Тон қымбат

Сабақтың тақырыбы

Дүкендегі заттар

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Оқыту формасы

Ауызша, практикалық

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ–жауап, түсіндіру, жеке, топпен, жұппен жұмыс

Көрнекіліктер

Деңгейлік карточкалар

Сабақтың мақсаты

  1. Өтілген материалмен байланыстыра отырып, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

  2. Тіл дамыту: ойлау, сөйлеу, жүйелеу, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Алған білімге сараптама жасау және жүйелей білу дағдыларын бекіту. Сөздік қорды молайту.

  3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, мұқияттылыққа және табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бастау
  • Сәлемдесу.
  • Кезекшімен диалог.
  • Сабаққа бағыт беру, оқушылардың назарын шоғырландыру.

II. Үй жұмысын тексеру

Қайталау

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына сүйене отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері анықтайды.

2-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестері (қазақша — орысша)

Сауда үйінде

в торговом доме

Мен біраз нәрсе сатып алсам деп едім.

Мне бы хотелось сделать покупки.

Қайдан сатып алуға болады?

Где можно купить?

Жақын маңда ...?

Скажите, пожалуйста, где магазин ...?

Әмбебап

универсальный

Азық-түлік

продовольственный

Кітап дүкені

книжный

Тәтті тағамдар дүкені

кондитерский

Дүкен қашан ашылады (жабылады)?

Когда открывается (закрывается) магазин?

Сіздерде ... бөлім қай жерде?

Где у вас отдел ...?

Спорт тауарларын сататын бөлім

отдел спортивных товаров

Ерлер киімі

мужская одежда

Әйелдер киімі

женская одежда

Балалар киімі

детская одежда

Ойыншықтар

игрушки

Маған ... керек еді.

Мне нужен(на) ...

Маған ... көрсетіңізші.

Покажите мне ...

Маған берсеңіз.

Дайте мне ...

Мынау қанша тұрады?

Сколько это стоит?

Сізге төлейін бе, әлде кассаға ма?

Платить вам или в кассу?

Касса қай жерде?

Где касса?

Мынаны орап беріңізші.

Упакуйте это, пожалуйста.

Бұдан арзанырағы жоқ па?

Нет ли подешевле?

Мына затты ауыстырып алуға бола ма?

Можно поменять эту вещь?

Мен мынаны аламын.

Я беру это.

Барлығын бірге орап беріңізші.

Заверните все вместе, пожалуйста.

Мынаны пакетке салып беріңіз.

Положите это в пакет.

III. Тапсырмалар

Практика

1-тапсырма

Сауда-саттық дүкенінің ішіне қараңыздар. Не көріп тұрсыздар? (Суретпен жұмыс.)

3-тапсырма

Сөздердің дұрыс ретін тауып, оқыңыздар.

4-тапсырма

Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар.

5-тапсырма

Жолға шыққанда жоғарыдағы заттардың қайсыларын алар едіңіздер? Таңдап, сөмкеңізге “салып” алыңыздар.

Үлгі

Мен жылы күртке аламын.

6-тапсырма

Сөздерді мұқият тыңдап, қайталаңыздар. Берілген сөздерді қолданып, шағын мәтін құрастырыңыздар.

  • Қолшатыр
  • Ақ түсті
  • Көк түсті
  • Теңге
  • Тұрады
  • Арзандатыңызшы

7-тапсырма

Мәтінді оқып, жалғастырыңыздар.

Санат пен Саят базарға барды. Саятқа сәнді тон ұнады. Тон қымбат. Тон 100 000 теңге тұрады.

8-тапсырма

Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыздар.

  1. Рауза сәнді күртка... ұнатады.
  2. Саят әдемі галстук... ұнатады.
  3. Маржан ұзын көйлек... ұнатады.
  4. Санат қысқа тон... ұнатады.

10-тапсырма

Оқыңыздар. Досыңыз сән үйіндегі қандай заттарды ұнатады және қандай заттарды ұнатпайды — соны айтыңыздар.

Мысалы

Саят сәнді тонды ұнатады / ұнатпайды: әдемі галстукты, ақ жейдені, жылы күрткені, ұзын пальтоны, қысқа етікті.

11-тапсырма

Сән үйінде көрсетілген киім түрлерін жағдайға қарай ажыратыңыздар:

1) Театрға

Сәйкес киім үлгісін таңдаңыздар.

2) Жұмысқа

Ресми және ыңғайлы киімдерді анықтаңыздар.

3) Демалысқа

Күнделікті, жеңіл киімдерді таңдаңыздар.

4) Дене шынықтыруға

Спорттық киімдерді бөліп көрсетіңіздер.

IV. Қорытындылау

Талқылау

Не білдік?

Талқылау

Не үйрендік?

Рефлексия

Мақсатқа жеттік пе?

VI. Үй тапсырмасы

1-деңгей

Сөздерді жаттау (сөздік дәптерде), монолог құру.

2-деңгей

Сөздерді жаттау (сөздік дәптерде), диалог құру.

VII. Бағалау

Мұғалімнің бағалауы. Қоштасу.