Бұзау сөзіндегі жуан дауысты дыбыстарды тап
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Жуан дауысты дыбыстарды меңгерту, ажырата білуге үйрету.
- Өлеңді шапшаң әрі мәнерлеп оқуға төселдіру.
- Әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық
- Сөйлеу әрекеттерін және ой-өрісті дамыту.
- Сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, тіл байлығын арттыру.
- Танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Үй жануарларының пайдасын түсіндіру.
- Жануарларды аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Назар аударту
- Оқушылардың көңіл күйін байқап, сабаққа бағыттау.
- Сабаққа психологиялық дайындық жасау.
Жылы тілек шеңбері
Оқушылар бір-бірінің қолын қысып, жүректен шыққан ізгі тілектерін айтады:
- Ақылды бол!
- Инабатты бол!
- Өтірік айтпа!
- Шыншыл бол!
- Үлкеннің алдын кеспе!
- Ата-анаңды сыйла!
Қайталау сұрақтары
- Әріп деген не? Қазақ тілінде неше әріп, неше таңба бар?
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады?
- Сөйлем деген не? Сөйлемнің басы қалай жазылады? Соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?
- Дауысты дыбыстарды ата.
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қолдау сөздерімен ынталандырылады.
II. Ой ашар: «Ойлан тап» кестесі
Оқушыларға өрнектер берілген кесте ұсынылады. Әр өрнектің мәнін тауып, жанындағы әріпті шыққан нөмірге сәйкес торкөзге орналастырады. Соңында бүгінгі жаңа тақырып шығады.
Негізгі ұғым
Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз. Айтылғанда ауа өкпеден кедергісіз шығып, тек үннен тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.
Дауыстылардың түрлері
Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып екі түрге бөлінеді.
Жаттау
Кестедегі жуан дауысты әріптерін оқып, есте сақтаймыз.
Тақтамен жұмыс
Бүгінгі тақырып аясында сөздерден жуан дауысты дыбыстардың әріптерін тауып, талдаймыз.
III. Оқулықпен жұмыс
29-жаттығу: мәтінді көшіріп жазып, жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.
IV. Сергіту сәті және тіл дамыту
«Мал қалай дыбыстайды?»
Сәйкестендіру тапсырмасы арқылы жануарлардың дыбыстауын табамыз.
Жұмбақ
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияқты бар.
Жауабы: сиыр
Сұрақ: Сиырдың пірі (атасы) кім? Жауап: Зеңгібаба.
«Ақ бұзау» өлеңі
Зеңгібабаға құрмет ретінде «Ақ бұзау» өлеңін тізбектей, мәнерлеп оқимыз.
Сиырдың пайдасы
Сиырдың еті мен сүті — тағам. Сүтінен көптеген өнім алынады: құрт, май, айран, қаймақ, сүзбе, ірімшік. Оқушылармен бірге пайдалы қасиеттерін талқылаймыз.
Шығармашылық тапсырма (жұмбақ өлеңдер)
«Мө-ө» деп сүт сұрайтын, (бұзауқаным)... қайдасың?
Күнде берем сүтіңді.
Ойнақтап жүріп құлайтын.
Жауабы: бұзау
Менің атам бақты оны,
Үстінде бар ақ тоны.
Ол не? — төлдің бозымы,
Білемін ғой... (қозыны).
Жауабы: қозы
Ащыдан басқа жемейтін,
Ыстық шөлде отаны.
Шөлдесе «су» демейтін,
Кім біледі... (ботаны).
Жауабы: бота
Өнері бар сан қилы,
Тастан-тасқа қарғиды.
Ол не? — шұнақ құлақты,
Білемін ғой... (лақ).
Жауабы: лақ
V. Бекіту: топтық жұмыс
I топ
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
- Жуан дауысты дыбыстары бар бірнеше сөз келтір.
II топ
- «Бұзау» сөзіндегі жуан дауысты дыбысты тап.
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
III топ
- Айран, қаймақ, құрт, май сөздеріндегі жуан дауысты әріптердің астын сыз.
- Өзіңе ұнаған бір сөзбен сөйлем құрастыр.
IV топ
- Сиырдың төлі қалай аталады?
- Бұзаудың суретін сал.
Қорытынды
Еліміздің ертеңгі әл-ауқаты мен экономиканың даму деңгейі — білімді ұрпақ пен еңбекқор елдің қолында. Ел дамуы үшін ауыл шаруашылығын, соның ішінде төрт түлікті көбейтіп, өсіріп-бағуға мән беру маңызды. Төрт түлікке бай, берекелі ел болу — ортақ мақсат.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, білім нәтижесіне сай бағаланады.
Үй тапсырмасы
Жаттығу
28-жаттығу: орындап келу.
Мәнерлеп оқу
«Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу.