Оқушыларды бағдаршам арқылы бағалау

Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер

Оқу мақсаты

6.2.1.1 — мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау.

Сабақ мақсаты

  • Мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау жолдарын түсіну және қолдану.
  • Кодтау және декодтау әдістерін талдау.
  • Кодтау жүйесіндегі балама тәсілдерді қарастыру.

Бағалау критерийлері

  • 1 Ақпаратты шифрлау жолдарын түсінеді және қолданады.
  • 2 Криптография, шифрлау және дешифрлау әдістерін талдайды және пайдалана алады.
  • 3 Кодтау жүйесіндегі балама кодтау тәсілдерін қарастырады.

Тілдік мақсаттар және құндылықтар

Тілдік мақсат

Оқушылар мәтіндік ақпаратты шифрлау әдістерін меңгереді және терминдерді дұрыс қолданады.

Құндылықтарға баулу

  • Іскерлікке, нақтылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
  • Топта бірлесіп жұмыс істеу, пікір тыңдау және өзара құрмет арқылы білім алу.

Сабақтың құрылымы

Сабақтың басы

5 минут

Жылыту және топқа бөлу

Оқушылармен амандасу, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

«Өзіме тілек» тренингі

Түрлі түсті қағаздан ұшақ жасалады: бір қанатына оқушы өзіне тілек жазады, екінші қанатына үй тапсырмасын қайталауға арналған сұрақ жазады. Ұшақты ұшырған оқушы сыныптасына тілек айтып, сұрақ қояды.

Ұшып келген ұшақтың түсіне қарай топқа біріктіру: I топ — жасыл, II топ — сары, III топ — қызыл.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды.

Ресурстар: оқулық, стикерлер, смайликтер.

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

Теория + практика

1) Кластер құрастыру (топтық жұмыс)

15 минут

3 топ

I топ

«Шифрлау деген не?»

II топ

«Дешифрлау деген не?»

III топ

«Криптография деген не?»

Дескрипторлар

  • Шифрлау, дешифрлау, криптография ұғымдарының анықтамасын айтады.
  • Мысалдар келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау

Топтар бірін-бірі «басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

2) Деңгейлік тапсырмалар

Жеке жұмыс (дәптермен)

A / B / C

A деңгей

5 минут

Цезарь шифрын қолданып өз есіміңді шифрла. Шифрланған мәтінді және қолданған шифрды сыныптасыңа көрсет.

Есім

____________________

Шифр

____________________

B деңгей

Ұсынылатын уақыт: 5 минут

Алдыңғы тапсырмадағы шифрды пайдаланып сыныптасыңа хабарлама жаз. Оған хабарламаны дешифрлауды ұсын.

Сенің хабарламаң

____________________

Хабарлама шифры

____________________

Шифр мәтіні

____________________

C деңгей

Ұсынылатын уақыт: 5 минут

Әріптердің нөмірі бойынша кодталған сөздерді декодта.

Тізбек 1

13 11 42 11 13 34 44 11 43

Күтілетін сөз: Қазақстан

Тізбек 2

31 63 23 11 65 11 61 26

Күтілетін сөз: болашағы

Тізбек 3

32 11 34 44 11 24

Күтілетін сөз: жастар

Тізбек 4

72 63 23 26 43 71 11

Күтілетін сөз: қолында

Дескрипторлар

  • Цезарь шифрын қолданып өз есімін шифрлайды.
  • Шифрды пайдаланып сыныптасына хабарлама жазады және оны дешифрлай алады.
  • Кодталған сөздерді декодтайды.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар практикалық тапсырма нәтижесін «ауа райы» әдісі арқылы қорытындылайды.

3) Шифрлау әдістерін салыстыру (топтық жұмыс)

5 минут

Венн диаграммасы

Шифрлау әдістерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.

Дескриптор

Кодтау мен декодтауды салыстырып, Венн диаграммасы арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау

Топтар «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.

Ресурс: оқулық.

Сабақтың соңы

10 минут

Қорытынды және рефлексия

Тапсырма 3: «Жасырын сөздер»

Оқулықтағы №11 тапсырма (жеке жұмыс).

Дескриптор

Білгенін жинақтап, сөзжұмбақты шешеді.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар «бағдаршам» әдісі арқылы өз деңгейін көрсетеді.

Рефлексия: «Чемодан — еттартқыш — себет»

Оқушылар стикерге тақырып бойынша: қажетті ақпаратты — «чемоданға», әлі де оқу/толықтыру қажет тұсын — «еттартқышқа», артық деп санағанын — «себетке» жапсырады. Осы арқылы мұғалім сабақтан қандай білім алынғанын анықтайды.

Үй тапсырмасы

«Ақпаратты шифрлеу» тақырыбы бойынша өз ойыңнан кодтар кестесін құрастырып, сөздерді кодтап кел.

Ресурстар: оқулық, интербелсенді тақта.

Саралау, бағалау және қауіпсіздік

Саралау

  • Оқу қарқынына қарай деңгейлік тапсырмалар ұсынылады (A/B/C).
  • «Диалог және қолдау көрсету» тәсілімен кейбір оқушыларға нақты көмек беріледі.
  • Қабілетті оқушыларға: балама кодтау жүйелерін ізденіп, талдау бойынша қосымша тапсырма беріледі.

Бағалау тәсілдері

  • Смайликтер арқылы бағалау
  • «Басбармақ» әдісі
  • «Ауа райы» әдісі
  • «Екі жұлдыз, бір тілек»
  • «Бағдаршам» әдісі

Денсаулық және қауіпсіздік

Сабақ барысында техника қауіпсіздігі (ТҚ) ережелері үнемі еске салынып отырады. Құрал-жабдықтарды дұрыс қолдану және сыныптағы тәртіп сақталады.

Дереккөздер

Баспадан шыққан және электронды дереккөздер қолданылады.

Сабақ бойынша рефлексияға арналған сұрақтар

Сабақ мақсаты

  • Сабақ мақсаттары (оқу мақсаттары) шынайы әрі қолжетімді болды ма?
  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Жетпесе, не себепті?

Үдеріс

  • Саралау дұрыс жүргізілді ме?
  • Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма? Неліктен?

Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе

1: ____________________

2: ____________________

Оң ықпал ететін екі ұсыныс

1: ____________________

2: ____________________

Келесі сабаққа бағдар

Осы сабақ барысында сыныптың және жекелеген оқушылардың жетістіктері мен қиындықтары туралы қандай қорытынды жасалды? Келесі сабақтарда нені назарға алу қажет?