Кітапханада Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылар кітаптың білім көзі әрі сенімді серік екенін түсінеді. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы, сондай-ақ кітапхананың мәдени-ағартушылық және ғылыми көмекші мекеме ретіндегі қызметі туралы ұғым қалыптастырады.

Дамытушылық

Шығармашылық қабілет дамиды. Оқушылар өз пікірін дәлелдеуге, талдауға, ойын жүйелеп тұжырымдауға машықтанады.

Тәрбиелік

Оқулықты құрметтеуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Ұран

Мақсатымыз — білім алу.

Міндетіміз — еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

«Беске» қолды жеткізу.

Оқушыларды топқа бөлу

  • I топ — Ақпараттар
  • II топ — Оқырмандар
  • III топ — Ақын-жазушылар

II. Қызығушылықты ояту

«Кітап — білім бұлағы» мәтінінің мазмұны сұралады. Әр топ өз бағыты бойынша тапсырма орындайды:

I топ — Ақпараттар

Кітап туралы мақал-мәтелдер айту.

II топ — Оқырмандар

Жұмбақ жасыру.

III топ — Ақын-жазушылар

Өлеңді жатқа айту.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Кітап неден жасалады?
  • Кітаптың қандай түрлері бар?
  • Ең алғашқы оқулық қалай аталады?
  • «Қызыл кітап» дегеніміз не? Оған енген өсімдіктер мен жануарларды ата.

Тарихи дерек

Қазақ тарихында кітап алғаш рет 1841 жылы Қазан қаласында «Бозжігіт» деген атпен басылып шыққан. Ендеше, біз кітаптарды қайдан аламыз?

III. Мағынаны тану

Қаладағы кітапханалармен таныстыру.

Кітапханада кімдер қызмет атқарады?

Оқулықтарды қайдан аламыз?

Оқулықтарымыз қай баспадан шыққан? «Атамұра» (2009 ж., 2-сынып) және «Алматыкітап» баспасы.

Кітапхана мен кітап дүкенінің айырмашылығы қандай?

Жаңа сөздер

Каталог

Кітапхана қорындағы баспасөз және басқа да шығармалардың тізімі.

Картотека

Карточкаларды сақтауға арналған жәшік; карточкаларды белгіленген топтарға бөліп тұратын картон бөлгіштері болады. Карточкада автордың аты-жөні, атауы, нөмірі сияқты деректер көрсетіледі.

Мәтінмен жұмыс

Мәтін оқылады, мазмұны талданады, оқушылар кезекпен дауыстап оқиды.

Сергіту сәті

Кітапта алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

IV. Ой толғаныс

Топтық жұмыс арқылы қорытынды идея бекітіледі.

I топ — Ақпараттар

Кітапты күту ережелерін құрастырып, жазу.

II топ — Оқырмандар

«Кішкентай кітапханашылар» рөлін ойнау (карточкалар толтыру).

III топ — Ақын-жазушылар

8-наурыз — Аналар мерекесіне арналған өлең құрастыру.

Тірек сөздер

анашым, данасың, әлпештеген, адамсың

Қорытынды тапсырма: ұйқасын тап

Оқулығың баса алмайсың.

Жағар білім .

ешқашан құралың.

Онсыз алға шырағың.

Қайталау сұрақтары

  • Кітапханада кімдер қызмет көрсетеді?
  • Кітапханада қандай ережелерді сақтау керек?

Негізгі ой

Кітап — сарқылмас рухани қазына. Ол адамға ақыл-кеңес береді, тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге ұсынады. «Оқымасаң, ой тоқырайды» дегендей, оқу тоқтаған жерде рухани өсу мен жетілу де тежеледі. Сондықтан кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру маңызды. Ол үшін қаладағы кітапханаларға барып, оқырман болып тіркелуге болады.

V. Үй тапсырмасы

Барлық оқушыға

Мәтінді мазмұндап келу.

I топ — Ақпараттар

Кітап үлгісін жаңа форматта дайындау.

II топ — Оқырмандар

Кітапханадан Наурыз мейрамына байланысты мағлұмат жинау.

Жеке жұмыс

«Болашақта мен жазатын кітап» тақырыбында эссе жазу.

VI. Бағалау

Бағалау бірнеше өлшем бойынша жүргізіледі: өзін-өзі бағалау, топтың бағасы, мұғалім бағасы және қорытынды баға.

Оқушының аты-жөні Өзін-өзі бағалау Топтың бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға
1
2
3