Бірінші тілек тілеңіз
Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Ең шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың.
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шар-тарап,
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.
Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781)
Бұқар – өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс-шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау
Көркемсөз өкілдерінің шығармаларындағы имандылық идеясы
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі
Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғаулары
Бұқар жырау мен Дулат Бабатайұлының тәлім тәрбиелік идеялары
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Әдебиеттанудың философиялық әдістемелік мәселелері жайлы
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Ньютонның бірінші заңы.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар
Термо динамиканын бірінші бастамасы
Қайта құрылымдаудың бірінші кезеңі
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІД ҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Ш. Уәлихановтың бірінші саяхаты
Ауылдың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін Мәшекеңнің бейітінің ойдағыдай бітуіне тілектес болды десем артық айтқандық болмас
Ақтілек айтсын
Құлманов Бақтыгерей Ахметұлы (1859 - 1919) - бірінші шығыстанушы - қазақ, шығыс ғылымының кандидаты, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері