Оқытудың нәтижесі

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Мақсаты

Мектеп ұстаздарын курс бағдарламасымен таныстыру, оқытудың 7 модулі туралы түсінік беру және оқу мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану. Сонымен қатар оқушыларды бітімге келуге, келісімге қол жеткізуге үйрету.

Міндеттері

  • Оқу мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді және оқытудың тиімді әдістерін пайдалану арқылы жаңа білімді игеру.

  • Топтық жұмыс нәтижесінде оқушылардың әртүрлі ұстанымдармен алмасуына ықпал ету.

  • Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылардың құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасай отырып, өз идеяларын ұсына білуіне және әртүрлі ұстанымдармен алмасуына жағдай жасау.

Оқытудың нәтижесі

Сабақ соңында әр мұғалім топтық жұмыстың маңызын түсінеді және оның оңтайлы тұстарын өз тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс АКТ СТО Оқытуды басқару және көшбасшылық

Күтілетін нәтиже

Білу

Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімін толықтырады.

Қолдану, түсіну және талдау

Мұғалім өз тәжірибесінде топтық жұмысты тиімді пайдалануға дағдыланады; оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін орынды қолдана алатынын көрсете алады. Топта бірлесе жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге үйренеді.

Бағалау

Өзін-өзі және өзгені бағалауды үйренеді.

Ресурстар мен құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта

  • Бейнеслайдтар

Бірлескен жұмыстарға негізделген тәсіл

  1. 1

    «Алтын топ ережесін» құру.

  2. 2

    Сергіту сәті.

  3. 3

    Ой бөлісу, пікір алмасу.

Коучинг сабағының жүру барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

  2. II. Топқа бөлу

    Мұғалімдерді түрлі-түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлу.

  3. III. Өзін-өзі таныстыру

    Мұғалімдердің қысқаша таныстырылымы.

  4. IV. «Алтын топ ережесі» және топтық жұмыстың талаптары

    Топтық жұмыстың маңызы, негізгі талаптары және ортақ келісім ережелерін бекіту.

  5. V. Сергіту сәті

    «Қызыл өрік» биі.

  6. VI. Постер қорғау

    Тақырып: «Акула балығы».

  7. VII. Рефлексия

    Мұғалімдердің сабақ бойынша ой қорытындысы және өз тәжірибесіне қатысты тұжырымдары.

  8. VIII. Кері байланыс

    «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы ұсыныс пен бағалау беру.