Құстарға зиян келтіретін кенені ата
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Бунақденелілер
Сынып
7-сынып
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ–жауап, ассоциация, Венн диаграммасы
Көрнекіліктер
Кесте, суреттер, электрондық оқулық
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері
Мақсаты
Оқушыларға бунақденелілердің тіршілік ортасы, даму жолдары, адамға тигізетін пайдасы мен зияны туралы түсінік беру, сондай-ақ олармен күресу шараларын таныстыру.
Дамытушылық
- Буынаяқтылар типі туралы білімін тереңдету.
- Жаңа білімді меңгеру дағдыларын қалыптастыру.
- Сөйлеу шеберлігін және өз ойын қорытындылай білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Табиғат құбылыстарының сырын ашуға қызығушылығын арттыру, тірі табиғатты үнемі бақылап, көргенін ой елегінен өткізіп, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың дайындығын тексеру, сабақ мақсатын нақтылау, жұмыс ережесін еске түсіру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Қайталау сұрақтары арқылы алдыңғы тақырыпты бекіту.
IV. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту, ұғымдарды жүйелеу, жаңа материалға көшу.
Үй тапсырмасын сұрау: «Бәйге» сұрақтары
Жылдам жауап беруге арналған сұрақтар топтамасы
-
1.
Кененің дене бөліктері өрмекшілерден несімен ерекшеленеді?
-
2.
Өрмекші туралы қандай аңыз білесіңдер?
-
3.
Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін қандай кенелерді атай аласыңдар?
-
4.
Шаянтәрізділердің өкілдерін атаңдар.
-
5.
Кененің дернәсілі қалай аталады?
-
6.
Кенелердің қандай түрлері бар?
-
7.
Құстарға зиян келтіретін кенені атаңдар. Ол қандай ауру туғызады?
-
8.
Мәдени өсімдіктерге зиян келтіретін кенені атаңдар.
-
9.
Жайылым кенесінің дернәсілі даму барысында неше иесін ауыстырады?
-
10.
Қышыма кене дегеніміз не?
-
11.
Беріші (беріш) кене дегеніміз не?
-
12.
Кене мен өрмекшінің ұқсастығы неде?
-
13.
Малда және адамда паразиттік тіршілік ететін кене қалай аталады?
-
14.
Нәзік бас кене қандай ауру туғызады?
-
15.
«Қотырды қасысаң — қаны шығар, киімді қақсаң — шаңы шығар» деген сөз қай кенеге қатысты айтылады?
-
16.
Буынаяқтыларға қандай жануарлар жатады?
Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту
1) Ассоциация әдісі
«Бунақденелілер» тақырыбы бойынша оқушылардың бұрыннан білетін ұғымдарын топтастырып, негізгі түсініктерді айқындау.
Негізгі ұғым
Бунақдене — жәндік.
Жіктелуі
Бунақденелілер — буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар.
Тірек-сызба арқылы
Тірек-сызбадағы белгілерді пайдаланып, жаңа материалды жүйелі түрде меңгеруге көшу.