Көңілді смешариктер (орыс тілі элементтерімен дене шынықтыру сабағынан танымдық - интеграциялық сабақ)Білім беру саласы

Көңілді смешариктер: орыс тілі элементтерімен дене шынықтыру сабағынан танымдық-интеграциялық сабақ

Білім беру саласы

Денсаулық, қатынас.

Бөлімі

Дене шынықтыру, орыс тілі.

Мақсаты

  • Ойын іс-әрекеті арқылы балалардың орыс тілін меңгеруіне ықпал ету.
  • Ойлау қабілетін дамыту және сабаққа қызығушылықтарын ояту.
  • Екі тілде түстерді ажыратуға және санауға үйрету.
  • Балалардың таным көкжиегін кеңейту.

Сабақтың барысы

Көңіл көтеру сәті

Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!

(Балаларға ертеңгілік көтеріңкі көңіл күй сыйлау.)

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Енді көтеріңкі көңіл күймен дене шынықтыру сабағын бастайық. Ең алдымен сергіту жаттығуларын орындап, шынығып алайық.

(«Қара жорға» әуенімен жалпы дамыту жаттығулары орындалады.)

Сұрақ-жауап

Сұрақ

Балалар, сендер «Көңілді смешариктер» еліне саяхатқа барғыларың келе ме?

Жауап

Иә!

Тәрбиеші

Ендеше, саяхатқа шығу үшін біз екі тілде де сөйлей білуіміз керек. Сонда ғана «Көңілді смешариктер» еліне барып, түрлі ойындар ойнап, кедергілерден өте аламыз.

Балалар

Біз екі тілді де меңгердік. «Көңілді смешариктер» еліне барудан қорықпаймыз!

Тәрбиеші

Ендеше, ұшаққа мініп, саяхатқа аттанайық!

(Балалар көздерін ашқанда, түрлі-түсті шарлардың арасында тұрады.)

Саяхат кезеңдері

1-кезең

Қанеки, санап көрейік

Балалар шарларды алдымен қазақ тілінде, содан кейін орыс тілінде санайды.

2-кезең

Менің сүйікті түсім қандай?

Балалар түстерді ажыратады және оларды екі тілде атайды.

3-кезең

Менің көңіл күйім

Шарларда бейнеленген көңіл күйлерді балалар өз бет-әлпет қимылдарымен көрсетеді.

4-кезең

Біз батырмыз, батылмыз

Балалар шарларды жарып, тапсырманы орындайды.

Қорытынды

Жарайсыңдар, балалар! Біз «Көңілді смешариктер» еліндегі барлық тапсырманы орындадық. Енді өз балабақшамызға қайтайық.

(Балалар көздерін ашқанда, балабақшадағы дене шынықтыру сабағына қайта оралады.)

Енді сабағымызды аяқтаймыз: бір қатар болып сапқа тұрамыз, оңға бұрыламыз, сапты бұзбай өз тобына қайтамыз.