Ондық бөлшектерге қолданылатын амалдар жөніндегі білімдерін тиянақтау
Шал ақын ауданы
Жалтыр негізгі мектебі
Математика пәні мұғалімі: Әбілова С. А.
Пән: Математика
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы
Ондық бөлшектерге қолданылатын амалдар
Сабақ форматы
- Әдісі: білім бекіту сабағы
- Түрі: тренинг сабақ
- Көрнекілік: интерактивті тақта, қима қағаздар, суреттер
Сабақтың мақсаты
- 1 Ондық бөлшектерге қолданылатын амалдар бойынша білімді тиянақтау.
- 2 Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру, шығармашылықты дамыту.
- 3 Жылдамдыққа және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
I. Қызығушылығын ояту
Ұйымдастыру
- Оқушыларды топқа бөлу.
- Бағалау парағын тарату.
Сюжеттік кіріспе: «Сиқырлы қақпа»
Алдымызда үлкен қақпа тұр. Қақпаның аузында сиқырлы құлып бар. Оны ашу үшін сан сәулесіндегі әріптердің координаталарын табуымыз керек (интерактивті тақтада көрсетіледі).
Жауабы
- A (1,2)
- B (0,6)
- C (2,85)
- D (1,9)
Координаталарды таптық — енді қақпаны ашайық (музыка ойналады).
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де, әлемді таң қалдырған бір Орда болыпты. Оны ақылды, білімдар Математика басқарыпты. Математика өз ордасына жалқаулар мен дымбілместерді кіргізбейді екен. Ендеше білімімізді көрсетейік: ол үшін Математиканың тапсырмаларын орындауымыз керек.
II. Мағынаны ажырату
Төмендегі тапсырмалар топпен орындалады (I, II, III, IV топтар).
1-тапсырма: теңдеуді шешу («Қытайша десерт» стратегиясы)
I топ
(1,28 + 3,72) · x = 0,75
Жауабы: x = 0,13
II топ
(x + 3,29) · 5 = 42,35
Жауабы: x = 5,18
III топ
14,85 : x − 3,57 = 1,38
Жауабы: x = 3
IV топ
163,21 : x + 18,31 = 42,31
Жауабы: x = 6,8
2-тапсырма: өрнектің мәнін табу
Тапсырма интерактивті тақта арқылы көрсетіліп, сыныппен бірге орындалады.
3-тапсырма: сурет бойынша болжау
Әр топқа суреттер таратылады. Оқушылар болжау жасау арқылы есептер құрастырып, оларды шығарады.
4-тапсырма: ондық бөлшек түрінде жазу
Тапсырма интерактивті тақтада көрсетіледі.
Біз Математиканың ондық бөлшектерге байланысты тапсырмаларын орындадық — енді Орда қақпасы ашылды.
III. Ой толғаныс
Алдымызда Математиканың әлі ашылмаған талай сыры мен құпиясы бар. Жақсы оқу арқылы білімімізді тереңдетіп, үздіксіз ізденуіміз керек.
Тапсырмаларды орындай отырып, нені үйрендік? Ендеше негізгі ережелерді жинақтап, тұжырымдайық.
Үй тапсырмасы
- №1568
- №1574
- Шығармашылық жұмыс: амалдар туралы бес жол өлең жазу.
Бағалау
Әр топ бағалау кестесіне сүйене отырып, орындалған тапсырмалар бойынша өзара бағалау жүргізеді.
Сыйлыққа апарар соңғы шарт
Математика патшалығы еңбектеріңіз үшін сыйлық дайындапты. Сыйлықты табу үшін бір шарт бар: есепті тез әрі дұрыс шығарсақ, сыйлық ашылады. Есеп нәтижесінен бір оқушының аты шығады — сыйлық сол оқушыда жасырылған.
Есеп: үтірді дұрыс қой
Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қой.
- 43 + 17 = 6 М
- 37 + 586 = 956 Ұ
- 5 + 999 = 1499 С
- 83 + 388 = 8688 А
Конверттегі сыйлықта «4» және «5» бағалары бар. Әр топ бағалау кестесіне сүйеніп, өз тобының қорытынды бағасын шығарады. Сыйлықтар таратылады.
Математика патшалығының тілегі
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік
Жеткізсін сіздей өренді
Математика сырына.