Шешуі химиялық элемент

Сыныптан тыс жұмыс: «Ерлікке тағзым» зияткерлік ойыны

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл ауылы, №11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі КММ. Химия пәні мұғалімі — Тлеуова Шайзат Дюсеновна.

Тақырыбы

«Ерлікке тағзым». ХХІ ғасыр көшбасшысы форматындағы зияткерлік ойын.

Мақсаты

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыс арқылы оқушылардың таным көкжиегін кеңейту, ғылымға қызығушылығын арттыру және елін, жерін құрметтеп-қастерлеуге тәрбиелеу.

Жүргізушілер мәтіні (кіріспе)

1-жүргізуші: Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Ерлікті қастерлеген елміз. Кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін өз өмірін қиған әкелеріміз бен ағаларымызды, аналарымыз бен апаларымызды, майдан даласында жау оғынан мерт болған кінәсіз сәбилерді еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық.

Үнсіздік минуты: 1 минут

Осы сәтте зал тынышталады.

1-жүргізуші: Бүгінгі жетістігіміз — Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған тағзым. Ойынның көрермендері мен қатысушыларына сәттілік тілейміз!

2-жүргізуші: Жаратылысты танып-білуде химияның орны ерекше. Табиғаттағы заттар мен құбылыстарға түсінік қалыптастыруға ұмтылған ата-бабамыз затқа ат беріп, танып, құрамын біліп, құрастырып, сипаттап, себебін түсіндіріп, тәжірибеде қолдана білді. Уақыт өте ғылым салалары жіктеліп, бірін-бірі толықтырып дамыды.

Танымдық сұрақтар жаратылыстану негізіндегі пәндерден де беріледі: физика, биология, география, математика. Ойын бөлімдері: «Бәйге», «Тіл-өнер», «Жеті ғажайып», «Дода», «Жорға».

Қатысушыларды іріктеу

Қатысушылар көрермендер арасынан таңдалады. 8–11-сынып оқушылары сұрақтарға нақты жауап берсе, ойыншы ретінде қатысып, тіпті көшбасшы атана алады.

№1 ойыншы

Сұрақ: «Жеті ғаламшар элементін атаңыз»

Жауабы: алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, сынап, темір.

№2 ойыншы

Сұрақ: «Жеті ғаламшар элементінің орысша атауы»

Жауабы: золото, серебро, медь, свинец, олово, ртуть, железо.

№3 ойыншы

Сұрақ: «Жеті ғаламшар элементінің халықаралық атауы»

Жауабы: aurum, argentum, cuprum, plumbum, stannum, hydrargyrum, ferrum.

№4 ойыншы

Сұрақ: «Элементтердің алғашқы (тарихи) түсіндірмелі атауы»

  • Au — «таң шапағы»
  • Ag — «ақ жылтыр»
  • Cu — «Кипр»
  • Pb — «қалайы»
  • Fe — «қамал»
  • Hg — «сұйық күміс»
  • Sn — «қатты, берік»

№5 ойыншы

Сұрақ: «Түркістандағы киелі Тайқазан құймасына енген металдарды атаңыз»

Жауабы: алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, мырыш, темір.

№6 ойыншы

Сұрақ: «Сілтілік металдарды атаңыз»

Жауабы: литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций.

Ескерту: бұл тізім сілтілік металдарға жатады (сілтілік жер металдары емес).

Әр бөлімнен кейін ұпайы аз ойыншылар ойыннан шығады. Соңына дейін екі ойыншы жетуі мүмкін. «Жорға» бөлімінен кейін жеңімпаз — КӨШБАСШЫ анықталады.

I бөлім — «Бәйге»

Ережесі: берілген сұраққа кім бірінші жауап берсе, сол ойыншы 10 ұпай алады. Барлығы — 10 сұрақ.

  1. 1. Денесінде қышқылы бар жәндік — құмырсқа.

  2. 2. Ежелгі Мысырдан 4000 жыл бұрын табылған, қола дәуірінен белгілі элемент — қалайы.

  3. 3. Ең үлкен үш таңбалы сан — 999.

  4. 4. Сәрсенбіден кейін 3 тәуліктен соң қай күн? — жексенбі.

  5. 5. 1 кг мыс ауыр ма, 1 кг қант ауыр ма? — тең.

