті
1 минутЖаттығу: «Макарена» биі. Оқушылар қимылдарды қайталап, биге ілеседі.
VIII. Рефлексия
2 минутМұғалімнің әрекеті
Оқушыларға стикерге әсері мен ұсынысын жазуды ұсынады:
- Бүгінгі сабақ қалай өтті?
- Несімен ұнады?
- Сыныптасыңа тілек жаз.
Оқушының әрекеті
«2 жұлдыз, 1 тілек» тәсілі арқылы сабақ туралы пікірін білдіріп, ұсынысын жазады.