Сергіту сәті жұмбақтар шешелік

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы — Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектеп

Математика пәні мұғалімі: Матбаева Раушан Талгатовна

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың ауданы

Сабақтың типі

Тарауды қайталау, білімді жүйелеу

Сабақтың әдістері

  • Ұжымдық оқыту
  • Есептер шығару
  • Ойын элементтері

Көрнекіліктер

  • Слайд
  • Кеспе қағаздағы тапсырмалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Үшбұрыштар мен төртбұрыштар тақырыптары бойынша алған білімдерін пайдаланып, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Өзара жолдастық көмек көрсетуге, ойын нақты әрі дәл жеткізуге үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Пәнге қызығушылық пен белсенділікті арттыру, ой-өрісті дамыту, міндетті деңгейдегі есептерді шығару арқылы іскерлікті жетілдіру және теорияны практикада қолдану дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Сабақ сайыс түрінде өткізіледі. Оқушылар «Үшбұрыштар» және «Төртбұрыштар» топтарына бөлінеді.

Сайыс кезеңдері

  1. «Алғашқы қадам»
  2. Лездік тапсырмалар
  3. «Біліктілік» сайысы
  4. «Алғырлық кілті»
  5. Сергіту сәті
  6. «Шешуші сәт»

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сабақ басталар алдында әр оқушы өз есімінің бірінші әрпіне байланысты қысқа тілек-лебіз айтады.
  • Оқушыларды топқа бөлу.
  • Сабақтың мақсатын хабарлау және сайыс шарттарын түсіндіру.

II. «Алғашқы қадам» (өткенді пысықтау)

«Үшбұрыштар» тобы

Үшбұрыштың анықтамасы, түрлері және негізгі қасиеттері.

«Төртбұрыштар» тобы

Төртбұрыштың анықтамасы, түрлері және негізгі қасиеттері.

III. Лездік тапсырмалар

  • Формулалармен жұмыс.
  • Берілген формулаларды кестедегі атауларына сәйкес дұрыс орналастыру.

IV. «Біліктілік» сайысы

Берілген фигураларды таңдау арқылы есептер шығару.

1-есеп

ABC үшбұрышында ∠A = 45°. BD биіктігі AC қабырғасын AD = 6 см және DC = 8 см кесінділеріне бөледі. ABC үшбұрышының ауданын табыңыз.

2-есеп

Қабырғалары 15 дм және 7 дм болатын тік төртбұрыштың ауданын есептеңіз.

3-есеп

Теңбүйірлі трапецияның табандары 20 см және 30 см, ал бұрышы 45°. Трапецияның ауданын табыңыз.

4-есеп

Ромбтың диагональдарының біреуі екіншісінен 3 есе үлкен, ауданы 24 см2. Диагональдарын табыңыз.

5-есеп

Тіктөртбұрыштың ауданы 22 дм2, ұзындығы 5 дм. Енін табыңыз.

6-есеп

Параллелограмның қабырғалары 6 см және 8 см, олардың арасындағы бұрыш 150°. Ауданын табыңыз.

V. «Алғырлық кілті» (логикалық тапсырмалар)

  • 4 шырпыны жылжытып, 3 шаршы құрастырыңыз.
  • 6 шырпыны алып тастап, 2 шаршы қалдырыңыз.

VI. Сергіту сәті: жұмбақтар

Қарсы келіп доғалдар,
Бір-біріне жабысты.
Үшбұрыштың жоғалған,
Сүйірі де табысты.

Жылдар жылжып ағады,
Білгеніңді талқылап,
Білім алсаң жоғары —
Белгілі болам жарқырап.
Жауабы: ромб
Төрт бағытқа жаршымыз,
Теңсіздікке қарсымыз.
Қанаты мен бұрышы
Тең жаралған жандармыз.
Жауабы: шаршы
Үлкен-кіші болса да,
Бірін-бірі қимастан,
Қабырғалар соншама
Өзді-өзімен сыйласқан.

Екі доғал, сүйірге
Алды деме мінгесіп,
Күрке сынды үйінде
Тұрып жатыр бірлесіп.
Жауабы: трапеция
Тік сызық пен көлденең
Кезек-кезек ерлеген.
Кішілері үлкенге
Қарсы болып көрмеген.

Сыйластықтың досындай,
Қандай фигура осындай?
Жауабы: тіктөртбұрыш
Тырналардың тізбегі,
Біздерді іздеді.
Өткірлікте бізде еді,
Бар ма біздей қырағы?

Доғал, сүйір, тік бұрыш —
Фигурамыз дөп-дұрыс.
Жауабы: үшбұрыш

VII. «Шешуші сәт»

Тест тапсырмаларын орындау.