  6. 6. Қан қысымын өлшейтін аспап — тонометр.

  7. 7. Қар мен жаңбыр сулары неге дәмсіз? — табиғи тұз ерітінділері жоқ.

  8. 8. Кремнийдің көміртекпен қосылысы — карборунд.

  9. 9. Ең жоғары деңгейде дамыған примат — адам.

  10. 10. Сұйық майда болатын қанықпаған қышқыл — олеин қышқылы.

II бөлім — «Тіл-өнер»

Бұл бөлімде жұмбақтар мен мақал-мәтелдер беріледі. Шешуі — химиялық элемент. Ойыншы элементтің халықаралық атауын, таңбасын, қазақша атауын айтуы тиіс.

№1

«… тапсаң — санап ал.»

Жауабы

Алтын — Auaurum (алғашқы түсіндірме: «таң шапағы»).

№2

«Сыныптан бір шықпайды, Тимесең жұқпайды. Жәрдемінсіз бұл заттың Оқушы сабақ айтпайды.»

Жауабы

Бор — B — бор (алғашқы түсіндірме: «бура тұзы»).

№3

«Антониміне “көп” сөзінің, Тілсіз “жау”-ды тіркесең, Көз алдыңда мен сенің Тыңайтқышқа айналам.»

Жауабы

Азот — Nnitrogenium (алғашқы түсіндірме: «селитра тудырушы»).

№4

«1-буыным — сұрау есімдігі, 2-буыным — сан есімдігі. Қос буынды біріктірсең, Газға айналып шыға келем.»

Жауабы

Неон — Ne — неон (алғашқы түсіндірме: «жаңа»).

№5

«Ағаш кессең — ұзын кес, Қысқартуы оңай. … кессең — қысқа кес, Ұзартуы оңай.»

Жауабы

Темір — Feferrum (алғашқы түсіндірме: «қамал»).

№6

«Сілтілік металл өкілі, 11-ші реттік нөмірі. Су бетінде безектеп, От шашып жүріп жүзеді.»

Жауабы

Натрий — Nanatrium (алғашқы түсіндірме: «сода тұзы»).

№7

«III валентті элементпін тумысымда, III период, III топта тұрамын да. Өндірілген Кереку зауытында Күмістен қымбат болдым алғашында. Қолданылам халықтың бар тұрмысында.»

Жауабы

Алюминий — Alaluminium (алғашқы түсіндірме: «ашудас»).

№8

«Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық, Қайнатсаң да отынды үйіп, буланбас. Суықты да, жылуды да көрсететін анық, Градусникке құйылса — содан құрал жасар.»

Жауабы

Сынап — Hghydrargyrum (алғашқы түсіндірме: «сұйық күміс»).

III бөлім — «Жеті ғажайып»

Ұпай саны сұрақтың қиындығына қарай беріледі. Ойыншы ұсынылған ұпайлардың ішінен өз қалауынша таңдайды: 20 / 30 / 40.

20 ұпай

  • «Қараңғы» сөзінің антонимі — жарық.
  • Орыс тілінде неше септік бар? — алты.
  • «Экология» сөзінің мағынасы: эко — табиғат, логос — ілім.

30 ұпай

  • Қазақстан жерінде ертеде тіршілік еткен чудь тайпасы Имантау кен орнында өндірген металл — қорғасын.
  • Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент — мырыш.
  • Сүйекті қатайтатын элемент — кальций.

40 ұпай

  • Тұрмыстық газ неге иісті, ал табиғи газ неге иіссіз?

    Табиғи газдың өз иісі болмайды. Қауіпсіздік үшін тұрмыста қолданылатын газға арнайы иісті зат қосылады.

  • Берілген заттармен тұрмысқа қажетті қандай өнім алуға болады?

    Үстел үстіндегі алабота, сексеуіл күлі (сілті көзі), сүйек, сіріңке, тоң май, қазан су сияқты заттарды пайдаланып сабын алуға болады. Ойыншы сабын жасаудың негізгі технологиялық кезеңдерін түсіндіреді.

  • «Патша шарабы» дегеніміз не?

    «Патша шарабы» (патша сұйықтығы) — 1 бөлік HNO3 пен 3 бөлік HCl қоспасы. Бұл атау «металдар патшасы» саналатын алтын осы қоспада еритіндіктен берілген.