Ауыл қаланың қасында

Сынып: 4 Тақырып: Ауылдағы еңбек

Бұл сабақ жоспары оқушылардың қарапайым сұрақтарға толық әрі жүйелі жауап беруін, ауылдағы еңбек туралы ойларын байланыстырып айтуын және ауызша-жазбаша тіл дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге баулу.
  • Грамматикалық тақырыпты әртүрлі тапсырмалар арқылы қайталау.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдыларын ұштау, сұраққа толық әрі жүйелі жауап беруге дағдыландыру.
  • Ауызша және жазбаша тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Еңбексүйгіштікке және өзара қол ұшын беруге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың сөздік қоры жаңа сөздермен толығып, сауатты сөйлеу және жазу дағдылары, ойлау қабілеті дамиды. Олар салыстырып, талдауға үйренеді.

Түйінді идея

  • Ауыл адамдары туралы өз ойын еркін жеткізе білу.
  • Табиғатқа сүйіспеншілікті ояту.

Сабақ кезеңдері

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, психологиялық ахуал қалыптастыру: «Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне жақсы сөз айту.
  • Тілдік ортаға енгізу үшін сұрақ-жауап жүргізу.

Үлгі сұрақтар

  • Сен қай Республикада, қай облыста тұрасың?
  • Шығыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?
  • Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың? Қай мектепте оқисың?
  • ҚР рәміздерін ата.

2) Фонетикалық шынықтыру және топқа бөлу

«Адасқан әріптер» ойыны

Шашылған әріптерден сөз құрау, қазақ тіліне тән әріпті табу және сипаттама беру. Құрастырылған сөздер арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.

өзен ұшқыш егін

Бағалау парағы

Бағалау парақтарының талаптары түсіндіріліп, оқушыларға таратылады.

Ашық және жабық сұрақтар

  • Ұшқыш қайда жұмыс істейді?
  • Ұшқыш болу үшін не істеу керек?
  • Қазақстанда қандай өзендер бар? Біздің қалада ше?
  • Егін егу қашан басталады? Көктемде қандай жұмыстар атқарылады?

«Даналық ағашы» тәсілі

Оқушылардың назары «Даналық ағашына» аударылады: мұғалім «Мен де ағаш ектім. Сабақ соңында ағашымыз қалай жапырақ жаятынын көреміз» деп мотивация береді.

3) Үй тапсырмасын тексеру

«Ауылда» сөзіне әр топқа кластер беріледі. Оқушылар бірін-бірі «бағдаршам» түстері арқылы қалыптастырушы бағалап, жауаптарын толықтырады.

4) Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушылар сөйлемдерді тыңдап, алдарындағы суретке қарап, тақырыпты өздері ашады.

Тыңдалымға арналған сөйлемдер

  • Менің атам мен әжем ауылда тұрады.
  • Ауыл қаланың қасында.
  • Ауылда егін егеді, мал бағады.
  • Менің анам фермада жұмыс істейді.

Талқылау сұрақтары

  • Ауылда қандай мамандық иелері бар?
  • Олар не істейді?
  • Нені білуіміз керек, нені үйренуіміз керек?

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ауылдағы еңбек тақырыбын ашады (мысалы: дәрігер, сатушы, мұғалім, сауыншы; барлығы да еңбек етеді).

5) Сөздікпен жұмыс

Озат
передовой
Еңбекқор
трудолюбивый
Көмектестік
помогли
Жем
корм
Жарық
светлый

Бекіту тәсілдері

  • Сөздерді тізбектей және жұппен оқу.
  • Қазақ тіліне тән әріптерді табу, сипаттама беру.
  • Буынға бөлу, жуан-жіңішкелігін ажырату.
  • Сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.
  • «Күн мен түн», «Кім шапшаң?» ойындары арқылы қайталау.

6) Мәтінмен жұмыс

1-топ

Мәтінді оқиды және аударады.

2-топ

Мәтінді мазмұндайды.

3-топ

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

3-топ дайындаған сұрақтарды қалған топтарға қояды. Топтар жауап беріп, бірін-бірі толықтырады.

7) Топтық жұмыс

1-топ: Венн диаграммасы

Қала мен ауылды салыстыру.

2-топ: Деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмаларды деңгейіне қарай орындау.

3-топ: Тілдік талдау

Мәтіннен зат есімдерді теріп жазу.

1-топ жұмысын тақта алдында қорғайды. 2–3-топтардың жұмысын топ басшылары тексеріп, бағалайды.

8) Рефлексия: «Даналық ағашы»

Оқушылар келесі сұрақтарға қысқаша жауап жазып, «Даналық ағашына» жапсырады:

  • Сабақта маған не ұнады?
  • Несімен ұнады?
  • Не ұнамады?
  • Бүгінгі сабақтағы еңбегім қандай болды?

Ағаштың «жайқалып кетуі» — сабақтағы белсенді жұмыс пен ортақ еңбектің нәтижесі. Оқушылар өз еңбегін бағалап, өзіне жылы сөз айтады.

Үй тапсырмасы

Деңгейлік тапсырмалар.

Бағалау

Топ спикерлері бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.