Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Сабақ тақырыбы: «С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға Сс дыбысы мен әрпін таныстыру, буын туралы түсініктерін кеңейту және сөздерді тұтас оқуға дағдыландыру.
Білімділік
- Буын туралы білімін кеңейту.
- Сөздерді тұтас оқуға жаттықтыру.
- Мәтін туралы өз ойын айтуға үйрету.
- Қол моторикасын дамытып, сауатты жазуға баулу.
Дамытушылық
- Ой-өрісін, есте сақтауын дамыту.
- Тілін және сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік
- Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
- Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- Ұқыптылық пен сауатты жазуға баулу.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер мен сабақ түрі
- Суреттер, сөздер жазылған парақшалар, кеспе әріптер, құрал-саймандар.
- Сабақ түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың барысы
Кезең-кезеңімен ұйымдастыру, қайталау, жаңа материал, бекіту және бағалау.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
- Сабақ құралдарын түгендеу.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Дәптердегі жазу үлгілерін тексеру.
- Сөздерді оқыту.
III. Өткен сабақты пысықтау
Сауалнама арқылы қайталау: оқушылар дұрыс жауапты шаблондар арқылы көрсетеді.
1) «С» дыбысы қандай дыбыс?
2) «С» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
3) «Дос» сөзінде «С» дыбысы қай жерде орналасқан?
IV. Жаңа сабақ
Жұмбақ
Білезікке қарайық. Ұқсайды оған қай әріп? (С әрпі)
Бүгін біз «С» дыбысы мен әрпі туралы тереңірек танысып, білімімізді кеңейтеміз.
V. Тақтамен жұмыс
Оқулықтағы тұтас сөздерді тақтадан оқып, буынға бөліп, мағынасын түсіндіру.
Сай (1 буын)
Су ағатын жыра.
Сайман (2 буын)
Еңбекке қажетті құрал.
Су (1 буын)
Тіршілік нәрі (сусыз өмір сүре алмаймыз).
Суат (2 буын)
Малдың су ішетін жері.
Аспан (2 буын)
Ашық аспан, табиғи кеңістік.
Аспап (2 буын)
Музыкалық аспаптар (гитара, домбыра, қобыз, т.б.).
Саусақ (2 буын)
Адамның дене мүшесі (қаламды дұрыс ұстап, әдемі жазуға көмектеседі).
Саумал (2 буын)
Әлі толық аши қоймаған бие сүті.
Асқар, Асқат (2 буын)
Адам аттары.
VI. Оқулықпен жұмыс
1) Мәтін дегеніміз не?
Мәтін екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
2) Мәтіннің несі болады?
Мәтіннің тақырыбы болады.
Енді «Саймандар» мәтінімен танысамыз. Мұқият қарап, тыңдайық.
Саймандар
Балға — сайман.
Балта — сайман.
Ара — сайман.
Балға, балта, ара — саймандар.
Атамда балға да, балта да, ара да бар.
Оқулықтан 1–2 оқушыға оқыту.
3) Мәтін неше сөйлемнен құралған?
Мәтін 5 сөйлемнен құралған. Мәтін азат жолдан жазылады, әр сөйлемнің соңына нүкте қойылады.
VII. Сергіту сәті
Өлең
Әдемі әтеш
Таң атпай тұрыпты.
Жан-жаққа қарапты.
Айдарын тарапты.
Ойқастап жүріпті.
VIII. Дәптермен жұмыс
Дәптерге сөздік диктант жазу және тексеру. Қатесіз әрі таза жазған оқушының жұмысын мадақтау.
IX. «Жоғалған сөзді тап» ойыны
Сөздерге у дыбысын жалғап, жаңа сөз құрастыру.
ал + у = алу
бар + у = бару
тап + у = табу
бақ + у = бағу
қап + у = қабу
бас + у = басу
Ереже
- «П» дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады.
- «Қ» дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады.
- Жалғанған у дыбысы дауысты дыбыстың қызметін атқарады.
X. Сабақты қорытындылау
«Мозаика» құрастыру: мозаиканы дұрыс құрастырсақ, «С» дыбысының элементін жазамыз. Қорытынды сұрақтар:
1) «С» дыбысын қай сандыққа салдық?
Көк.
2) «С» дыбысы қандай дыбыс?
Дауыссыз.
3) «Са» буынынан басталатын адам атын ата.
Самал.
4) Біздің сыныпта «С» дыбысынан басталатын оқушы аты бар ма?
Серік.
5) «Су» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
с — дауыссыз, у — дауысты.
6) «Сырға» сөзіне сөйлем құра.
Оқушы өз бетінше сөйлем құрайды.
7) «С» дыбысынан келетін сандарды ата.
Сегіз, сексен.
8) Бүгін қандай мәтінмен таныстық?
«Саймандар».
9) Біз уақытты неге қарап білеміз?
Сағатқа қарап білеміз.
XI. Үй тапсырмасы
- Бағандағы сөздерді оқу.
- Мәтінді әңгімелеу.
- Дәптердегі үлгіні жазып келу.
XII. Бағалау
Оқушылардың оқу белсенділігі, жазу сауаттылығы, тапсырмаларды орындау сапасы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау жүргізіледі.