Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті №80 мектеп-гимназиясы
I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: Файзуллаева Құралай Жүрекбайқызы
Тақырыбы: «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»
Мақсаты
а)
Ардагерлердің өмір жолын оқушыларға үлгі ету. Әңгімелерінің мәнін ұғына білуге, үлкендерді сыйлап, құрметтеуге, атаның батасын, ананың алғысын ала білуге үйрету.
ә)
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және сөйлеу мәдениетін дамыту. Белгілі бір мамандыққа баулу, өзін-өзі ұстау әдебін қалыптастыру.
Форматы
Түрі
Кездесу кеші.
Әдісі
- Пікір алмасу
- Сұрақ-жауап
- Образға ену
- Зерттеу
Ресурстар
Көрнекілігі
Ардагерлер туралы жазылған қанатты сөздер.
Техникалық құрал
Мультимедиа.
Іс-шара барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып бөлмесін тәрбие сағатына әзірлеу.
- Қонақтарды қарсы алу және қабылдау.
2) Кіріспе
Мұғалімнің кіріспе сөзі айтылады. Сахнада күй ойналып тұрады.
- Ардагерлерге арналған өлең оқу.
- Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.
3) Негізгі бөлім
Әдеби-музыкалық монтаж (I бөлім)
1-оқушы
Зерделеп өнегені бала жастан,
Ұстаз болып жаралған әуел бастан.
Жылы жүрек, жүзінде мейірім-шуақ,
Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан.
2-оқушы
Ұстаз – ол, қырық жылдай еңбек еткен,
Ұрпағы үшін аянбай терді төккен.
Қаншама шәкірттерге білім беріп,
Бар өмірі баламен бірге өткен.
3-оқушы
Ел тыныш, жүріп жатырсыз ортамызда,
Құрметпен қол жаямыз батаңызға.
Шүкір дейді ақ шашты ардагерлер,
Айналар өмірі үлгі, аты аңызға.
«Ұстаздық – ұлы мамандық!»
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылады.
Қонақтарды таныстыру
Кеш қонақтары таныстырылады, олардың еңбегі мен тәжірибесіне құрмет көрсетіледі.
Ән
Әдеби-музыкалық монтаж (II бөлім)
4-оқушы
Көңілде өткен күннің елестері,
Сырласып құрбылармен тең өскені.
Ән шырқап талай тойды бірге өткізген,
Кездері кеше ғана емес пе еді?
5-оқушы
Бәрі де қандай еді жас шағында,
Уақыт қалай өткен қас қағымда.
Кездері кеше еді ғой жарқыраған,
Жұлдыз боп әр ауылдың аспанында.
6-оқушы
Жастықтың түспей жасыл туы қолдан,
Құлпырған қырдың қызыл гүлі болған.
Кездері кеше еді ғой әр ауылдың,
Жарқырап жанған көкте күні болған.
Сұхбат және интерактив
«Бәйтерек» газетінің тілшісі Қазиев Жеңістің ардагерлермен сұхбаты
- Ардагерлерге сұрақтар қою.
- Тренинг: «Сиқырлы таяқша».
- Ойын: «Жұбыңды таңда» — оқушылар жұп таңдай отырып, салауаттылыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысады.
Терме
«Балаларыма өсиет» термесі орындалады.
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: «Қарты бардың – қазынасы бар»
Орындаған: Отарбаев Дәурен
4) Қорытынды
«Бәйтерек» тілектер бұрышы
«Жапырағын жайған бәйтерек, тереңге тартқан тамырын» идеясы бойынша оқушылар бәйтерек ағашына арнап тілектерін жазады.
Батамен ер көгерер
Ардагерлерден бата сұралып, ізгі тілекпен қорытындыланады.
Хор
«Ұстазым» әні хормен орындалады.