Желілі жануарларға тән белгілерді ата

Сабақтың тақырыбы

Балықтар жоғары класы. Шеміршекті балықтар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды балықтардың сыртқы және ішкі құрылыстарымен, сондай-ақ олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.

Тәрбиелік

Балықтар туралы түсінік қалыптастыра отырып, оларды қорғауға баулу.

Дамытушылық

Сыртқы құрылыс белгілеріне сүйене отырып, шеміршекті және сүйекті балықтарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Сабақтың форматы

Әдістері

  • Өзін-өзі тексеру
  • Сұрақ-жауап
  • Суретпен жұмыс және басқа тәсілдер

Түрі және көрнекілігі

Сабақ түрі: Жаңа тарауды меңгерту.

Көрнекілігі: Мультимедиялық слайдтар, ылғалды препараттар, суреттер.

Сабақтың жүрісі

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару және үй тапсырмасын пысықтауға көшу.

2) Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары

  1. Желі қандай қызмет атқарады?
  2. Неліктен тип «желілілер» деп аталған?
  3. Желілілер қандай тип тармақтарға бөлінеді?
  4. Қай желілілерде желі мен жүйке түтігі өмір бойы сақталады?
  5. Желілі жануарларға тән белгілерді атаңыз.

3) Жаңа сабақты түсіндіру

Балықтар — сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы жануарлар.

Балықтарды зерттейтін зоология ғылымының саласы ихтиология деп аталады.

Бұл атау грек тіліндегі «ихтис» — «балық» сөзінен шыққан.