Мәтінді жоспар бойынша түсіндіру

Пәні: Ана тілі (3-сынып)

Бұл сабақ жоспары Сапарғали Бегалиннің «Мейірім» мәтіні арқылы оқушылардың түсіну, ой қорыту, салыстыру және адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сабақтың тақырыбы

Мейірім

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    С. Бегалиннің «Мейірім» мәтінінің мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын анықтату.

  • Дамытушылық

    Негізгі ойды табуға, сипаттама мен мінездеме беруге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік

    Оқушыларды адамгершілікке, жанашырлық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Суреттер, суреттер топтамасы

Дидактикалық материалдар

Таратпа материалдар

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Түсіндіру Салыстыру «Даналық ағашы» Тест сұрақтары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сабақ мақсатын қысқаша таныстыру.

II. Өткенді пысықтау (Абай мен Әбіш)

Талқылау сұрақтары

  1. Абай кім? Ол туралы не білесің?
  2. Әбдірахман кім? Әкесі оны қалай атады?
  3. Әкесі баласын қалай сынады? Әбіш қалай жауап берді?
  4. Саған кімнің жауабы ұнады? Сен қалай жауап берер едің?

III. Жаңа сабақ

1) Суреттер топтамасы арқылы таныстыру

Сапарғали Бегалин — балалар жазушысы (1895–1983).

Шығармалары: «Сәтжан», «Шоқан асулары», «Әңгімелер» және т.б.

2) Сөзжұмбақ

Шешуі: Шоқан.

3) Мәтінді жоспар бойынша меңгерту

  1. Шоқанның әкесі туралы
  2. Көрші ауылдың жылқышылары
  3. Егіншілер
  4. Шоқанның іс-әрекеті
  5. Шегеннің ашуы
  6. Шыңғыстың ауылы
  7. Мейірім
  8. Риза болу

4) Тізбектей оқу

Мәтінді түсініп оқу, кезекпен дауыстап оқыту.

5) Сөздік жұмысы

Мәтіндегі жаңа сөздерді түсіндіру, мағынасын сөйлем ішінде қолдану.

6) Сұрақтар мен тапсырмалар

Оқиға желісін анықтау, себеп-салдар байланысын талдау.

7) Мінездеме беру

Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы мінезін сипаттау, дәлел келтіру.

8) Ой қозғау: «Кімдікі дұрыс?»

Оқушылардың пікірін тыңдап, әр жауапты мәтінмен дәлелдету арқылы әділ бағалауға бағыттау.

9) Сипаттау (сызба арқылы)

қарапайым адал шыншыл ақылды мейірімді

Нысана: Шоқан бейнесін мәтіннен мысал келтіре отырып ашу.

10) Бөлімдерге бөлу, ат қою

Мәтін құрылымын ажыратып, әр бөлікке мазмұнды атау беру.

11) Мағыналық қатар құру

«Өрескел», «өктемдік», «содырлық» сөздеріне мағыналас сөздерді табу және сөйлем құрастыру.

12) Тест тапсырмалары

1. Шеген ауылының жылқышылары егіншілерге не істеді?

  • A) жақсылық
  • Ә) үстемдік
  • Б) мейірімділік

2. Оларға кім араша түсті?

  • A) Шеген
  • Ә) Жазықбай
  • Б) Шоқан

3. Шоқан егіншілерге қандай сезім білдірді?

  • A) аяушылық
  • Ә) реніш
  • Б) қаталдық

4. Әкесі Шоқанның ісін қалай бағалады?

  • A) қате
  • Ә) дұрыс
  • Б) дұрыс емес

5. Шыңғыс Шегенге неге қарсылық білдірмеді?

  • A) қорықты
  • Ә) сескенді
  • Б) аға деп сыйлады

13) Топтық сайыс және қорытынды

Топтық жұмыс арқылы негізгі ойды жинақтау.

«Даналық ағашы» тәсілімен сабақ мазмұнын қорытындылау.

Бағалау, үй тапсырмасын беру.