Милиционер тапсырмасы
Сабақ тақырыбы мен мақсаты
Тақырып
Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Сабақ мақсаты
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беріп қолдануға үйрету.
Міндеттер
- Сөз мағынасына қарай түрлерін еске түсіріп, қарама-қарсы мағыналы сөздерді табуға және оларды байланыстырып сөйлем құрауға қалыптастыру.
- Оқушылардың есте сақтауын, тілін және сөздік қорын дамыту.
- Тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға баулу; мамандық таңдау туралы ойландыру.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Ойын сабағы
Типі
Жаңа білімді меңгеру
Әдістері
Сұрақ-жауап, іздену, ой қорыту, көрнекілік әдісі, сәйкестендіру тесті.
Көрнекілік
Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелер.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу сәті
Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ ниетті тілекпен,
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен.
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу!
II. Ой қозғау
Біздің еліміз — Қазақстан Республикасы. Ел болашағы — білімді ұрпақ. Бұл сенім әр оқушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазақстан — жері кең, экономикасы мен мәдениеті дамыған мемлекет. Еліміздің одан әрі қарқынды дамуы үшін білімді, еңбекқор, мақсатшыл азаматтар қажет.
Біз бүгіннен бастап «әлі кішкентаймыз» демей, болашақ мамандық туралы армандап, мақсат қоя білуіміз керек.
- Қандай мамандықтарды таңдауға қызығасыңдар?
- Мемлекетіміздің гүлденуіне үлес қосуға дайынбыз ба?
III. Өткенді еске түсіру
Барлық мамандық иелері ұстаздан білім алады. Сондықтан алдымен мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударамыз.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Сынақ дорбасы»
- Сөз мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
- Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
- Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал келтір.
- Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге сөйлем құра.
IV. Мақсат қою кезеңі
Шахтердің тапсырмасы: «Ойлан, тап!» (дидактикалық ойын)
Мысалдарды шеше отырып, жаңа тақырыпты ашамыз:
Жаңа тақырып: Мағынасы қарама-қарсы сөздер
V. Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу
Жж — жақсы
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
VI. Жаңа сабақты пысықтау
Дәрігердің тапсырмасы: «Поэзия минуты» (7-жаттығу)
Қызғалдақтың қасына
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма
Шақты-ау ара оңдырмай.
Енді тимен оған мен,
Ісіп кетті бас, шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!
Қадыр Мырза Әли
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу: тәтті — ащы.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
Сергіту кезінде қолданылған қарама-қарсы сөздер: жоғары — төмен, алға — артқа, отыр — тұр.
Тігіншінің тапсырмасы: мақалдарды жатқа жазу (8-жаттығу)
Мейірімді алғыс алса, мейірімсіз қарғыс алар.
Ақылды іс тындырады, ақымақ тіс сындырады.
Тапсырма: мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сызу.
Скрипкашының тапсырмасы: «Сиқырлы сандық» (9-жаттығу)
Сандықтан сөздерді алып, оларға мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу:
Мейірімді — мейірімсіз
Жуас — асау
Қымбат — арзан
Сұйық — қою
Қашық — жақын
VII. Дәлелдеу
Суретшінің тапсырмасы (10-жаттығу): тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп жазып, пікіріңді дәлелде.
Сөз жұптары
Дәлелдеу үлгісі
«Жақсы» және «жаман» сөздері — мағынасы қарама-қарсы сөздер, өйткені олардың мағынасы бір-біріне қарсы, әрі екеуі де сын есім.
Сөз тіркестері (өз таңдауың бойынша)
- жақсы бала
- жаман адам
- оңай тапсырма
- қиын есеп
- үлкен үй
- кіші бөлме
VIII. Шығармашылық жұмыс
Милиционердің тапсырмасы: оқушылар 3 топқа бөлініп жұмыс істейді.
1-топ
Қарама-қарсы сөздер бар сөйлемдер жазу.
2-топ
Сәйкестендіру тестін орындау.
3-топ
Ішінде қарама-қарсы мағынасы бар жұмбақ немесе мақал-мәтел тауып жазу.
IX. Сабақты қорытындылау
Сатушының тапсырмасы: «Сиқырлы ұяшық» ойыны
Ереже
- 10: Сөз мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
- 20: Қандай сөздер қарама-қарсы мағыналы сөздер деп аталады?
Мақал-мәтел
- 10: «Білім» сөзіне байланысты мақал айт.
- 20: Жалғастыр: «Әдепті бала — арлы бала, …»
Түсіндірме сөздік
- 10: «Момын» сөзінің мағынасын түсіндір, қарама-қарсы сөз айт.
- 20: «Шық» сөзінің мағынасын түсіндір.
Әр түрлі
- 10: 1 желтоқсан қандай мереке?
- 20: «Жеті қазынаны» ата.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта не істедік?
Мамандық иелерінің тапсырмаларын орындап, білімімізді бекіттік және еліміздің гүлденуіне үлес қосудың мәнін түсіндік.
Оқушылар өз көңіл күйін дөңгелекшелер арқылы белгілейді.
X. Үй тапсырмасы
Күнделікті енді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді
Ұмытпай, есте сақтайық.
12-жаттығу (72-бет)
XI. Бағалау
Бағалау: қорап ішіндегі бағалар ашылып, оқушыларға үлестіріледі.