Қазір қыстың қай айы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру ұйымы
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Қашар кенті, №2 Қашар орта мектебі КММ
Шағын орталық, «Балапан» тобы
Тәрбиеші
Медетбаева Айгүл Давлетназаровна
Білім беру саласы
Әлеуметтік орта, шығармашылық
Бөлім
Экология негіздері, жапсыру
Тақырып
Дала құстары
Мақсаты
- Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, білімін тиянақтау.
- Құстардың тіршілігін бақылауға үйрету.
- Ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту, тіл байлығын арттыру, ой-өрісті кеңейту.
- Қорытынды жасай білуге машықтандыру.
Сабақтың барысы
Мотивациялық-қозғаушылық
«Сәлем — сөздің анасы, сәлем берер әр қазақтың баласы» деп, қонақтармен амандасамыз.
Тілек шеңбері
Балалар бір-біріне жылы тілек айтып, жағымды көңіл күй қалыптастырады.
Ғажайып сәт
Балалар ұядағы жұмыртқаны байқайды.
Сұрақ-жауап
- Бұл не?
- Геометриялық пішіні қандай?
- Жұмыртқаның түсі қандай?
- Ішінде не бар?
Ұйымдастыру-іздестіру
Психологиялық жаттығу
«Ендеше жұмыртқаның ішіндегі балапанға жылы лебізімізді білдірейік». Балалар жұмыртқаны қолына алып, тілек айтады:
Мысал:
«Денің сау болсын!»
Тіл дамытуға бағытталған әңгіме
«Балалар, біз сөйлегенде немен сөйлейміз?» сұрағы арқылы әңгіме «Көңілді тіл» ертегісіне ұласады.
Сұрақ-жауап (жыл мезгілі)
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыстың қай айы?
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
«Көрдіңдер ме, балалар, қыс мезгілі қандай тамаша!»
Дыбыс арқылы қызықтыру
Осы сәтте құстардың дауысы естіледі. Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды: «Балалар, әсем тыныштықты бұзып тұрған ненің дауысы болды екен?»
Құстар туралы әңгіме
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Оларды неліктен үй құстары деп атайды?
- Олар қалай қоректенеді?
- Дауыстарын салып көрейік.
- Үй құстарынан басқа қандай құстарды білесіңдер?
Қорытынды тапсырма
«Балалар, бүгін біз сендермен дала құстарын көру үшін орманға саяхатқа барамыз. Саяхатқа немен баруға болады?»