Түйе өлеңін мәнерлеп оқыту
Сабақ жоспары
Тақырыбы: «Төрт түліктің кеңесі»
Бұл жоспар мәтінді рөлге бөліп оқыту, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту және төрт түлікке қатысты еңбек түрлерін таныстыруға бағытталған.
Мақсаты
- Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқыту.
- Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
- Төрт түлікті бағып-күтуге байланысты еңбек түрлерін атату.
Көрнекілігі
Төрт түліктің суреттері.
Әдісі
Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, сахналау.
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа даярлық, көңіл күйді көтеру, оқу құралдарын түгендеу.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Түйе» өлеңін мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап алу.
-
III. Мақсат қою кезеңі
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін түсіндіру.
-
IV. Жаңа сабақ
Нұсқаулық
- Суретке зер салып, мәтіндегі тіркестерді қолдану.
- Мәтінді мәнерлеп оқу және рөлге бөліп оқыту.
Диалог
Мұғалім: Қандай үй жануарларын білесіңдер?
Оқушылар: Өздері білетін үй жануарларын атап шығады.
Мұғалім: Үй жануарларына жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр, сондай-ақ қаз-үйрек, ит пен мысық та жатады. Бүгін біз осының ішіндегі төрт түлік туралы сөз қозғаймыз.
Түсіндіру
Мұғалім төрт түлік ұғымын және халқымыздың неге «төрт түлік» деп атағанын түсіндіреді. Оқушылар өз түсінігін айтып, қысқаша әңгімелейді.
1-тапсырма: Жұмбақтардың шешуін тап
I
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
«Шөк» дегенде бұқ деген,
Апам үйін жүктеген.II
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.III
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.IV
Баласын құлын дейді,
Шабады, жүгірмейді.Жауаптары
Түйе, сиыр, қой, жылқы.
Мұғалім төрт түлікке қысқаша мінездеме беріп, пайдасын және халықтың оны қалай құрметтейтінін түсіндіреді.
Салыстыру: Адам мен малдың айырмашылығы
Оқушылар адам ойлайтынын, білім алатынын, сөйлейтінін; ал мал дыбыстайтынын айтып, өз ойларын дәлелдейді.
2-тапсырма: Жануарлар қалай дыбыстайды?
Әр жануарға сәйкес дыбысты сызба арқылы көрсет. Үлгі: Әтеш шақырады, мысық мияулайды.
Жануар Дыбысы Жылқы Кісінейді Сиыр Мөңірейді Қой Маңырайды Түйе Боздайды Сергіту сәті
Дос болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік,
Достық деген тамаша,
Міне, тұрмыз жараса.3-тапсырма: Төл атауларын ата
- Сиырдың төлі — бұзау.
- Жылқының төлі — құлын.
- Қойдың төлі — қозы.
- Түйенің төлі — бота.
Мақсат
Оқушылар төл атауларын дұрыс айтып, сөйлем ішінде қолдануға дағдыланады.
4-тапсырма: Әр жануарға мінездеме бер
- Түйе — шөлге төзімді.
- Сиыр — жуас, сүйкімді.
- Қой — момын.
- Жылқы — сұлу, жүйрік.
Оқушылар өз ойларын толық сөйлеммен айтып, жануардың қасиетін дәлелдеп көреді (мысал келтіру, салыстыру).
Қорытындылау
а) Еркелету сөздері
Ата-ана баласын жақсы көріп еркелеткенде төрт түліктің төл атауларын жиі қолданады:
- «Құлыным»
- «Қошақаным»
- «Ботақаным»
- «Ақ лағым»
ә) Төрт түліктің пайдасы (дәптерге сызба түрінде)
Жүнінен
Жасалатын бұйымдарды жаз.
Терісінен
Жасалатын бұйымдарды жаз.
Сүтінен
Әзірленетін тағамдарды жаз.
V. Сабақты қорыту
1) Сахналау
Жоғарыдағы мәтін бойынша көрініс (рөлдік оқу) ұйымдастыру.
2) Тіркестерді теріп жаз
Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді тауып жаз:
- Тұрмыс жағдайы төмен адам: «Қоры үзілген қуға бітем».
- Еңбекқор адам: «Шаруа қуған басқа бітем».
- Батыл, өжет адам: «Найза ұстаған ерге бітем».
- Шаруасы жақсы, дәулетті адам: «Ел ішіндегі зорға бітем».
VI. Үй тапсырмасы
Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу.
VII. Бағалау
Оқушының белсенділігі, дұрыс жауаптары және рөлдік оқудағы қатысуы бойынша бағалау.