Қарама - қарсы мағыналы сөздер

Сабақтың тақырыбы

Қарама-қарсы мағыналы сөздер.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы түсінігін қалыптастыру.
  • Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Шығармашылыққа баулу, ойын жүйелі әрі нақты жеткізуге дағдыландыру.
  • Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Көрнекіліктер
Дидактикалық материалдар
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, әдебиеттік оқу
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Сабақтың басталуы

Психологиялық дайындық (өлең жолдары)

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Мақсатымыз — білім алу,

Міндетіміз — еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

«Беске» қолды жеткізу.

Автор туралы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Даниярова Айнұр Барлыковна.