Оқушылардың Василий Сухомлинский туралы түсінігін кеңейту

Сабақтың тақырыбы

В. Сухомлинский — «Ақ шаш»

Сабақтың мақсаттары

1) Білімділік

  • Оқушылардың Василий Сухомлинский туралы түсінігін кеңейту.
  • «Ақ шаш» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
  • Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау.

2) Дамытушылық

  • Сабаққа қызығушылығын арттыру.
  • Ана туралы мақал-мәтелдер қорын молайту.
  • Қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту.
  • Сөздік қорын, ой-санасын дамыту.

3) Тәрбиелілік

  • Оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу.
  • Үлкенді сыйлауға баулу.
  • Анасын қадірлеуге үйрету.

Сабаққа қажетті ресурстар

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Презентация
  • Дидактикалық және таратпа материалдар
  • Т-кестесі

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Ой шақыру
  • Қорыту
  • Шығармашылық жұмыс
  • Диалог
  • Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Осындай жүрек жылуымен сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім

Балалар, бүгін біз топтық жұмыс істейміз. Үй тапсырмасына қандай тақырып берілді?

Оқушылар

«Достық өлкесінің заңы» (М. Шаханов). Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.

Оқушылар өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтып шығады.