Анатолийға мінездеме бер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні

Ана тілі (4 «А» сынып)

Сабақ тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы — «Екі шыбын»

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Ой шақыру, сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

Автор суреті, тірек-сызбалар, кеспе қағаздар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға «Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгерту, мән-мағынасын ашу.

Дамытушылық

Өздігінен жұмыс істеу арқылы ой-өрісті дамыту, ойын еркін айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Еңбексүйгіштікке баулу, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық сәт

Мынау — менің жүрегім,
Елімді мен сүйемін.
Жақсылыққа жақын боп,
Әрдайым күліп жүремін.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Кім жылдам?»

Сапарғали Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесін мазмұндау.

Шоқанның суреті мен өмірі туралы жазу. Шоқанның шын есімі — Мұхаммед-Ханафия. Ол — қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жылдың ішінде көптеген ғылыми еңбек жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеді.

Қазақстаннан бөлек Құлжаға (Қытай), Ыстықкөл өңіріне (Қырғыз елі) экспедицияларға қатысып, зерттеу жүргізді.

Омбы кадет корпусын бітірді (1853), Петербург университетінде тарих-филология дәрістерін тыңдады (1861–1862).

Арғы атасы — Абылай. Ұлы Уәли (1741–1821) — Шоқанның атасы.

Жастайынан аңыз-әңгіме, жыр-өлеңге құмар болып, зеректігімен танылды. Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқып, арабша хат таныды.

Сұрақ-жауап

  1. 1. 3-сыныпта Шоқан туралы қандай әңгіме оқыдың? («Қырдан келген жас қазақ»)
  2. 2. Анатолийге мінездеме бер. (Қолынан ештеңе келмейтін, мақтаншақ, жағымпаз.)
  3. 3. Шоқанға мінездеме бер. (Елін, табиғатын сүйеді; мінезімен сыйлы; жақсы мен жаманды айыра біледі.)
  4. 4. Әңгімеде Шоқан оқыған сынып неге түгел жазаланды? (Сыныптың тәртіпсіз іс-әрекеті үшін. Жексенбі күндері ешкім үйіне бармасын деген бұйрық беріліп, бұл қысым қыс ортасына дейін созылды.)
  5. 5. «Қорқарың бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің? (Сужүрек, қорқақ, әлсіз, ынжық болма деген ой.)

ІV. Ой шақыру

Ызыңдап ән салады,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады.

Жауабы: шыбын

Шыбын — жер жүзінде ең көп таралған жәндіктердің бірі. Олардың тек бір жұп қанаты болады. Басы шар немесе жартышар тәрізді, кеудесі құрсақпен жалғасады. Қорегін көбіне жалайды.

Шыбынның гессен шыбыны, це-це, қырыққабат шыбыны, қара шыбын, көк ет шыбыны, Вольфарт шыбыны, тахина, барылдақ шыбын, өлексе шыбыны сияқты түрлері бар. Жалпы түр саны 100 000-нан асады.

Шыбындар сүзек, полиомиелит, өкпе аурулары, оба, туляремия, паратиф, миаз сияқты жұқпалы ауруларды таратуы мүмкін.

V. Жаңа сабақты меңгерту

Бүгінгі сабақта Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңін оқимыз.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы қайтыс болған. Ол — көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Қостанай облысындағы Сартүбек өңірінде туған.

  • Араб әрпі негізінде қазақтың тұңғыш әліппесін жазды.
  • «Қазақ» газетін шығаруға атсалысты.
  • Жала жабылып, «ұлтшыл» деген айыппен тұтқындалды; жазықсыз қуғын-сүргін көрді.

VІ. Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Тізбектей оқу.

VІІ. Дәптермен жұмыс

«Шылауында» — біреудің ырқында, жетегінде болу.

VІІІ. Сергіту сәті

Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.

Кестемен жұмыс: екі шыбынның сипаты

1-ші шыбын

Мақтаншақ

Мұрнын көкке көтеріп, адамсынып, маңғазданады. Күні бойы бар шаруаны өзі ғана атқарғандай, шаршап-шалдығып, мазалағанға ашуланады.

2-ші шыбын

Кішіпейіл

Біреудің қайратын не дәулетін пайдаланып, өзі істемеген шаруаны «өзім істедім» деп көрсетпейді; біреудің ырқында, жетегінде жүріп кетуден сақтандырады.

ІХ. Сабақты бекіту

Ойын: «Шыбын аулау»

  1. 1. Өгіз қайдан келе жатты? (Сабаннан.)
  2. 2. Өгізге кім кездесті? (Шыбын.)
  3. 3. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары қай кітабына енгізілген? («Қырық мысал».)
  4. 4. Қандай мысалын оқыдық? («Аққу, Шортан һәм Шаян».)

Х. Үй тапсырмасы

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • «Екі шыбын» шығармасын сахналау.

1-ші шыбын (үзінді)

Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сен қай жақтан?

2-ші шыбын (үзінді)

Жер жыртып күні бойы шаршап келем,
Мазалап сұрап саған не керегі?

1-ші шыбын (үзінді)

Адамды кейбір түрлі алып еске,
Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін
Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?

ХІ. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау және бағалау.