Синтетикалық желімдерді ата
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі емес
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, диалогтық оқыту
- Құрал-жабдықтар
- Интерактивті тақта, желім түрлері, плакат, маркер, қағаз қиындысынан құралған сурет (мозайка)
І. Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Топқа бөлу.
Өткен сабаққа шолу (сұрақ-жауап)
- Құрастырып бекіту қандай тәсілдермен жүргізіледі?
- 60-сурет бойынша: желіммен жабыстыру арқылы құрастырып бекітудің түрлерін ата.
- Ағаш бөлшектерін желімдеу арқылы құрастырып бекітудің басқа бекіту түрлерімен салыстырғандағы артықшылықтары қандай?
- Өндірісте желімдеп жапсырудың беріктігін тексерудің қандай тәсілдері қолданылады?
ІІ. Бекіту
«Ыстық орындық» әдісі
Оқушылар сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап береді, түсінігін дәлелдейді және өз ойын қысқа жеткізуге дағдыланады.
ІІІ. Жаңа тақырып
Қызығушылықты ояту
Интерактивті тақта арқылы тақырыпқа жетелеу: «Тақтадан нені байқадыңдар?»
Тақырыпты ашу және сабақ мақсатын нақтылау.
1-аялдама: Желім туралы бастапқы түсінік
Желім дегеніміз не?
Желім туралы не білесіңдер?
Топтастыру әдісі арқылы оқушылардың білім деңгейі анықталады.
Желімнің қандай түрлерін білесіңдер?
Желім неден алынады?
Желімдеуге кіріспес бұрын қандай жұмыстар орындалады?
2-аялдама: Топтық зерттеу (желім түрлері)
Үш топқа құпия сандар арқылы әртүрлі желім үлгілері беріледі. Әр топ жұмысты берілген өлшемдер бойынша қорғап шығады.
1-топ
Master клеі
2-топ
БФ
3-топ
Ұнтақ желім
Қорғау критерийлері
- Желім атауы
- Қолдану әдісі
- Қауіпсіздік ережелері
- Қандай материалдарды желімдеуге арналғаны
- Қай топқа жататыны (түрі)
- Құрамы
IV. Негізгі бөлім
3-аялдама: Мағынаны тану (мәтінмен жұмыс)
Оқушылар жаңа мәліметтермен танысады. Үш топқа құпия сандар арқылы әртүрлі мәтін ұсынылады.
1-топ
Тақта түріндегі желімнің жасалуы
2-топ
Ұнтақ түріндегі желімнің жасалуы (казеин)
3-топ
Желімдердің топталуы
4-аялдама: «Мозайка» ойыны
Үш топқа құпия сандар арқылы қағаз қиындысынан құралған сурет беріледі. Ойын барысында топтар бөлшектерден суретті құрастырады. Құрастыру аяқталған соң, сурет бетіндегі сұрақтарға жауап береді.
І-топ сұрақтары
- Ағаш желімдеу жұмысына қажетті құралдарды ата.
- Мал өнімдерінен алынатын желімдерді ата.
- Өнеркәсіпте желім қандай түрлерде шығарылады?
- Казеин желімі неден алынады?
ІІ-топ сұрақтары
- Желімдеу алдында қандай жұмыстар жүргізіледі?
- Синтетикалық желімнің табиғи желімнен айырмашылығы неде?
- Желімдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата.
- Синтетикалық желімдерді ата.
ІІІ-топ сұрақтары
- Желім неше топқа бөлінеді?
- Резеңке бұйымдарын желімдеуге қажетті құралдарды ата.
- Синтетикалық желім өндіру үшін қандай шикізат пайдаланылады?
- Табиғи желім нешеге бөлінеді?
V. Қорытындылау
Ой қорыту және рефлексия
Не білдім?
Не үйрендім?
Түсінбеген тұстарым және маңызды болғаны
VI. Бағалау
Өзін-өзі бағалау
Оқушылар өз жұмысына және топтық үлесіне сүйене отырып, бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалайды.
VII. Үй тапсырмасы
Тақырып: Желім түрлері
Қазіргі заман технологиясымен жасалған желім түрлерін анықтап келу.